Көкшетаулық 112 жасар кейуанаға пәтер беріледі27 Желтоксан 2012Көкшетау қаласының тұрғыны, 112 жасар кейуанаға әкімшілік тарапынан бір бөлмелі пәтер берілетін болды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың депутаты Әлібек Баймағамбетов мәлімдеді.
Сандықтауда асыл тұқымды мал шаруашылығы дамуда27 Желтоксан 2012Сандықтау ауданындағы «Сандықтау» ЖШС-да шаруашылықтағы мал басының сапалы көрсеткішін жақсарту үшін Канададан Герефорд тұқымды 165 бас ірі қара мал сатып алынды.
600 мың теңге пара алған мемлекеттік қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды26 Желтоксан 2012Елорданың қаржы полициясы департаменті Астана қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті лицензиялау және аттестаттау бөлімінің жетекші маманына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау министрлігі 2012 жылы шетелде 20 мыңға жуық маманды оқытты26 Желтоксан 2012Ағымдағы жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 20 мыңға жуық маманның шетелде өз біліктіліктерін көтеруін қаржыландырды. Бұл жөнінде бүгінгі өткен баспасөз мәслихаты кезінде ҚР ДМ ғылым және адам ресурстары департаментінің басшысы Мұрат Телеуов мәлімдеді.
Депутаттар медициналық тексерілуді тегін медициналық қызметтің кепілдендірілген көлеміне енгізуді ұсынды26 Желтоксан 2012Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы барысында «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен денсаулық сақтау министріне ЖОО мен колледждерге түсетіндер үшін медициналық тексерілуді тегін медициналық қызметтер тізіміне қосуды ұсынды. Сондай-ақ, жұмыс орындарында тексерілуден өту туралы анықтаманы талап етудің заңдылығын тексеруді сұрады.
Мәжіліс Ауғанстандағы әскери техниканың Қазақстан арқылы транзиті туралы заңның ратификациялануын мақұлдады26 Желтоксан 2012Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы кезінде палата депутаттары «2009 жылғы 6 қазанда Астанада қол қойылған, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Француз Республикасы Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасы бойынша қорытынды әзірлемені мақұлдады.
Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясының үштұғырлы мақсатын атады25 Желтоксан 2012Қазақстан әлемдік экономиканың технологиялық жұмыспен қамтылуына қалай қатысатынын нақты белгілеп алуы тиіс. Бұл жөнінде бүгін Жалпыұлттық телекөпір және «Алтын сапа» жүлдесін тапсыру салтанатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
Келесі жылдан бастап дәрігер мен пациенттің арасында келісімшарт жасалады-Қайырбекова25 Желтоксан 2012Келесі жылдың ортасына қарай республикамызда емдеуші дәрігер мен пациенттің жауапкершілігін арттыру мақсатында келісім жарт жасау нормасын енгізу жоспарланған. Бұл туралы ҚР Президенті жолдауының басымдықтарын түсіндіруге арналған республикалық кеңесте денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова хабарлады.
Астанада Алматы ауданы әкімшілігінде ҚР Президентінің Жолдауы талқыланды25 Желтоксан 2012Астана қаласы Алматы ауданы әкімшілігінде аудан әкімі Сапар Ахметовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауын талқылау бойынша аудан активімен жиналыс өтті.
Қазақстанды «жасыл экономикада» революция күтіп тұр - Н.Назарбаев25 Желтоксан 2012Бүгін Астанада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ–тың еншілес кәсіпорны - фотоэлектр модульдерін өндіретін «Astana Solar» ЖШС жаңа зауытын іске қосу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті. Елбасы жұмысшылармен әңгімелесу барысында Қазақстанды «жасыл» экономика, инновация және қалпына келтірілетін қуат көзі технологиялары саласында революцияның күтіп тұрғандығына сенім білдірді.
Н.Назарбаев Астанада фотоэлектр модульдерін өндіретін зауыт ашты (ФОТО)25 Желтоксан 2012Бүгін Астанада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны «Astana Solar» ЖШС фотоэлектр модульдерін өндіретін зауыт іске қосылды. Өндірістік желіні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев іске қосты.
