2018 жылдың ең маңызды оқиғалары 29 Желтоксан 20182018 жылдың қорытындысына орай отандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің экономикалық ахуалы жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, Елбасы баспана, шетелдік инвестициялар мен туризм мәселесіне қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді.
Қазақстанның 9 өңірінде еңбек өнімділігі өсті – министр29 Желтоксан 2018
Еңбек өнімділігі еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жетекшілік ететін экономиканың негізгі салалары бойынша биыл бірінші жартыжылдықта оң динамика байқалады. Көлік саласында көрсеткіш - 3,1%, құрылыста - 9,3%,өнеркәсіпте көрсеткіш 4,3%-ке өсті. Еңбек өнімділігінің жылдық қорытындысы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
2018 жыл: Мәдениет пен спорт саласының жетістігі28 Желтоксан 2018ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының тиімді жалғасы ретінде Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында аталып өткен тапсырмаларын орындау тұрғысынан 2018 жылдағы мәдениет және спорт салаларын дамыту қорытындылары туралы мәлімдеді.
Мемлекеттік органдар тиімділігін арттыру бойынша ауқымды жұмыс жасап жатыр – Ә.Ахметов28 Желтоксан 2018Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында азаматтардың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік аппаратты дамыту бойынша міндет қойған. Мемлекеттік органдар жаңашылдықтар енгізуде. Алайда, бүгінгі күнге бұл жеткіліксіз.Мемлекеттік қызметшілерге қалай өзгеру қажет? Аталмыш сұраққа ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Әлтаир Ахметов жауап беріп көрді.
ЕАЭО-ның цифрлық саудасы қалай дамиды28 Желтоксан 2018 Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕАЭО цифрлық саудасын дамыту және 2019-2021 жылдарға арналған ЕАЭО цифрлық саудасын дамытудың жол картасы бойынша ұсыныстарды талқылауға қатысты жиын өтті. Одаққа мүше 5 мемлекеттің (Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей) өкілдері құжаттарды әзірлеу дәрежесіне жоғары баға берді. Осы ретте мемлекеттік органдар тарапынан да, бизнес тарапынан да жою қажет болатын ескертулер айтылды.
Жастар жылын атап өтуде формалдық көзқарастан аулақ болу қажет – Қ.Тоқаев27 Желтоксан 2018Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының 2018 жылғы қорытынды отырысы болды. Парламент жоғарғы Палатасының Төрағасы 2018 жыл қоғамдық-саяси маңызы зор оқиғалармен тарихта өзінің лайықты орнын алатынын атап өтті. Депутаттар корпусы Президент Н.Назарбаевтың халықтың өмір сапасын жақсарту жолындағы маңызды бастамаларын іске асыру жұмысына белсене қатысты.
Салықтық рақымшылық - кәсіпкерлерді қолдаудың пәрменді механизмі27 Желтоксан 2018Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды және айыпұлды есептен шығару жөнінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізу туралы тапсырма берді. Осыған байланысты салықтық рақымшылықты жүргізу үшін Қаржы министрлігімен Қазақстан Республикасы заңнамаларына тиісті түзетулер әзірленді, аталған түзетулер бүгінгі күні ҚР Парламентінің Сенатында қарауында. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізу тәртібі туралы айтып берді.
Орта тап азаматтардың әлеуметтік статусының өсуіне ықпал етеді27 Желтоксан 2018Бүгінде қоғамның стратификациясында орта тапқа айырықша көңіл бөлінеді. Өйткені, орта тап қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін, экономиканың дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік топ. Орта таптың қоғамдағы рөлі мен атқаратын қызметі де ерекше.
