2019 жылы медициналық ЖОО-ға түсу кезінде іріктеудің жаңа жүйесі енгізіледі28 Қыркүйек 20182019 жылы медициналық ЖОО-ға түсу кезінде іріктеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде медициналық кадрларды даярлаудың сапасын арттыру мәселелері жөніндегі ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
Н. Нығматулин: Білім беру мекемелерінде мамандарды даярлау нарық талаптарына сай емес28 Қыркүйек 2018Еңбек ресурстарын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру қажеттігі туралы Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан «Жұмыспен қамту саласының проблемалары мен даму перспективалары» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда атап өтті.Сондай-ақ, Мәжіліс спикері білім беру мекемелерінде мамандарды даярлау нарық талаптарына сай болмай отырғанын жеткізді.
Бизнестің жол картасы: Жас кәсіпкерлер ақшалай сыйлыққа ие болды 28 Қыркүйек 2018«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында «Жылдың үздік кәсіпкері» атты байқау ұйымдастырған. Байқауға 16-29 аралығындағы жас кәсіпкерлер қатысты. Шараға қатысқан әр жоба мемлекеттің жас кәсіпкерге деген қолдауы мен оларды ақпараттық сүйемелдеуінің айғағы болып отыр. Жеңімпаздарға бизнестерін әрі қарай дамыту мақсатында ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Елбасы ДСҰ –ның бас директорымен кездесті27 Қыркүйек 2018Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Роберту Азеведумен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Ұрпақтар сабақтастығы: Берлинде қазақстандық суретшілер көрмесі ашылды27 Қыркүйек 2018«Бетаниян» суретшілер үйінде (Kunstquartier Bethanien) ҚР Ұлттық музейінің «Фокус Қазақстан» халықаралық жобасының «Астық және раушан гүлдер: қазақстандық суретші әйелдердің төрт буыны» атты екінші көрмесі ашылды.
Сандық трансформация: Интернет журналистиканы жаулап ала ма27 Қыркүйек 2018Astana Media Week аясында Өңірлік БАҚ форумы өз жұмысын бастады. Шараның ашылуында Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев аталмыш шара маңызды және өзекті екенін атап өтті. Министр бір алаңда жетекші өңірлік БАҚ өкілдерін жинай отыра, өңірлік медианы дамытудың маңызды мәселелерін талқылауға мүмкіндік бар екенін алға тартты.
Болашақтың мамандығы: Жастарға кеңес26 Қыркүйек 2018Алдағы 10 жылда не болады? Соңғы кездері футурологтар көптеген ескі мамандықтар – бухгалтерлер, операция жасайтындар, тіпті заңгерлер жоғалады деп үрей туғызады. Мамандардың айтуынша, әрбір адам болашақтың өзгерістеріне бейімделе білуі қажет. Еліміздің танымал кәсіби мамандары болашақтың мамандығы қандай болатынына жауап іздеп көрді. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Astana Media Week: Байланысы мықты мемлекеттің қорғанысы да қуатты26 Қыркүйек 2018Бүгін БАҚ саласындағы маңызды шаралардың бірі Astana Media Week басталды. 2 мыңға жуық адам қатысатын форум 3 күнге созылады. Шараның ашылуында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев форум тәжірибе алмасу бойынша таптырмас алаң екенін мәлімдеді. Екінші мәрте өткелі жатқан Astana Media Week қазақстандық медиапталығында талқыланатын мәселелер туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Биыл жалпы саны 555 стипендия бөлінді25 Қыркүйек 2018Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана мен Афина туризм саласында ынтымақтасты25 Қыркүйек 2018Бүгінгі таңда Қазақстан мен Грекия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзара тиімді әлеуеті әлі де мол және көлік, ауыл шаруашылық, туризм мен қаржы салаларында айтарлықтай өсу көрсеткіштері баршылық.
Өңірлерді дамытуды өзектендіру: 12 нәтижелі көрсеткіш орындалады25 Қыркүйек 2018 Өңірлерді дамыту бағдарламасы күшейе түсіп, өзектілігін арттырады. Үкіметте баяндама оқыған Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 12 нәтижелі көрсеткішке қол жеткізілетінін айтты. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру мен оны өзектендіру» бағдарламасы өңірдегі жағдайды қалай өзгертеді. Толығырақ Strategy2050.kz АА әзірлеген материалдан оқи аласыздар.