Ақтаулық жастар сапалы білім алуға ұмтылуда – сарапшы25 Желтоксан 2012Қазіргі таңда елімізде жастардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Бұл туралы Қазақстан корейлері қауымдастығы Ақтау филиалының төрайымы Раиса Маденова-Хван мәлімдеді.
Теміртауда ҚР Президентінің Жолдауын талқылады25 Желтоксан 2012В 2012 году государственными органами разработано 14 внеплановых законопроектов. Об этом сегодня в ходе заседания правительства сообщил министр юстиции РК Берик Имашев.
ҚазТрансОйл «Халықтық ІРО» бойынша инвесторлар арасында акцияларын орналастырды24 Желтоксан 2012«ҚазТранОйл» компаниясы Қазақстан Республикасының азаматтары мен зейнетақы қорларына «Халықтық IPO» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұсынылған АҚ-ның қарапайым акциясына жазылу нәтижелері бойынша есептесудің аяқталғаны жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Атамбаев: Қырғызстанның Кедендік одаққа кіруден басқа амалы жоқ24 Желтоксан 2012Қырғызстанның Кедендік одаққа кіруден басқа амалы жоқ. Бұл жөнінде «Ала-Арша» мемлекеттік резиденцияда өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеді.
Қ.Көшербаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барады24 Желтоксан 201226 желтоқсанда Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.
10 айда Астанада 16 мыңнан астам сәби дүниеге келді24 Желтоксан 20122012 жылғы 10 айда Астанада 16288 сәби дүниеге келді. Бұл туралы Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Астанада Президенттік спорт клубы ашылды24 Желтоксан 2012Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Астана» жаңа президенттік кәсіби спорт клубын таныстырды.
«Жас Отан» жастарға үндеу жолдайды24 Желтоксан 2012Мемлекет басшысының Жолдауын қолдау мақсатында «Жас Отан» жастар қанаты Студенттер альянсы, Жастар конгресі, Ауыл жастары одағы, Жұмысшы жастар одағы, «Жасыл Ел» жастар еңбек отрядтары мен Қазақстанның өзге де жастар ұйымдарымен бірлесіп жастармен кездесу өткізуде.
Елордада жұмыссыздық деңгейі төмендеді23 Желтоксан 2012Экономикалық белсенді тұрғындарға шаққанда тіркелген жұмыссыздар деңгейі 2012 жылдың үшінші тоқсанында 5,6%-ды құрады. 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (5,8%) ол 0,1 пайызға азайып, 9 айдың қорытындысы бойынша 5,7 %-ды құрады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 2010 жылғы 11,2 %-дан 2011 жылы 9 %-ға дейін төмендеді.
ОҚО-да бес мыңдай адам түрмеден босатылды22 Желтоксан 2012Биыл жазасын өтеу орындарынан жалпы саны 700-ден астам сотталушы шығарылған. Олар Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай рақымшылыққа іліккен.
ОҚО-да ана өлімі 37 пайызға артып отыр22 Желтоксан 2012Ана өлімі биыл азаймақ түгілі, өткен жылмен салыстырғанда 37 пайызға өсіп отыр. Биыл жүктілік кезінде онан соң қайтыс болған 16 жағдай тіркелген. Ал бала өлімі Түркістан, Кентау, Қазығұрт, Сайрам, Төлеби, Отырар, Шардара аудандарында орын алды. Бұл жайында облыс әкімдігінде өткен үйлестіру кеңесінде айтылды.
ДСМ-да Жолдауда көрсетілген міндеттерді іске асыру мәселелесіне арналған отырыс өтті22 Желтоксан 2012Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде орталық және жергілікті атқару органдарының, Министрліктің аумақтық органдарының және республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының қатысуымен селекторлық режімде алқа жиыны болып өтті.
2020 жылға қарай Жетіген-Алтынкөл темір жол желісімен 15 млн. тонна жүк тасымалданады22 Желтоксан 2012Бұрын Қазақстан мен Қытай арасын Достық (ҚР) пен Алашаңқай (ҚХР) темір жол өткелі ғана жалғастырған. 1991 жылы аталған жол пайдалануға берілгеннен бері 156 млн. тонна жүк тасымалданды. Қазіргі кезде өткелдің өткізу әлеуеті төмен болғандықтан тағы да бір желіні іске қосу қажеттігі байқалды.