Кәсіптік білім – жастарды жұмылдыратын сала27 Желтоксан 2018Парламент Сенатында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауларында белгіленген міндеттер аясында кәсіби білім беру сапасын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
2018: Қазақстанның экспорттағы жетістігі26 Желтоксан 2018Етті экспортқа шығару жоспары 25 пайызға артық орындалды. Ет экспортының көлемі 18,8 мың тоннаны құраған. Ал жоспарланған көлем 15 мың тонна. Сыртқа шығарылған еттің тең жартысы Түркістан облысына тиесілі екен. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2017 жылы экспортқа шыққан еттің көлемі 5,5 мың тоннаны құраған. Мал шаруашылығы мен экспортқа қатысты жылдың нәтижелерін Strategy2050.kz АА әзірлеген материалдан оқи аласыздар.
Мәжіліс жылды қорытындылады26 Желтоксан 2018Мәжілістің соңғы жалпы отырысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин сессия басталған уақыттан бері атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды жасады. Палата Төрағасы депутаттық корпус өз жұмысында ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сессияның ашылуында және биылғы Жолдауда берген тапсырмаларын басшылыққа алғанын атап өтті.
Қазақстандағы су тарифтері әлемдегі ең төменгі тарифтердің бірі – А.Евниев25 Желтоксан 20182028 жылға дейін Суармалы жерлерді дамыту жоспары 3,5 млн га суармалы жерлерді суару суымен қамтамасыз етуді көздейді. Ол үшін 1 233 млн теңге сомасында инвестиция талап етіледі.
Іске асыру – айналымнан шыққан, алайда талап етілген 600 мың га суармалы жерлерді қалпына келтіру және жаңа 1 500 мың га суармалы жерлерді енгізу қарастырады.Сонымен қатар, суармалы егіншіліктен бітік өнім 3 727 млрд. теңгені құрайды. Бағдарламаның тиімділігі жайлы ҚР Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі Арман Евниев айтып берген болатын.
Жыл қорытындысы: Қазақстанның сыртқы саясатындағы жетістіктер25 Желтоксан 2018
Сыртқы істер министрлігі 2018 жылды қорытындылай келе өтіп бара жатқан жыл сыртқы саясат бағытындағы белсенділігі жағынан тиімді болғанын атап өтті. Қазақстанның сыртқы саясаты проактивті, прагматикалық және дәйектілік принциптерінде негізделген көпвекторлы курсын жалғастырды. 2018 жыл Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі бейбітшілік, қауіпсіздік пен орнықты даму мәселелері бойынша халықаралық бастамалары халықаралық қоғамдастық тарапынан оң нәтижеге ие бола алды. Сондай-ақ сыртқы экономикалық ынтымақтастықты дамыту, инвестицияларды тарту және интеграциялық процестерді нығайту тұрғысынан тиімді нәтижеге иеленді. Қазақстанның сыртқы саясатындағы биылғы басты жетістіктер туралы Strategy2050.kz АА әзірлеген шолудан оқи аласыздар.
Үкіметке Сенат депутаттары 100-ден аса сауал жолдады – Қ.Тоқаев24 Желтоксан 2018Сенат Бюроның қорытынды отырысын өткізген Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 2018 жыл ел тарихында өзінің лайықты орнын алатынына, Сенат жыл ішінде жоспарлы әрі мазмұнды жұмыстарды атқарғанын атап өтті.
Балет әртісіне қажет ең басты қасиет – интеллект – Т.Тен24 Желтоксан 2018 «Астана балет» және Қазақ ұлттық хореография академиясымен бірлесе отырып жыл соңында көрерменге П.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетін ұсынып отыр. Спектакльге 150-ден астам академия тәрбиеленушілері мен театрдың 40 әртісі қатысты. Ұйымдастырушылар сиқырлы қойылымды жас бүлдіршіндерге жаңа жыл алдында таптырмас оқиға болатынына сенімді.
Қ.Тоқаев: Заң жобалары бойынша Үкімет Парламентпен алдын ала жұмыс кестесін белгілеп алғаны дұрыс22 Желтоксан 2018Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы Палатаның отырысында жобаларын Сенатқа әкелудің мерзіміне қатысты Үкіметтің атына сын ескерту жасады. Төраға отырыстың күн тәртібіне өте маңызды заң жобалары енгізіліп отырғанын айтып, олардың 5-і Елбасының Жолдауларында айқындалған мақсаттарды орындау үшін әзірленген заң жобалары екенін атап өтті.
Алматы сапары: Бақытжан Сағынтаев шаһардың даму әлеуетімен танысты21 Желтоксан 2018Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Президент жолдауларының іске асырылу барысымен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік бағдарламаның жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен Алматыға барды. Премьер-Министр мегаполиске келген бойда ғылыми ұйымдардың және жоғары оқу орындарының жас ғалымдарымен, сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді.Сондай-ақ, Visit Almaty туристік хабын аралады. Премьердің Алматыға сапарын толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Қуат тарифінің шекті шамасы төмендетілді21 Желтоксан 2018 ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген электр энергиясын өндірудегі тарифтердің объективті деңгейі талқыланды. Елбасының тапсырмасына сәйкес Энергетика министрлігі электр энергиясын өндіру тарифінің объективті деңгейін белгілеу бойынша жұмыстар атқарды.
5 бастама: Шағын несие берудің қалалық жерлердегі көрсеткіші көңіл көншітпейді21 Желтоксан 2018Жолдауда білім беру мен денсаулық сақтаудың сапасын арттырудың жүйелі шаралары да айтылғаны белгілі. Халықтың өмір сүруіне жайлы орта қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлінді. Осы мақсатта ауыз сумен қамту, қолжетімді баспана сияқты өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылып, түрлі елді-мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеу бастамасы көтерілгенін де айта кеткен жөн. Мемлекет басшысы Жолдау мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» көрсетілген ауқымды әрі аса маңызды басымдықтардың жүзеге асырылу барысына бақылау жүргізу ісін «Нұр Отан» партиясына жүктегені белгілі. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясының өкілдері Елбасы Жолдауы мен 5 бастама бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, шешуді қажет ететін кейбір мәселелерге назар аударды.
Жаңа жылдан бастап тарифтер төмендейді20 Желтоксан 2018
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин төмендету, тариф белгілеудің ашықтығын күшейту, монополистердің тарифтік сметаларды және инвестициялық міндеттемелерді орындауын бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді.
ҚХА шағын және орта бизнестің дамуын жетілдіреді20 Желтоксан 2018
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының форумында Ассамблея кәсіпкерлері бизнеске қатысты өздерінің 5 бастамасын ұсынды. Билік өкілдері бизнеске қатысты барлық бастамаларды заң жүзінде қолдауға дайын екендерін жеткізді.
Сенатта мақұлданған заң жобалары қай саланы жақсартуға бағытталған20 Желтоксан 2018Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасы Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнаманы одан әрі дамытуға бағытталған.
Заң жобасы: ЕАЭО аясында тауарлар таңбаланады19 Желтоксан 2018Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Құжат аясында ЕАЭО аясында тауарларды таңбалауды енгізу мәселесі де қаралды.
Өңірлерде баспанамен қамту белсенді жүзеге асырылуда19 Желтоксан 2018Өңірлерде «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспанаға ие болып, қоныс тойын тойлаған қазақстандықтардың қатары артып жатыр. Мәселен, талдықорғандықтар қоныс тойларын атап өтті. Қаланың Оңтүстік-Батыс ауданында 64 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа баспанаға ие болғандар қатарында мүгедектер, жетім балалар, көп балалы, толық емес отбасылар бар. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Жолдау: 2019 жылы қандай төлемақылар артады19 Желтоксан 2018ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында негізінен әлеуметтік салаларды қамтып, халықтың бірқатар санатына әртүрлі жеңілдіктер жасалатыны туралы айтылған. Соның ішінде еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге көтеру тапсырылған еді. Осыған орай, Strategy 2050.kz ақпараттық-сараптамалық порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әлеуметтік салада жасалған мүмкіндіктер мен алдағы жылы енгізілгелі отырған жаңалықтар туралы ресми сауал жолдаған болатын. Құзыретті ведомстводан келген жауаптарды назарларыңызға ұсынамыз.
Тәуелсіздік пен Елбасы – ажырамас ұғым – Мәжіліс депутаты16 Желтоксан 2018Бүгін Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 27-жылын мерекелеуде. 1991 жылы азат ел атанған жас мемлекеттің мақсаты айқын, қадамы қарымды. Тәу етер Тәуелсіздік ұғымының қазақ елі үшін маңыздылығы туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Генадий Шиповских Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында айтты.
Ұлттық мереке – тұғыры биік Тәуелсіздік15 Желтоксан 2018Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. 1991 жылы 16 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Айтулы мерекенің тарихы мен маңызына көз жүгіртсек...
Қазақстан 300 млрд АҚШ долларына жуық шетелдік инвестиция тартты14 Желтоксан 2018Қазақстан бизнесті енгізуге қолайлы мемлекет екенін шетелдік инвесторлар мойындап отыр. Қазақстанда инвестициялық қызмет атқарып жүрген шетелдік инвесторларды мараппатаудың жыл сайынғы V салтанатты рәсімінде 10 шетелдік инвестор үздік атанды.
Қазақстандағы ЖОО-ның мәртебесі қандай 14 Желтоксан 2018
Жаңа ғасырдағы үдемелі үрдіс қоғам өміріне дендей еніп, оның ажырамас бөлігіне айналды. Жаһандық бәсекелестіктің артуымен жасанды интеллект, робот техникасы, 3D жобалау, Big data ұғымдарын жиі кездестіреміз. Технологиялық трендтер біз өмір сүретін ортаның экономикалық, әлеуметтік-мәдени, тіпті тұлғалық қалыптасуына өзгеріс енгізетіні анық. Ендігі жұмысты түтіні будақтаған зауыт-фабрикадағы мыңдаған қара жұмысшы емес, шағын кеңседе инженер-программистің басқаруымен роботтар атқарады. Мұны «Төртінші өнеркәсіптік революция» қарсаңындағы құбылыс деп сипаттаймыз.
Қазақстанда өзін-өзі қамтығандардың мәселесі қалай дамымақ 13 Желтоксан 2018Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Жолдауында Қазақстанның еңбек нарығындағы айырықша топқа баға бергені бар. Президент ресми құжаттарда «өзін өзі қамтығандар» деп аталатын әлеуметтік топты экономикаға пайдасы мол болатын күш ретінде бағалаған. Жолдауда «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналады» делінген еді. Дегенмен, «өзін-өзі қамтығандар» деп аталатын топтың қандай категорияға жататынына, әлеуметтік-экономикалық саясатта қандай рөл атқаратынына бір жақты баға беру қиын.
Өңірлерді дамыту: Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы12 Желтоксан 2018Алматы облысы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы облыс әкімі Амандық Баталов баяндады. Мәселен, Алматы облысының экономикасына Қытай, Орталық Азия мен Еуроодақ елдері арасындағы тауарлық лек қиылысындағы ірі көліктік-логистикалық Хаб ретінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА зор серпін береді. Алматы облысының даму барысы туралы Strategy2050.kz АА-дан оқи аласыздар.
Индустрия: Елордада ашылған цифрлық жобалар12 Желтоксан 2018Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында Мемлекет басшысына индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған 28 жаңа жоба таныстырылды. Оның ішінде 3 ірі жоба Астанада іске қосылды. Цифрландыру бойынша жүзеге асырылған жобалар қызметті қаншалықты оңтайландыратыны жөнінде келесі материалдан оқи аласыздар.
Ғылыми жаңалықты құқықтық қорғау Қазақстанда қалай жүзеге асырылады12 Желтоксан 2018
Ғылыми жаңалықтарды құру және қолдану, олардың авторы мен жаңалықтар жасалатын ұйымдардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау бойынша қатынастарды реттеудің тиімді механизмдерін іздеу жарты ғасырға жалғасып келеді. Бұл өте ұзақмерзімді үрдіс. Зияткерлік меншік құқығы жаңа экономикалық парадигма жағдайында ұлттық деңгейдегі дамудың маңызды аспектісі ғана емес, АҚШ пен ҚХР сынды алпауыттардың сауда текетіресіне де себеп болып отыр. Қазірге дейін бірқатар жаһандық және ұлттық масштабтағы құжаттар қабылданды. Олардың бірқатары: Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Конвенциясы, 1952 жылғы 6 қыркүйектегі Авторлық құқық туралы Дүниежүзілік конвенция, Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж келісімі, Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясы (1886 ж.), Еуропалық патент конвенциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР «Авторлық және сабақтас құқық туралы» Заңы, ҚР «Қазақстан Республикасының патент заңы», ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңы және т.б. Осы уақыт аралығында әртүрлі жобалар ұсынылды, жаңалықтарды тіркеудің жүйелері енгізілді және қайта жабылды, бірақ мәселе әлі шешілмеген күйінде қалып отыр.
Екінші бесжылдық: Елбасы бірқатар индустриялық жобаларды іске қосты11 Желтоксан 2018Астанада Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» телекөпірі өтті. Онлайн режимде бірқатар индустриялық, инфрақұрылымдық, аграрлық және цифрлық жобалар іске қосылды. Индустрияландырудың екінші бесжылдығы басталғалы (2015-2017 жылдар) 3,1 трлн. теңгенің 378 жобасы іске қосылып, 31 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. 2018 жылы жалпы сомасы шамамен 1,2 трлн. теңге болатын 100 нысан қатарға қосылып, 13 мың адамға жұмыс берілді.
Индустрияландыру күні: «Алтын сапа», «Ұлы дала елі», «Іскер» жеңімпаздары анықталды11 Желтоксан 2018Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз-2018» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Биылғы жылы «Алтын сапа» конкурсына 182 кәсіпорын, оның ішінде 78 -і шағын кәсіпкерлік, 76-сы орта және 28 -і ірі кәсіпкерлік нысаны.
11 айлық қорытынды: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық индикаторы11 Желтоксан 2018Алдын ала бағалау бойынша 2018 жылғы қаңтар-қарашада ЖІӨ-нің өсуі 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ды құрады. 6 негізгі саланың даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,8%-ды құрады.Бұл туралы «2018 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы талқыланған Үкімет отырысында мәлім болды.
Қазақстандағы білім жүйесінің даму деңгейі11 Желтоксан 2018ҚР Конституциясына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларында мемлекеттік кепілдіктер берілетіні анық жазылған. Дамыған елдердің тәжірибесіне қарап, білім беру мен денсаулық сақтау, ғылымды дамыту, спорт, жұмыспен қамтуға бағытталған реформалар мен инвестицияның нәтижесінде ұлт өмірін сапалы қылуға, постиндустриалды қоғам талаптарына жауап беретін интеллектуалды қоғам орнатуға, табысты жастарды тәрбиелеуге болатынына көз жеткіземіз. Мемлекеттің әр қадамы нәтижелі болу үшін тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болуы керек.
2019 жылы тарифтер қалай өзгереді10 Желтоксан 2018Бүгінгі күні жылумен, сумен жабдықтау, электр энергиясын тарату және жабдықтау саласындағы 40 монополист бойынша тарифтердi 28,8 млрд теңгеге төмендету туралы шешім қабылданды. Атқарылған шаралар ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың 13 қарашадағы хаттамалық тапсырмасы шеңберінде бірқатар қызметтерге тарифтерді төмендету бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарын талқылау барысында белгілі болды.
О.Өксікбаев: Монополистерге заңдық шектеу қою керек10 Желтоксан 2018Монополист компаниялар өндіріс көздерін жаңартып, жаңа техникалар мен технологияларды енгізудің орнына, тарифтерді екі есе көтеріп, өздерінің қалталарын қалыңдатты, қарапайым халықтың есебінен. Дәл осылай деген болатын, осыдан 1 ай бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің жиынында. Тариф қазақстандықтардың қалтасын 14 миллиард теңгеге қағыпты. Қуат өндіруші компаниялардың заңсыз табысы 15 миллиард теңге болған. Президент шұғыл түрде шара қолданып, тарифтерді тізгіндеуді тапсырған болатын. Осы мәселеге орай, есеп-қисапты бүге-шігесіне дейін білетін бұрынғы Есеп комитетінің басшысы, қазіргі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаевпен сұхбаттасқан едік.
Қазақстан қор биржасы: 25 жылдық жұмыстың қорытындысы10 Желтоксан 2018
KASE құрылғалы бері Қазақстанның қаржы нарығы инфрақұрылымның маңызды бөлігі болып табылады. Биржа құнды қағаздарды қалыптастыра отырып, ілгерілендіреді. Bloomberg-тің мәліметі бойынша, 2016-2018 жыылдары KASE индексі әлем бойынша тез өсетін қор биржаларының ТОП-3-тігіне енді. 25 жылда Қазақстан қор биржасының атқарған жұмысы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы: Цифрлық трансформация10 Желтоксан 2018
Қазақстан тәуелсіздігінің ширек ғасырлық межесі жедел және күрделі өзгерістермен тұспа-тұс келді. Жаһандық экономикалық және геосаяси бетбұрыстар, миграциялық тенденция, экологиялық проблема мемлекетаралық қарым-қатынастардың жаңа форматын қалыптастыруда. Технологиялық трендтер қоғамның экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму сипатына өзгерістер енгізеді. Бұл құбылыс Төртінші өнеркәсіптік революцияның алғышарты ретінде бағаланады.
Қазақстанның энергетикалық секторы озық технологиялар ұстанымына қалай көшеді?07 Желтоксан 2018
Ең озық қолжетімді технологиялар - бұл қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қамтамасыз етуге, шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге бағытталған ұйымдастырушылық және басқару шараларын қамтамасыз етуде пайдаланылатын және жоспарланып отырған салалық технологиялар, техника мен жабдықтар.Қазақстан бұл орайда қандай іс-қимыл жасайды толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
2020 жылға дейін инфляцияның деңгейі қандай болмақ – Ұлттық банк07 Желтоксан 2018
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жылына 4 рет болжамдық раунд жүргізеді, оның барысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің, бірінші кезекте инфляцияның ортамерзімді кезеңдегі болжамы жүзеге асырылады.
Проблемалық кредиттермен күресу қалай жүзеге асырылады06 Желтоксан 2018
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ оған «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ-ны қосу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Түркі кеңесі: Мүше елдердің жастарын ортақтастыру05 Желтоксан 2018Түркі кеңесі министрлерінің отырысында ынтымақтастықты кеңейтуге және түркітілдес мемлекеттер мен жастардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.
АӨК: Мемлекеттік бағдарламаның алдын ала қорытындылары04 Желтоксан 2018Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешен алдына еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын 5 жыл ішінде кемінде 2,5 есеге ұлғайту міндетін қойған болатын.
Қойылған міндеттерді ескере отырып, Үкімет ағымдағы жылғы шілде айында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын өзектендіріп, қайта бекітті. АӨК мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын ала қорытындылары туралы ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев баяндап берді.
«Нұрлы жер» бойынша пәтер алу үшін 1 млн теңге жинау жеткілікті04 Желтоксан 2018«Нұрлы жер» бағдарламасының аясында пәтер сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне 1 млн теңге жинау жеткілікті.Қолжетімді бағамен берілетін жаңа пәтерлерді Қостанай облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары банк шотына бастапқы жарна ретінде үй бағасының 20%-ын жинау арқылы сатып ала алды. Оларға банк жылдық мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдетілген несие ұсынып, пәтер иесі атануға көмектесті.
Өнерлі оқушылардың «Елбасына тілегі» 01 Желтоксан 2018Астана қаласы Білім басқармасының №1 өнер мектебі оқушыларды Отанына, Елбасына деген сүйіспеншіліктерін нығайту ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ІІІ қалалық «Елбасына тілек» балалар шығармашылығы байқауын өткізді.