Қазақстанда өрт қауіпсіздігі айлығы басталды - ІІМ24 Қыркүйек 2018Биылғы 15 қыркүйектен бастап өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Айлық шеңберінде Ішкі істер комитетінің аумақтық бөлімшелерінің инженерлік-инспекторлық құрамы аула-ауланы аралау және тұрғын-үй секторының халқымен жиын өткізу кестелерін әзірледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өрт қауіпті кезеңнің өтуіне және жылу беру маусымына әзірлікке арналған баспасөз конференциясында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтып берді.
Туризмді дамыту: 2018 жылы әуебилеттерінің құны төмендейді24 Қыркүйек 2018Туризм саласы әлем елдерінің экономикасынан ойып тұрып орын алатын салалардың бірі. Қазақстан да көштен қалмай туризм саласын қалыпқа келтіріп, дамыту үшін әрекет етіп жатыр. Алайда, елдегі туризмді дамыту саласының проблемалары да жоқ емес. Туризмді ілгерілендіру үшін туристендіру картасы да әзірленген болатын. Бүгінде аталмыш карта бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілген. Үкімет сағатында талқыланған туризм саласындағы шешілуі тиіс мәселелермен келесі материалдан таныса аласыздар.
Халықтың әл-ауқаты елдің заң шығару жүйесінің сапасына байланысты – Қ.Тоқаев21 Қыркүйек 2018Қазақстандағы бірқатар заңдардан ішкі қарама-қайшылықпен қатар теңгерімділіктің жоқтығын көруге болады. Заң шығару процесін одан әрі жетілдіру қажеттігі бар. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары палатаның заң шығаруға қатысты өткен Үкімет сағатында мәлімдеді.
Ташкентте Орталық Азия көлік дәліздерінің дамуы талқыланды21 Қыркүйек 2018Халықаралық көлік дәліздерін әртараптандыру еліміздің көлік-логистика жүйесінің дамуында аса маңызды рөл атқарады. Еліміздің территориясы арқылы 11 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Нақты айтқанда, 5 теміржол және 6 автомобиль дәлізі. Бүгінде Қазақстан территориясымен жүктерді тасымалдау мен тауарларды жеткізу мерзімі 13-15 күн, бұл теңіз көлігімен салыстырғанда 2 есе жылдам. Ташкентте «Халықаралық көлік дәліздерінің жүйесіндегі Орталық Азияның орны: стратегиялық перспективалары мен іске аспаған мүмкіндіктер» атты халықаралық конференциясында Орталық Азия дәліздерінің дамуы талқыланды.
Нұрлы жер: 2 бөлмелі пәтерді жалдау төлемі айына 5 мың теңге болады21 Қыркүйек 2018Бүгінде азаматтардың маңызды мәселелерінің бірі - өз баспаналарына қол жеткізу. Халық саны өсіп келеді, жаңа отбасылар құрылуда. Сондықтан қазақстандықтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі - басты назарда. Бүгінгі таңда осы мәселелерді шешу жүйелі түрде қолға алынды. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады.
Машина жасау саласы ішкі қажеттілікті 25 пайызға қамтамасыз етіп отыр20 Қыркүйек 2018Бүгінде машина жасау саласының өнімдері елдің құрал-жабдықтарын 25 пайызға қамтамасыз етеді. Ал, 75 пайыз көрші елден келетін импорт болып отыр. Бұл туралы Қазақстан Машина жасаушылар одағының басшысы Мейрам Пішембаев атап өтті.
Ғабит Байжанов Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды19 Қыркүйек 2018Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ғ.Ж. Байжановты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Алматы декларациясының 40 жылдығы Астанада аталып өтеді 19 Қыркүйек 2018Астанада 25-26 қазанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі жаһандық конференциясы өтеді. Конференция 1978 жылғы қыркүйекте қабылданған алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі ДДСҰ/ЮНИСЕФ тарихи Алматы декларациясының 40 жылдығына орайластырылады. Шараны өткізу бүкіл әлемде АМСК одан әрі дамытуға серпін береді және заманауи жаһандық денсаулық сақтау жүйесінде Қазақстанның жаңа рөлін қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазақстанда егін жинау науқаны қалай өтіп жатыр19 Қыркүйек 2018Биыл дәнді дақылдар 15,0 млн гектар алқаптан жиналатын болады, оның ішінде бидай – 11,1 млн гектар. Бұл 2017 жылғы деңгейден тиісінше 0,3 млн гектарға және 0,8 млн гектарға аз. Майлы дақылдардың жиналатын алқабы 2,8 млн. гектарды құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 0,4 млн гектарға көп. Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, республика бойынша 20,0 млн тонна дәнді дақыл жиналады деп болжануда. Майлы тұқымдар өндіру көлемі 2,3 млн. тонна деңгейінде күтілуде.