Оралда екі жыл ішінде 13 апатты үй тұрғындары басқа жерлерге қоныстандырылды22 Желтоксан 2012Оралда соңғы екі жыл ішінде 13 апатты үй тұрғындары басқа жерлерге қоныстандырылды, деп хабарлайды strategy2050.kz сайты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сілтеме жасап.
Депутат Саяпова: «Қазақстан-2050» - бұл міндетті орындай аламыз22 Желтоксан 2012Бұл жолы біз алдымызға биік мақсаттар қойдық. Басты міндет – дамыған 30 елдің қатарына кіру. Бұл міндетті орындауға болады, себебі дүниежүзілік қоғамдастықта Қазақстан мәртебелі серіктес ретінде танылған. Бұл жөнінде Астана қаласы этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісінің депутаты Зухра Саяпова айтып берді.
«Қазақстан 2050»: қоғам дамуының жаңа серпіні22 Желтоксан 2012Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің әрбір Жолдауында қоғамның одан әрі дамуына серпін береді. Бұл жолғы «Қазақстан-2050» стратегиясы» Жолдауының ауқымы өте кең, онда әрбір қазақстандыққа қатысы бар барлық сала қамтылған. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Надежда Петухова мәлімдеді.
БЖК–2020: Алматыда иілген профиль зауыты өндіріс қуаттылығын екі есе ұлғайтты (ФОТО)22 Желтоксан 2012«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының арқасында Алматы иілген профиль зауыты өндіріс қуаттылығын арттырды. Бұл жөнінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар бойынша баспасөз туры кезінде «Алматы иілген профиль зауыты» ЖШС-ның қаржы директоры Алмат Қарабеков мәлімдеді.
БЖК–2020: Алматыда көзілдірік линзаларын 2 сағат ішінде дайындайтын болады (ФОТО)22 Желтоксан 2012Алматыда көзілдірік линзаларын 2 сағат ішінде дайындайтын болады. Бұл жөнінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар бойынша баспасөз туры кезінде «Медремзавод» ЖШС-ның бас директоры Арыстанбек Жұмағұлов мәлімдеді.
Ресей Н.Назарбаевты қазақстандық мемлекеттіліктің авторы ретінде қарастырады – сарапшы21 Желтоксан 2012Ресей Н.Назарбаевты қазақстандық мемлекеттіліктің авторы ретінде қарастырады. Саяси сарапшы, Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің кафедра меңгерушісі Алан Касаев Қазақстан Президентінің жаңа Жолдауына қатысты пікірін осылай деп жеткізді.
Жетекші автстралиялық компаниялар «Қазақстан-2050» стратегиясының экономикалық саясатына қызығушылық танытуда21 Желтоксан 2012Бейсенбі, 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Сингапурдағы және қосымша Австралиядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Батыс Австралия штатының саяси және іскерлік ортасының өкілдерін Президент Н.Назарбаевтың халыққа «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының негізгі мақсаттарымен таныстырды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Іскер әйелдер қауымдастығы «Қазақстан-2050» стратегиясына қолдау көрсетті21 Желтоксан 2012Бүгін Астанада «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауына қолдау көрсету мақсатында саясаткер әйелдердің өңірлік клубтары өкілдерінің республикалық кеңесі өтті, басқосуда Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева сөз сөйледі.
Илья Ильин EXPO-2017-ге қатыспақ21 Желтоксан 2012Қазақстандық ауыр атлет, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин 2017 жылы Қазақстанда өтетін Экспо туралы пікірімен бөлісті және оған қатысуға уәде берді.
Қазақстанда лаңкестікке қарсы күреске арналған сайт ашылды21 Желтоксан 2012Қазақстандық ғаламтор сегментінде лаңкестікке қарсы күреске бағытталған сайт ашылды. Жаңа ресурс үнемі лаңкестікке қарсы күрес тақырыбында сараптамалық мақалалар мен соңғы жаңалықтарды жариялап отырады.
РФ Мемлекеттік думасының депутаты: Бүгінде Қазақстаннан үйренеріміз көп21 Желтоксан 2012Посткеңестік кеңістіктегі ТМД елдерінің бір де бірінде Қазақстандағыдай ұзақ мерзімді Стратегия жоқ. Бұл жөнінде Президенттің Қазақстан халқына жаңа «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы бойынша пікірін білдіре отырып, РФ Мемлекеттік думасының депутаты Олег Савченко мәлім етті.
Мәжіліс бәсекелестік мәселелері жөніндегі заңнаманы талқылайды21 Желтоксан 2012Бүгінгі Мәжіліс Бюросында алдағы өтетін депутаттардың жалпы отырысында қаралатын күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі.
«2050 стратегиясы» - болашақ ұрпақтың жоғары бағасына ие болатын зор еңбек – Болгария сарапшысы21 Желтоксан 2012«Қазақстан–2050» стратегиясы - бұл болашақ ұрпақтың жоғары бағасына ие болатын зор еңбек. Осылай Президенттің Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050»: дамыған мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы жаңа жолдауына София Университетінің оқытушысы Пламен Димитров пікір білдірді.
Астанада өлім көрсеткіші азайды21 Желтоксан 2012Республикалық денсаулық сақтауды дамыту ортылығының мәліметіне қарағанда, Астанада өлім көрсеткіші азайған.
Сарапшы: «Қазақстан-2050» - еліміздің көптеген көрсеткіштер бойынша жетістіктерге жету кепілі20 Желтоксан 2012«Қазақстан-2050» стратегиясы – бұл жарқын болашақ кепілі, көптеген көрсеткіштер бойынша білім мен денсаулық сақтау саласында да жетістіктерге қол жеткізуді білдіреді, бұл қазақстандықтар үшін өте маңызды. Бұл жөнінде «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институтының сарапшысы Салтанат Ермаханова айтып берді.
Астанада бірінші Қазақстандық энерготиімділік орталығының тұсаукесері өткізілді20 Желтоксан 2012Бүгін Астанада бірінші Қазақстандық энерготиімділік орталығының тұсаукесері өткізілді, ол біріккен қазақ-неміс жобасы болып табылады. Тұсаукесерге Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау қатысты, ол аталмыш Орталықтың міндеттері туралы айтып берді.
Еуразия даму банкі машина жасау секторында зерттеу жүргізді20 Желтоксан 2012ЕАДБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЕАДБ-ға мүше-мемлекеттердің территориясында сатылатын барлық машина жасау өнімдерінің 70-дан 90%-ға дейінгі мөлшері үшінші елдер импортына жатады, оның үлесі өсіп келеді. Еуразия даму банкінің (ЕАДБ) «ЕАДБ-ға мүше-мемлекеттердегі машина жасауды дамыту» салалық шолуында осындай қорытынды жасалған.
«Қазақстан-2050» стратегиясының» арқасында Қазақстан жоғары дамыған елге айналады – саясаттанушы20 Желтоксан 2012Еліміздің 2050 жылға дейін даму Стратегиясын жүзеге асыру арқасында Қазақстан қарқынды дамыған және икемді экономикасы, берік және тұрақты валюта-ақша жүйесі, даму деңгейі жоғары елге айналады. Мемлекет басында зияткер ұлт болады. Бұл жөнінде strategy2050.kz сайтына берген сұхбатында саясаттанушы Алмат Жақыбеков айтып берді.
Ақмола облысында бизнесті дамытуға болатын өрлеу нүктелері анықталды20 Желтоксан 2012Көшетауда облыс әкімі Қайрат Қожамжаровтың қатысуымен ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын талқылау бойынша облыстық актив өтті. Жолдауда инфрақұрылымды дамытудағы жаңа тәсілдің маңыздылығы атап айтылған, ол экономикалық өрлеу мүмкіндіктерін кеңейтуі қажет, жаңа бизнестерді дамытуға және жұмыс орындарын ашуға алып келеді. Облысымызда Астана қаласының қаламаңы аумағы, Шортанды-Бурабай демалыс аумағы, Степногор қаласы – өңірдің өндірістік орталығы мен облыс орталығы – Көкшетау қаласы осындай өрлеу нүктелері болып анықталды.