Әлихан Смайылов Қаржы министрі болып тағайындалды18 Қыркүйек 2018Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ә.А. Смайыловты Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана болашақта қалай өзгереді 18 Қыркүйек 2018Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, әкімдік Астана қаласының 2019-2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспардың жобасын әзірлеп, Үкімет отырысының қарауына ұсынып отыр. Жоба мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген. Жобаның артықшылығы туралы жұмысына білек сыбана кіріскен Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтып берді.
Жұмысы жоқ жастардың көбісінде орта білім ғана бар – министр18 Қыркүйек 2018Қазақстанда NEET жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша жол картасы әзірленді. Елде жастарды жұмыспен қамту өзекті мәселе болып саналады. Жол картасы аясында атқарылатын жұмыстар жастардың арасындағы жұмыссыздықты жояды. Жол картасының негізгі мақсаттары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Қаржыгер жұмысын құрылыстан бастады17 Қыркүйек 201811 қыркүйек күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Астана қаласының әкімі болып Бақыт Сұлтанов тағайындалған еді. Жаңа әкім қаланың тыныс-тіршілігімен танысып, жұмысқа кірісіп кетті. Б.Сұлтанов аланың жылу маусымына дайындығы мен ірі құрылыс алаңдарының жұмысын тексерді. Қаржыгердің жұмысты қрылыстан бастағанын келесі материалдан оқи аласыздар.
МӘМС: Жыл соңына дейін азаматтарға емхана таңдау құқығы берілді 14 Қыркүйек 201815-ші қыркүйек Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталады. Екі айға созылатын жыл сайынғы дәстүрлі компания 15-қарашада аяқталмақ. Қазақстандықтар осы айдың ішінде кез келген емханаға тіркеле алады. Бұл компаниядан тыс кезде де азаматтар емханаға қалай тіркеле алатыны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі аграрлық секторды қолдаудың іс-шараларын әзірледі14 Қыркүйек 2018ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі жақын арада ұлттық экономиканың аграрлық секторын қолдау үшін жаңа іс-шараларды іске қосатын болады.Экономиканы жаңғыртудың Үшінші толқыны мен өсімнің жаңа моделін құрудың қазіргі жағдайында Агроөнеркәсіптік кешеннің маңызы арта түсуде. Бұл — стратегиялық сала. Әлеуетті локоматив.
Қазақстан мен Түркия 1,7 млрд доллардың 24 коммерциялық құжатына қол қойды14 Қыркүйек 2018Анкарада өткен Қазақстан–Түркия инвестициялық форумы аясында екі ел арасында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 24 коммерциялық келісімге қол қойылды.Түрік капиталының қатысуымен жобалар, әсіресе, ел экономикасының шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталды. Бұдан өзге, олар 3000-нан астам жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.
Н.Назарбаев Р. Ердоғанмен кездесті13 Қыркүйек 2018Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі сақтала бермейді13 Қыркүйек 2018Еңбекті қорғауды басқарудың өтемдеу үлгісінен өндірісте жұмыскерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау үшін алдын ала әрекет қолдануды іске асыруға, қолайсыз еңбек жағдайларына байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін жүйеге көшу – Қазақстандағы еңбекті қорғауды реформалаудағы негізгі мақсат. Дәл осылай «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК бас директоры, техника ғылымдарының докторы Серікқали Бисақаев пікір білдірді.
Елбасы Анкарада бірқатар кездесулер өткізді13 Қыркүйек 2018Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға жұмыс сапары аясында Анкарада бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
БҒМ-ның оқырмандарға жауабы: Техникалық персоналдың жалақысы көбейеді13 Қыркүйек 2018Техникалық және қызмет көрсету персоналының қатарынан (жалақысы төмен) қызметкерлердің жалақысын көтеру туралы есептеулер жасалды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар берілген. Strategy2050.kz АА-ның фейсбуктегі парақшасына оқырмандардан әртүрлі салаға қатысты сұрақтар келіп түседі. Мұғалімдердің зейнетақыға шығуы мен жалақының аздығына қатысты бірқатар сұрақ келіп түскен болатын. Оқырмандардың қойған сұрақтарына Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтен жауап алдық.
Елде жолаушылар тасымалының сапасы артады13 Қыркүйек 2018Елде жолаушылар тасымалының сапасы артады. Бұл Мәжілісте таныстырылған «Көлік мәсселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енізу туралы» Заң жобасындағы бағыттардың бірі. Заң жобасын ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев таныстырған болатын.
ДСМ: Дәрі-дәрмекті сатып алудың тәртібі12 Қыркүйек 2018Азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі конституциялық құқығын іске асыру мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қодекс әзірленді, ол денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды да реттейді. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, 3,5 млн. астам қазақстандық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
Қазақ тілді аудиторияның цифрлық сауаттылығы қандай 12 Қыркүйек 2018Елімізде қазақ тілді бұқаралық құралдарын ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша ерекше жоба басталды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізде инновациялық эконоимиканың технологияларын дамыту, мемлекеттік сектор мен басқаруды цифрландырумен қатар осы ауқымды дағдыларын қатарын көпшілікке дәріптеу тапсырмасын қойған болатын. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін қандай шаралар атқарлып жатқаны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Назарбаев Джордж Кролды «Достық» орденімен марапаттады11 Қыркүйек 2018Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
7-20-25: Баспанаға қалай қол жеткізуге болады11 Қыркүйек 20182018 жылғы 11 қыркүйектегі жағдайға сәйкес «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғындардан 27 млрд. теңгеге өтінімдер қабылданды. Олардың ішінде банктермен 18 млрд теңгеге жуық соманы беру мақұлданды. Тамызда мақұлданған несиелердің саны шілде айының көрсеткішінен екі есеге асты. Қатысушылар саны да қарқынды өсуде. Толығырақ келесі материалда.
Тұрғын үйлерді иелеріне жөндететін жоба ұсынылды 11 Қыркүйек 2018Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау мақсатында Инвестициялар және даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Заң жобасы Үкімет отырысында мақұлданып, Мәжіліске жолданды.
Күз түскенде дірілдеп, жұмысымыз жүрмей қалып жүрмесін – Б.Сағынтаев 11 Қыркүйек 2018Үкіметтің кезекті отырысы игерілмеген қаржының жағдайына арналды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев министрлер мен әкімдерге бөлінген қаражатты жылдың соңына дейін емес, қазір игерулері керектігін жеткізді. Премьер баяндамашыларды нақты қандай жұмыстар атқарылып жатқаны бойынша сұрақтың астына алды. Қазақстан экономикасының өсімі қаңтар-тамыз айларында оң тенденцияны сақтап тұр. Сегіз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды11 Қыркүйек 2018ҚР Президентінің Жарлығымен Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы Астана қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Н.Нығматулин Беларусь елшісін қабылдады10 Қыркүйек 2018Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасовты дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.
Өңірлердің дамуы: Түркістан облысында бірнеше жаңа нысан пайдалануға берілді10 Қыркүйек 2018Түркістан облысының Кентау қаласындағы қалалық орталық ауруханасында инсульт орталығы ашылды. Аурухана базасында ашылған инсульт орталығы компьютерлік томографиямен жабдықталды. Сонымен қатар, Түлкібас ауданында мал бордақылайтын алаңдар ашылған. Ашылған нысандар халыққа қандай пайда әкелетінін туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
ЖІӨ-ге қандай да бір өзгеріс енгізуді болжап отырған жоқпыз – Т.Сүлейменов07 Қыркүйек 2018
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары аясындағы экономикалық дамудың жаңа үлгісін іске асыру туралы баяндады. Сыртқы экономикалық қатерлерге қарамастан, Қазақстан әлемнің неғұрлым дамыған мемлекеттерінің 30-дығына ену бағдарын жалғастырады.
Бір белдеу – бір жол: 5 жылда Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығы қалай дамыды07 Қыркүйек 2018Қытай Халық Республикасы – Қазақстанның сыртқы саудадағы ірі әріптесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 32%-ке өсіп, 10 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу-бір жол» идеясының бесжылдығына арналған Қазақстан—Қытай бизнес-форумында мәлімдеді. Екі елдің 400 өкілі қатысқан шарада қандай мәселелер талқыланғанын келесі материалдан оқи аласыздар.
Сенаттың жаңа сессиясының жұмысы айқындалды06 Қыркүйек 2018Алтыншы шақырылымдағы төртінші сессияның ашылуында Елбасы белгілеген міндеттерді табысты іске асыру үшін депутаттар корпусы Үкіметпен бірлесе жұмыс жүргізетін болады. Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа сессиядағы Сенаттың алғашқы отырысында осылай деп атап өтті. Президент Н.Назарбаев жариялаған бес әлеуметтік бастаманы сапалы түрде жүзеге асырудың маңызы ерекше. Олардың орындалуы үнемі бақылауда болуы тиіс екені айтылды.
Жыл соңына дейін елдегі барлық медициналық ұйымдар 100% электрондық жүйеге өтеді 06 Қыркүйек 2018Медициналық қызметтің сапасын арттыру – ұлттық денсаулық сақтаудың басты басымдығы, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.Елжан Біртанов медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқтап өтті.
Рухани жаңғыру: Қазақстан көрмелері әлемнің үлкен қалаларында қойылады05 Қыркүйек 2018Еліміздің тарихында алғаш рет халықаралық өнер сахнасында ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап қазіргі таңға дейінгі отандық бейнелеу өнері мен заманауи өнерге шолу жасайтын «Фокус Қазақстан» кең ауқымды жобасы іске қосылмақшы. Көрмелер мен тақырыптық шаралар 2018 жылғы 18 қыркүйек пен 2019 жылғы 3 наурыз аралығында Лондон (Ұлыбритания), Берлин (Германия), Джерси Сити (АҚШ) және Сувон (Оңтүстік Корея) секілді қалаларда өтеді.
Астанада Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары талқыланды05 Қыркүйек 2018Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» атты өңірлік конференцияға қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мәжілістің жаңа сессиясы: Депутаттар қандай мәселелерді талқылады05 Қыркүйек 2018Алтыншы сайланған Парламент Мәжілісінің төртінші сессиясы барысындағы басты міндеттер аталды. Жалпы отырыста 19 заң жобасы талқыланды. Жаңа сессияның міндеті мен мақсаттары анықталған отырыс туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Өзін өзі қамтығандар жаңа салық саясатын құтқара ала ма?04 Қыркүйек 20182018 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі.
Жазғы демалыста депутаттар өңірлерді аралап, елдің тыныс-тіршілігімен танысты. Демек, халықты не толғандырады, қандай өзекті мәселелер бар екенін көзбен көріп, өз құлақтарымен естігендері рас. Өйткені депутаттардың қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жолында қызмет етулері – олардың басты міндеті. Хош. Елбасы ел аралап келгендерге не тапсырды, қандай маңызды мәселелер бар? Ой жүгіртейік.
Жыл басынан бері темір жол және әуе тасымалы қымбаттаған04 Қыркүйек 2018Ағымдағы жылдың басынан бері инфляция деңгейі жаңа 5-7% аралығында сақталып отыр. Ағымдағы жылғы тамызда инфляция 0,2% құраса, жылдың басынан 2,9% құрады. Жылдық инфляция 6,0% құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
2021 жылға дейін цифрлық хабар таратуды толық аяқтауды жоспарлап отырмыз – Д.Абаев04 Қыркүйек 2018Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату жоспарының 1-ші кезеңі бойынша 2018 жылдың соңынай дейін бірқатар облыстар цифрлық хабар таратуға көшеді. Бұл жүйені елде толықтай енгізу 2021 жылға жоспарланып отыр. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев цифрлық хабар тарату саласындағы атқарылған жұмыстар мен оның әлеуметтік маңызына тоқталды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Сағынтаев СҚО-ға сапарлады03 Қыркүйек 2018Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.Сапардың мақсаты — Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының», сондай-ақ, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың өңірде жүзеге асырылу барысымен танысу.
Қазақстандағы балалардың құқықтық қорғалу деңгейі қандай03 Қыркүйек 2018Бүгінгі таңда республикада бала құқықтарын қорғау саласында қажетті заңнамалық база құрылған. Ұлттық заңнаманың негізінде бала құқықтары туралы конвенциясының нормалары балаларға қатысты басқа да құқықтық құжаттарға енген. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Айтпаева кіметте өткен баспасөз-конференциясында мәлімдеді.
Ақтөбе облысында қандай әлеуметтік-экономикалық шаралар жүзеге асырылуда03 Қыркүйек 2018
Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған жаңа пәтер иелеріне тапсырылды.«Нұр Ақтөбе» шағын ауданында «Қазақстандық ипотекалық компания» арқылы 566 пәтерге арналған тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласында екі жаңа мектеп есігін айқара ашты. Өңірдің жаңадан ашылған нысандары мен әлеуметтік жағдайы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.