Ақтөбе облысында қазақ тілін меңгергендер саны артты20 Желтоксан 2012Ақтөбе облысында мемлекеттік тілді меңгерген адамдар саны артып келеді, деп мәлім етті Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы Қайрат Сұлтаналин.
«Үздік сабақ» конкурсының жеңімпазы ақшалай жүлде – 100 мың теңге алады20 Желтоксан 2012Ертең, 21 желтоқсанда, сағат 11.00-де Бейбітшілік және Келісім сарайының «Бесік» залында «Тәуелсіздік тірегің, егемендік елдігің» тақырыбында «Үздік сабақ» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.
Википедияның негізін қалаушы 2013 жылы Қазақстанда дәрістер өткізеді19 Желтоксан 2012Википедияның негізін қалаушы Джимми Уэйлс Қазақстанда дәрістер өткізеді. Бұл туралы Астанадағы баспасөз мәжілісі барысында «WikiBilim» қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы мәлімдеді.
Стратегия-2050: Қазақстан жаңа Жібек жолын жандандырады19 Желтоксан 2012Елдің көлік күре жолдарын күшейтпей экономиканы дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдары Қазақстанда әуе, теңіз салаларымен қатар, авто және теміржол қатынастарында да барлық бағыттар бойынша ірі халықаралық жобалар жүзеге асырылуда. Оның барлығы нәтижесінде бір мақсатты – Ұлы Жібек жолын жандандыруды көздейді.
Қазақстан Қырғызстанға газ беруді қайта жандандырды19 Желтоксан 2012Қазақстан Қырғызстанның солтүстігіне сағатына қажетті 50 мың текше метрге дейін табиғи газ беруді қайта жандандырды. Бұл жөнінде бүгін Бішкекте баспасөз конференциясында Қырғыз Республикасы энергетика және өнеркәсіп министрінің орынбасары Айбек Қалиев мәлімдеді.
Тоқаев Фукусимада Семей полигонын жабудың тарихи маңызы туралы айтып берді19 Желтоксан 2012Фукусимада өткен конференцияда Біріккен ұлттар ұйымы Бас хатшысының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығының тарихи маңызы туралы мәлімдеді.
«Астана-Щучье» тасжолы 2013 жылдың мамырынан бастап ақылы болады19 Желтоксан 2012«Астана-Щучье» тасжолы 2013 жылдың мамырынан бастап ақылы болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.
Мәжілісте мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізуге қатысты қаулы қабылданды19 Желтоксан 2012Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөніндегі қаулыны қабылдады.
Мәжіліс адам саудасына қарсы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде қаулы қабылдады19 Желтоксан 2012Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөніндегі қаулыны қабылдады.
Қазақстандықтар «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға дайын – облыстық ұйғыр мәдени орталығының төрайымы18 Желтоксан 2012Қазақстандықтар Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын жүзеге асыруға дайын. Бұл жөнінде Алматы облысы облыстық ұйғыр мәдени орталығының төрайымы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Талдықорған қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Әсия Ахметова айтып берді.
2025 жылға қарай қазақ тілі өмірдің барлық саласында қолданылады-сарапшы18 Желтоксан 2012Мемлекет басшысының ойынша, қазақ тілі Қазақстан халықтарын біріктіруші тіл болады. 2025 жылға қарай барлығы мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, ана тіліміз өмірдің барлық саласында қолданылады. Бұл туралы strategy2050.kz сайтына берген сұхбатында «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамының төрағасы Мейрамбек Киіков хабарлады.
Мемлекет басшысының Жолдауы – ел дамуының үйлестірілген бағдарламасы – сарапшы18 Желтоксан 2012Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – бұл әрбір бағыты маңызды және ауқымды болып табылатын Қазақстанның болашақ дамуының үйлестірілген бағдарламасы, деп мәлімдеді БҚО мәслихатының депутаты, «Татар мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Ришат Хайруллин.
Үкіметтің қызметі 2050 стратегиясын орындауға бағытталатын болады – Келімбетов17 Желтоксан 2012Қазақстан Үкіметінің қызметі Президенттің 2050 стратегиясында қойылған міндеттерді орындауға бағытталатын болады. Бұл туралы вице-премьер Қайрат Келімбетов strategy2050.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.
Қостанайлықтар «Халықтық IPO» аясында 80 млн-нан астам теңгеге өтінім берген17 Желтоксан 2012Қостанайлықтар «Халықтық IPO» аясында 80 млн теңгеден аса сомаға 400-ден астам өтінім берген. Бұл туралы strategy2050.kz сайтына «Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалы директорының орынбасары Мүслима Естенова әңгімлеп берді.
ИНФОГРАФИКА: «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты16 Желтоксан 201214 желтоқсанда, жаңа «Астана Опера» опера және балет театрында өткен салтанатты жиында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жария етті.
Серік Сәпиев жасөспірімдер арасындағы бокс турниріне құрметті қонақ ретінде қатысады15 Желтоксан 20122012 жылғы 16 желтоқсанда «Dominant Boxing Club» бокс клубында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі Күніне арналған Астана құрама командаларының арасында «Dominant Junior Tournament» жасөспірімдер арасындағы бокстан жолдастық турнирі өтеді.
«Жас Отан» Елбасы Жолдауын талқылау бойынша Skype-конференция өткізді15 Желтоксан 2012Сенбі, 15 желтоқсан күні «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Президентінің Халқына Жолдауын талқылау бойынша Skype-конференция өткізді.
Қостанай облысы ҮИИД МБ аясында 76 инвестжобаны жүзеге асыруды жоспарлауда15 Желтоксан 2012Қостанай облысы үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында 76 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда. Бұл жөнінде Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов мәлімдеді.
Г.Әбдіқалықова: Біз «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыру үшін жұмыс жасайтын боламыз15 Желтоксан 2012ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша жасалатын жұмыстардың жоспары туралы айтып берді.
ҚР Үкіметі Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды мақұлдады15 Желтоксан 20122012 жылғы 15 желтоқсандағы отырыс қорытындысы бойынша Үкімет мүшелері «Мемлекет басшысының 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасын мақұлдады.
Жолдаудың барлық тармағында ҚР жас азаматының жағдайына мән берілген – «Қазхром» маманы15 Желтоксан 2012Осы Жолдаудың барлық тармағында маған, яғни Қазақстан Республикасының жас азаматына қатысты мәселелер көтерілген. Саяси аспектілер, ел қауіпсізігі, жемқорлықпен күрес, бірлікті нығайту, ықпалдастықты дамыту, осы мәселелердің барлығына бейжай қарау мүмкін емес, себебі бұл біздің күнделікті өміріміз, деді «Қазхром» ТҰК» АҚ бөлімшесі - Дон тау-кен байыту комбинатының технологы Евгений Смоквин.
Корей мәдени орталығының төрағасы: Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау үшін бірігу өте маңызды15 Желтоксан 2012Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауын арнады. Біздер, қазақстандықтар үшін, ұлтымызға қарамастан, бұл құжат елдің келешектегі дамуының негізгі бағдары және бұған дейін белгіленген міндеттерді сәтті жүзеге асырудың айқын көрінісі боп табылады. Бұл жөнінде Алматы облысының корей мәдени орталығының төрағасы Владимир Ли мәлімдеді.
Н.Нығматулин: Тағы бір тарихи дәуіріміз басталды15 Желтоксан 2012Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз еліміздің тарихында қалатын тағы бір ұлы қадам жасады.Ол Президентіміздің жарты ғасырға жуық кезеңді қамтитын «Қазақстан – 2050» Даму стратегиясы.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы – келер ұрпақ үшін дұрыс бағдар15 Желтоксан 2012Елдің ұлттық бас мерекесі қарсаңында кеше маңызды оқиға орын алды – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жариялады. Бұл стратегиялық құжаттың Астана мен бүкіл республиканың рухани және мәдени өмірінің жаңа орталығы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында таныстырылуы да ерекше жағдай.
Базарларда POS-терминал орнатудың қажеті жоқ – Салық комитеті08 Желтоксан 2012Бүгін Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев базарларда әзірге POS-терминал орнатудың қажеті жоқ дегенді айтты. Себебі бұл сатып алушыларға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін.