Басты
  • Орталық Азия мен Қытайдағы конституциялық реформа тәжірибесі 30 Тамыз 2019 Конституция – кез-келген мемлекетте заң билігі мен құқық үстемдігін орнататын басты құжат. Мемлекеттің іргелі құндылықтары мен бұлтармас қағидаттары осы Ата заңда көрсетіледі. Дегенмен, заман дидарының өзгеруі жағдайында конституциялық реформа жүргізу халықаралық тәжірибеде қалыптасқан жағдай. Халықаралық қауымдастықтағы белгісіздік пен тұрақсыздық, сауда текетіресі мен санкциялық соғыстар, жалпы цифрландыру үрдісімен келген қоғамдық өзгерістер заңнамалық құжаттарға түзетулер енгізіп отыруды талап етеді. Азия аумағындағы бірқатар мемлекеттер заман бетбұрысына қарай бірқатар баптарын қайта қарастырған екен.
  • Ұлттық кеңес мүшелері қандай мәселелерді талқылайды (БЕЙНЕ) 30 Тамыз 2019 Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үйлестіру - дайындқ отырысында кеңес мүшелері талқыланатын өзекті мәселелерді айқындады.
  • Д.Абаев ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөнінде отырыс өткізді 29 Тамыз 2019 Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі Комиссияның кезекті отырысы өтті.
  • Ядролық қарусыздану қозғалысының көшбасшысы 29 Тамыз 2019 29 тамыз – Қазақстан тарихындағы елеулі даталардың бірі. Себебі, дәл осы күні Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде ғана емес, әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілік алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, ядролық қарудан бас тарту жөніндегі маңызды шешім қабылдады. 1991 жылы 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы аталған күнді «Дүниежүзілік ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні» ретінде жариялады. Саналы әрі шынайы таңдау жас мемлекет үшін үлкен жеңіс еді, сонымен қоса ішкі әлеуметтік-экономикалық модернизациясын табысты жүргізуге және халықаралық ынтымақтастықтың жаңа моделін жасауға жол ашты.
  • Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді 29 Тамыз 2019 Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді,деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Қазақстанның іскер әйелдерін қолдау шаралары қандай 28 Тамыз 2019 ҚР Статистика комитеті қазақстандықтардың 52 пайызы, яғни 9 миллионнан астамы әйелдер екенін, елдегі жалпы ішкі өнімнің 40 пайызын қыз-келіншектер қалыптастыратынын, еліміз бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 1 540 592 болса, оның 648 128-іне әйелдер жетекшілік ететіні туралы мәлімет келтірді. Сонымен қатар шағын және орта бизнесте 3 миллионнан астам қызмет етсе, оның 1 миллионы қыз-келіншектер. Қазақстандағы экономиканың сауда саласында 313 102 әйел, ауыл шаруашылығында 53 461 әйел және өнеркәсіпте 34 мың әйел тер төгіп жүр. Осындай ауқымды әлеуетті ескере отырып, Елордада Қазақстанның Іскер әйелдер кеңесінің V конгресі өтті.
  • Президент Анар Жайылғанованы қабылдады 28 Тамыз 2019 Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Конституцияның цифрлық өркениет дамуындағы рөлі қандай болмақ 28 Тамыз 2019 Мемлекеттік құрылымдардың әр саласына жаппай цифрландыру шаралары біртіндеп енгізіле бастағалы, аталмыш процесте жеке тұлғаның мүддесін қорғау кеплідігін бекітіп, нығайту, панельді сессияларда азаматтардың конституциялық әлеумееттік құқықтарын іске асыру құралдарын күшейту, құқық үстемдігін нығайту, мемлекеттік басқаруды, құқық қорғау жүйесін жетілдіру қазіргі кезеңде өзекті мәселе. Осы орайда Конституциялық Кеңес ұйымдастырған дөңгелек үстелде «Конституцияның цифрлық өркениет дәуірінде мемлекет пен қоғамның трансформациялануы жағдайындағы рөлі» мәселелері талқыланды.
  • ҚР Конституция күні: ҚАЖ қызметкерлері ант қабылдады 28 Тамыз 2019 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы ҚР Конституциясы қабылданған болатын. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Мемлекеттік символар алаңында мерекелік шара ұйымдастырды. Іс-шараға барлық жеке құрам мен үш түзеу мекемесі, 4 пробация бөлімінің қызметкерлері қатысты.
  • Қосымша қызметтері мен білім дәрежесіне орай мұғалімдердің жалақысы өседі 27 Тамыз 2019 ҚР Білім және ғылым министрлігі мұғалімге артатын жүктемені азайту мәселесі бойынша «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар ұсынған. ҚР БҒМ Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, Заң жобасын дайындау кезінде құрылған арнайы жұмыс тобы еліміздің барлық өңірлерінен жинаған ұсыныстарды қарап, педагог қауыммен кездесіп, сұхбаттар жүргізген. Жұмыс барысында 18 мыңнан астам ұсыныс талданып, барлық ұсыныстар мұғалім мен сараптамалық топпен кеңінен талқыланған.
  • Республикалық бюджет қаражаты барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді – А.Мамин 27 Тамыз 2019 Үкімет отырысында қарауға екі Заң жобасы енгізілді, олар: «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы». 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы Заң жобасы Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес ағымдағы жылы 2017-2019 жылдарға арналған трансферттер туралы заңның қолданысы аяқталуына байланысты әзірленді.
  • Мемлекет басшысы Волонтер жылын жариялау туралы Жарлыққа қол қойды 27 Тамыз 2019 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылын жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Мемлекеттік сатып алудағы өзгерістер қандай болмақ 27 Тамыз 2019 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Қаржы министрлігіне квазимемлекеттік секторды мемлекеттік сатып алу және сатып алу мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу тапсырылды.
  • Президент бюджетті жоспарлаудың барлық кезеңдерінде шығыстарды оңтайландыруға шақырды 27 Тамыз 2019 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • «Бизнестің жол картасы-2020»: ауылдық жас кәсіпкерлер миллион теңгелік грант алды 27 Тамыз 2019 «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өткізілетін «Бизнес кеңесші» жобасының түлектері, Қарағанды облысының ауылдарында тұратын жас кәсіпкерлер облыс әкімдігі тарапынан миллион теңгелік қайтармысыз грант алды.
  • Президент Жолдауы – жаңа мақсат-міндеттер 27 Тамыз 2019 2019 жылы 10 маусымда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттер-парақшасында 2 қыркүйекте Халыққа Жолдауы жоспарланғанын мәлімдеді. Бұл Мемлекет басшының өз қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы Жолдауы болмақ. Оның тақырыбы қандай және алдыңғы Жолдаулардан несімен ерекшеленуі мүмкін екендігін төмендегі материалда талқылаймыз.
  • Ақпараттық қауіпсіздік қалай сақталады 27 Тамыз 2019 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Киберқылмыспен күрестің өзектілігі барған сайын арта түсуде. Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Қазақстан киберқалқаны» жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырамын» деген еді.Елбасының сөздерінің маңыздылығы осы жылы болған оқиғалар да растап отыр.
  • Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды 27 Тамыз 2019
  • Президент Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде өткізуді тапсырды 27 Тамыз 2019 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Қандай ауыл мектептері мен ауруханалары сапалы интернетке қосылады 26 Тамыз 2019 Ауыл мектептері мен ауруханалары жоғары жылдамдықты интернетке біртіндеп қосылып жатыр. Жаңа оқу жылында еліміздегі 250-ден астам ауыл мектебі мен 200-ге жуық аурухана жоғары жылдамдықты интернетке қосылады. Мұндай мәліметті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі берді. 2022 жылға дейін Қазақстанда цифрландыру саласын дамытуға арналған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы ауыл-аймақты кең жолақты интер­нетпен қам­­та­­масыз ету, Қазақ­стан­ның транзиттік әлеуе­­тін арттыру, көлік және логис­тика, ден­­­сау­лық сақтау, білім беру, ауыл шаруа­шы­­лы­­ғы және электронды сауда салаларына цифрлы тех­­­но­ло­гияны ендіру, мемлекеттік ор­­ган­дар жұмысының сапасын арттыру және IT-мамандарды даярлау бағыттарын қамтиды.
  • Сенаторлар үш өңірде не тындырды 26 Тамыз 2019 Бір топ Сенат депутаты өңірлерді аралап, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Депутаттардың Ақтөбе, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарына сапары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Венчурлік қаржыландыру және «Astana Hub» халықаралық технопаркі қалай жұмыс істейді 26 Тамыз 2019 2018 жылдың 10 қантарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында: «Цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің өз экожүйесін дамытуы аса маңызды мәселеге айналып келеді. Ол біздің Назарбаев Университеті, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT-стартаптардың халықаралық технопаркі сияқты инновациялық орталықтардың төңірегінде қалыптасуға тиіс» деген.
  • Араб елдері Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі 26 Тамыз 2019 Қазақстан мен Сауд Арабиясы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтып, Сауд елі қазақ елінің ауыл шаруашылығына инвестиция құюға қызығушылық танытты. Күні кеше Сауд Арабиясының Рияд қаласында жүрген Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Саудтағы ауыл және мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық компанияның басшысы Мэттью Дженсенмен кездесіп, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастық орнату, елге сауда инвестицияларын тарту мәселесін талқылады. Ал Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан ғарыш және экономиканың бірқатар салалары бойынша ынтымақтастықты дамытпақ.
  • Н.Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды 26 Тамыз 2019 ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
  • Елбасы тапсырмасы: Үкімет кешенді іс-шараларды қалай жүзеге асырады 23 Тамыз 2019 ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан. Назарбаев биыл 21 тамызда Nur Otan партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында бірқатар тапсырмаларды жүктеген болатын. Үкіметте өткен баспасөз отырысында өкілетті орган өкілдері тапсырмаларды жүзеге асыратын іс-шаралар туралы айтып берді. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Ауыл-ел бесігі: Ақмола облысында қандай жобалар жүзеге асты 23 Тамыз 2019 2019-2021 жылдары ауылдарды дамыту үшін қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына 2019 жылы Қазақстан бойынша 30 млрд теңге, ал жалпы жергілікті бюджеттен шамамен 4,7 млрд теңге бөлінеді. Ал Ақмола облысы бойынша аталмыш бағдарлама аясында 2019 жылы 19 жобаны жүзеге асыру жоспараланып отыр.
  • Қ.Тоқаев Қарағандының бірқатар кәсіпорындарын аралады 23 Тамыз 2019 Мемлекет басшысы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағына және «Әлфарух» логистикалық орталығына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Ақмола облысы инвестициялық ахуалын арттыруда 23 Тамыз 2019 Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және туризм салалары бойынша шет елдермен ынтымақтастықты дамытып, әлеуетін арттыруда. Сондай-ақ, облыс басшысы Ермек Маржықпаев өңірдің елді-мекендерін аралап, әлеуметтік-экономикалық даму ахуалын бағамдады. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Маңғыстау облысы білім беру жүйесіне бірқатар өзгеріс енеді 23 Тамыз 2019 Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше аталған өңір республиканың басқа өңірлерімен салыстырғанда туу көрсеткіші жағынан алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Маңғыстауға көшіп келушілер саны да күн санап артып келеді. Сол себепті өңір үшін мектеп құрылысының мәселесі бірінші кезекте. Жоспар бойынша алдағы алдағы бес жыл ішінде бала саны 138 мыңнан 212 мыңға дейін артатындықтан, аудан, қала әкімдіктерімен жобалық қуаты 16400 орынды құрайтын 21 мектептің жобалық-сметалық құжаттары жасақталып жатыр.
  • СҚО әкімдігі ауылға баратын дәрігерлерге 1,5 млн теңге береді 22 Тамыз 2019 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласында бірқатар ауқымды шаралар қолға алынып, салада оң өзгерістер орын алуда. Осыған дейін облыс әкім Құмар Ақсақалов облыста 200-ден астам дәрігер жетіспейтінін айтқан болатын. Енді Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ауылға баратын дәрігерлерге 1,5 миллион теңге, ал қалада қалатындарға 505 мың теңге көтерме жәрдемақы беретін болыпты.
  • Алматы облысы жаңа оқу жылына қалай дайындалып жатыр 22 Тамыз 2019 Алматы облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен мектептеріне математиканы сингапурлық әдіспен оқыту жүйесі енгізіледі. Математиканы сингапурша оқытудың ерекшелігі, педагогтар дайындау мәселесі, оқу-әдістемелік материалдармен танысу облыс әкімі Амандық Баталовтың сингапурлық «Marshall Cavendish Education» баспасының өкілдерімен өткізген кездесуінің негізгі тақырыбы болды. Аталмыш баспаның математика мен нақты ғылымдарды оқытудың әлемге әйгілі әдістемесін енгізуде әлемдік тәжірибесі бар.
  • Елордада мектеп пен мұғалімнің жетіспеуі, педагогтардың қызметі мен статусы 22 Тамыз 2019 2019-2020 жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтан қаласындағы 108 мектепте 162 мың оқушы білім алады. Сонымен қатар бірінші сыныпқа 24 мың оқушы барады. Елордамыздағы халық санының өсуі – жаңа мектептер салу мәселесінің өзекті екенін көрсетеді. Оның үстіне соңғы 10 жылда бас қаламыздағы мектептер саны 1,5 есеге артты. Алайда мұндай көлем жеткіліксіз болғандықтан, алдағы бес жылда кешенді жоспар бойынша Елордада 37 білім беру мекемелерін салу жоспарлануда.
  • Сенаторлар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты 22 Тамыз 2019 Парламент Сенатының депутаттары өңірлерге сапарлап жүр. Мәселен, Парламент Сенатының депутаттары Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесіп, өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуы, халықтың жағдайын жақсарту, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын, агроөнеркәсіптік кешен, жол инфрақұрылымы мен ауыл-аймақтарды абаттандыру сияқты бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Сенаторлардың сапары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстандықтар қай салада көбірек тер төгіп жүр 21 Тамыз 2019 ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметінше қазақстандықтардың 16,1%-ы сауда саласында жұмыс істейді. Ал, ауыл шаруашылығында – 1 млн 221 мың адам, білім беру жүйесінде – 1 млн 102 мың және өндірісте – 1 млн 100 мың адам қызмет қылады.
  • Жастар жылы: Қазақстан мен Америка жастары тәжірибе алмасты 21 Тамыз 2019 Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы жобасы аясында Қазақстандық-Америкалық жастар форумы өтті. Шараға АҚШ жастар ұйымдарының өкілдері қазақстандық жастармен тәжірибе алмасуын талқылады.
  • «Nur Otan» партиясының қызметі заманға сай модернизацияланады 21 Тамыз 2019 Ақпараттық цифрландыру саласы дамыған сайын, «Nur Otan» партиясының қызметін қайта қарау, заманға сай модернизациялау шаралары күтіп тұр. Елордада Елбасы, «Nur Otan» партиясы төрағасы Нұрсұлтан Назарабаевтың, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және партияның барлық жетекшілерінің қатысуымен партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
  • Алматы балабақшасында ерекше инновациялық технология пайда болды 21 Тамыз 2019 Алматының Медеу ауданына қарасты МКҚК "№ 116 бөбекжай-балабақшасы" мектеп жасына дейінгі балаларда моториканы дамыту үшін «киіз басу»,«Жүн өңдеу» технологиясын ұсынды. Бұл туралы «Мектепке дейінгі ұйымдардағы 4k моделін жүзеге асыру жағдайындағы инновациялық технологиялар» тақырыбындағы Алматы қаласы мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің форумында мәлім болды.
  • Қазақстанда ӘМБ тауарлар өндірісі сұранысты өтей ме? 20 Тамыз 2019 Статистика жөніндегі комитеттің мәліметінше әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының инфляциясы жылдың басынан бері – 7,9 % өсті. Ал шілде айының басынан бері – айтарлықтай өзгеріс байқалмады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанның азық-түлік тауарлары өндірісінің көлемі туралы мәлімет берді.
  • Өңірлер: Мәжіліс депутаттары аймақтардағы кәсіпорындарды аралады 20 Тамыз 2019 Мәжілістің депутаттары өңірлерді аралап, аймақтардың өнеркәсіптік орындары мен инфрақұрылымымен танысты. Мәселен, Мәжіліс депутаты Марат Бопазов Жамбыл облысына сапары барысында Тараз қаласындағы кондитерлік фабрика жұмысымен танысты.
  • Қазақстан 10 маңызды азықтық-түліктің бағасын шектемек 20 Тамыз 2019 2019 жылдың басынан бері инфляция 4,6 пайыз дәліз шегінде болып тұр. Ал, жылдық инфляция 5,4 деңгейін сақтады. 2018 жылдың шілдесіндегі дерек бойынша ол 5,8 пайызды құраған болатын. Негізінен, азық-түлік тауарлары инфляцияның өсуіне ең көп әсер етеді. Төмендегі материалда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қадағалау және бақылау шаралары туралы мәліметтер.
  • АХҚО туралы жаңа заңның артықшылықтары қандай 20 Тамыз 2019 Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің қазіргі нәтижелері мен перспективалары талқыланды. Сонымен қатар, «Астана» ХҚО туралы Конституциялық заңға енгізілген өзгертулер таныстырлды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды 20 Тамыз 2019 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бердібек Сапарбаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Қазақстандағы ақылы жолдар жүйесі қалай іске асады? 19 Тамыз 2019 Әлемнің отыздан астам елінде ақылы автожолдар бар. Оған жиналатын қаржы жолды күтіп ұстауға, жол бойындағы инфрақұрлымды жетілдіруге, жұмыс істеуіне жұмсалады. Жол құрлысы мен оны күтіп ұстауға көп шығын кететіндіктен және еліміздің бюджетінен кететін мол шығынды азайту мақсатында ақылы автомобиль жолдары енізілген болатын.
  • Кәсіп ашу үшін несиені қалай алуға болады 19 Тамыз 2019 Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ауылда іске асырылатын кәсіптің барлық түріне төмен пайызбен несие береді. Несиелендіру мерзімі - 5 жылға, ауыл шаруашылығына 6,5 жылға дейін. Кәсіп бастағандарға жеңілдік мерзімі қарастырылған. Кепілдікке ауылдық жерлердегі мүлкін де қоюға болады. Бір сөзбен айтқанда, несие алудың шарттары жеңіл, талаптары қиын емес. Ауыл тұрғындарының кәсіппен айналысуына мемлекет барынша қолдау көрсетеді.
  • Қазақстандағы зейнетақы жүйесі қалай өзгереді? 19 Тамыз 2019 2019 жылдың тамызына дейінгі көрсеткіш бойынша зейнетақы жарналарының барлық түрі бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,17 триллион теңгені құрапты. Сөйтіп оның өсімі 8 пайызға артқан. Сондай-ақ, биылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшарының салымы 8 миллион теңгеден асқан жағдайда жеке басқарушыларға кетуге рұқсат етіледі. Зейнетақы төлемдерін тағайындау барысындағы «Бір терезе» қағидаты, жинақтарын қандай да бір себеппен ала аламаған азаматтар үшін салымдарын алу жолдары туралы төмендегі материалда.
  • Түркістан облысының инфрақұрылымы қалай дамып жатыр 19 Тамыз 2019 Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінің жастары жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен қарсы алмақ. Себебі бүгін спорт күні мерекесіне орай кент орталығынан 240 адамға есептелген «Ер Жәнібек» атындағы су жаңа шынықтыру-сауықтыру спорт кешені пайдалануға берілді. Түркістан облысының инфрақұрылымдық дамуын келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстанда бірқатар ұйымдардың басшыларын тағайындау тәртібі өзгерді 19 Тамыз 2019 Мемлекет басшысы республикалық деңгейдегі бірқатар ұйымдардың басшыларын тағайындау тәртібін қайта қарау туралы Жарлыққа қол қойылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Аграрлық салада бизнесті қалай құруға болады 16 Тамыз 2019 Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан халқының 47 пайызы ауылда тұрады. Мамандардың айтуынша, Қазақстан экономикасы жақын болашақта ауыл шаруашылығына сүйене алады. Өйткені оны дамытуға мұнда барлық мүмкіндіктер бар. Күні кеше ғана Қазақстан Қытай халық республикасына ет өнімдерін экспорттауды бастады. Төмендегі материалда ауыл шаруашылығы саласында бизнес ашу мүмкіндіктері туралы баяндалады.
  • Педагогтардың мәртебесін көтеру үшін мұғалімдердің еңбекақысын 4 жылдың ішінде 2 есеге арттыру қажет 16 Тамыз 2019
  • Ұстаздар Президенттің бастамаларын толық қолдайды-пікірлер 16 Тамыз 2019 Тамыз конференциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан бастамаларды мұғалімдер қауымы қолдайды. Бұл туралы конференцияға өңірлерден қатысқан мұғалімдер өз пікірлерінде айтты.
  • Қ.Тоқаев Тамыз конференциясында бірқатар тапсырмаларды жүктеді 16 Тамыз 2019 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жаңа оқу жылы қарсаңында Тамыз конференциясы өтті. Шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен екі мыңнан астам ұстаз келді. Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыланып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылды. Айта кетейік, осы уақытқа дейін Тамыз конференциясы шеңберінде 7-15 тамыз аралығында тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды. Тамыз конференциясында айтылған ұсыныстар мен Президенттің тапсырмаларын келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Латын графикасына көшуде педагогтардың дайындығы кезең-кезеңімен өтеді 16 Тамыз 2019 Б.Сүлейменов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысатын Қазақстанның педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясының ғылым мен білім саласын дамытудағы рөлі, латын графикасына педагогтардың дайындығы туралы айтты.
  • Тамыз кеңесі - педагог қызметкерлерінің түйіткілді мәселелерін шешуге ұйытқы болады – сарапшы 15 Тамыз 2019 Ертең Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Тамыз конференциясы «Жекеменшік білім бер ұйымдарының республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрайымы Роза Садықова, Қазақстандағы салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева қызметкерлерінің түйіткілді мәселелерін шешуге ұйытқы болады деп есептейді.
  • Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту қалай жүзеге асырылуда 15 Тамыз 2019 Қазақстанда халықтың жаппай спортпен шұғылдануы үшін спорттық инфрақұрылымды дамыту аса қажет. Қазір елде 38,6 мың спорт нысаны бар. Оның 27,5 мыңы білім нысандарына, 11,1 мыңы дене шынықтыру мен спорт нысандарына жатады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында ел бойынша 100 дене шынықтыру – сауықтыру кешенін салу қажет деген тапсырма берген болатын.
  • Қазақстан жолдарының қауіпсіздігі мен ақысы қалай реттеледі 15 Тамыз 2019 Еліміздегі жолдардың басым бөлігі қайта жаңғыртудан өтіп,күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, республикалық маңызы бар «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркменістан Республикасының шекарасы» автожолының 73 шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан өңіріндегі республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының 415 шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
  • МСҚ 2020 жылы көрсетілетін медициналық қызметтерді сатып алуға дайын 14 Тамыз 2019 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының инфрақұрылымдары 2020 жылы халыққа көрсетілетін қызметтерді сатып алуға толығымен дайын. Қор медициналық сақтандыру саласындағы озық тәжірибелерді қолданысқа енгізіп, жүйені дамыту жұмыстарын алдағы уақытта да тоқтатпайды. Бұл туралы оңтүстік астанада медициналық сақтандыру мәселелері жөніндегі аймақтық штаб отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді.
  • Енді мемлекеттік сатып алуда жемқорлық пен қателікке жол жоқ 14 Тамыз 2019 2019 жылдың алғашқы 7 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу қызметінде 283 миллиард теңге үнемделген. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алудағы жемқорлықтың алдын-алуды, деңгейін төмендетуді, қатысушылар арасындағы бәсекелестікті қалыптастыруды қадағалайды. Осы орайда ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев және министрліктің мемлекеттік сатып алулар департаментінің директоры Сәбит Ахметов ҚР Үкіметінің баспасөз алаңында мемлекеттік сатып алудың және квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру шаралары туралы баяндады.
  • Тоқаев белгілі археолог Зейнолла Самашевты қабылдады 14 Тамыз 2019 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі археолог Зейнолла Самашевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • JOB FAIR- 2019: Шетелде білім алған мамандарға сұраныс қандай 14 Тамыз 2019 ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «JOB FAIR- 2019» бос орындар жәрмеңкесі өтті. «JOB FAIR-2019» – бұл, жұмыс берушілер мен ізденушілердің кездесетін тиімді алаңы. Іс-шараға 80-нен астам жұмыс беруші қатысты, олар таныстырылымдар мен воркшоптар және де шеберлік класстарын жүргізді.
  • Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің экологиялық, экономикалық тиімділігі 14 Тамыз 2019 Тұрмыстық қалдықтарды игеру – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылы мәлімдеген "жасыл" экономикаға көшу концепциясындағы басты тармақтардың бірі. Осы мақсатта Қазақстан 2030 жылға дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 40 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Мамандардың сөзінше еліміздегі тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, 60 миллиард теңге көлемінде пайда табуға болады. Алайда олардың көбі қазіргі таңда полигонға көміліп жатыр. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 3,5 мыңнан астам полигонның ешқайсы (Нұр-Сұлтан қаласынан басқасы) санитарлық-экологиялық нормаларға сай келмей отыр, деген мәлімет келтірген еді. Дегенмен еліміз бойынша тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдейтін жүзден астам кәсіпорын жұмыс істеп жатыр.
  • Қазақстанда республикалық бюджет 101%-ға орындалды 14 Тамыз 2019 Республикалық бюджет 101% және жергілікті бюджет 108% орындалды.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің 2019 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындылары туралы айтып берді.
  • Қазақстандағы ішкі аудит қатерлері мен перспективасы қандай 13 Тамыз 2019 Н.Назарбаевтың Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 93-қадамында еліміздегі ішкі мемлекеттік аудитті реформалау туралы айтылған еді. Ал Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін жүзден астам компания тіркелген. Жалпы, мекемелер мен әртүрлі компаниялардың, акционерлік қоғамдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жасайтын аудит қызметіне елімізде жылдан-жылға сұраныс артып келеді. Жыл сайын жоғары оқу орындарында «аудит», «мемлекеттік аудит» мамандықтарына қосымша гранттар бөлінеді. Алайда, қазақстандық компаниялардың ішкі аудиттегі инновацияларға дайындығы, ықтимал кедергілері, процестерді автоматтандырудағы (RPA) аудиторлардың рөлі және ұйым процестеріне жаңа технологияларды енгізу мәселелері әлі күнге өзекті. Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, ішкі аудитті жүргізу кезінде туындайтын қиындықтарды шешу және тағы басқа іс-шаралар туралы төмендегі материалда.
  • Президент экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді 13 Тамыз 2019 Мемлекет басшысы экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Қазақстанда мемлекеттік бюджет қалай игеріліп жатыр 13 Тамыз 2019 2019 жылғы 7 айда мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы ҚР Үкіметінің отырысында баяндалды. Мәселен, мемлекеттік бюджет бойынша кірістердің өсу қарқыны 114,5%-ті, республикалық бюджет бойынша - 118%-ті және жергілікті бюджет бойынша - 106%-ті құрады.
  • Жаңа оқу жылына дайындық ойдағыдай – А.Аймағамбетов 13 Тамыз 2019 Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.Осы жерде ең маңызды бағыттар: оқулықтармен қамтамасыз ету, жөндеу жұмыстарын жүргізу, білім беру нысандарын пайдалануға беру, балаларды тасымалдау мен тамақтандыруды ұйымдастыру. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді.
  • «JASTAR KERÝENI» жолға шықты 13 Тамыз 2019 Нұр-Сұлтандағы «Амфитеатр» мәдениет мекемесінде 1700-ден астам белсенді жастар өкілдері «JASTAR KERÝENI» жобасының ашылуында бас қосты. Слетке Қазақстанның барлық аймағынан 16-29 жас аралығындағы белсенді, білімді және дарынды жастар қатысты.
  • Маңғыстау облысының инвестициялық, экономикалық әлеуеті қандай 12 Тамыз 2019 Маңғыстау облысында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері құны 1,1 миллиард теңге болатын 39 жоба мақұлданып үлгерді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікке қолдау көрсету мақсатында 2 миллиард теңгеден астам қаржының шағын несиесі бөлінген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 12%-ға көп. Осы жылдың алты айы ішінде облыста ауыл кәсіпкерлері – 1 529 милион теңге, ал, қала кәсіпкерлері – 699 миллион теңге несие алған. Маңғыста облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының нәтижесі де жаман емес. Жыл басынан бері 17 140 жұмыс орны құрылып, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ке дейін түскен.
  • Мемлекет басшысы Смағұл Елубайды қабылдады 12 Тамыз 2019 Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Қарапайым заттар экономикасының әлеуетін толық пайдалану қажет – елорда әкімі 12 Тамыз 2019 Қала әкімі Алтай Көлгінов «Көктал-1» және «Көктал-2» тұрғын үй массивтеріне барды. Сонымен қатар, индустриялық парктің жұмысымен танысып, құрылысшыларды құттықтаған болатын. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстандағы құрылыс: 2019 жылы 118 мың тұрғын үй салынады 12 Тамыз 2019 Қазақстанда құрылысшылар жыл басынан бері 5,7 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берген. 2019 жылы барлығы 118 мың тұрғын үй немесе 13 млн.шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Қазақстанда Құрылысшылар күні тамыздың екінші жексенбісінде атап өтіледі.
  • Н.Нығматулин АҚШ конгрессмендерімен кездесті 09 Тамыз 2019 Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин АҚШ Конгресі Өкілдер Палатасы мүшелері Дэвин Нуньес және Рико Кроуфордпен кездесті.
  • Қазақстанда тауарлар мен дәрілердің сапасы қалай тексеріледі, нәтижесі қандай 09 Тамыз 2019 Қазақстанда 2019 жылдың алты айындағы қорытынды бойынша тағам өнімдеріне жасалған монитроинг кезінде талапқа сай емес тауарларға 38 миллионнан астам теңгеге айыппұл салынып, 16 миллионнан астам теңгенің 29 тонна қауіпті тағам өнімі айналымнан алынған. Сондай-ақ 1556 ойыншық үлгісі зерттеліп, оның 916 түрі, яғни 60 пайызы балалар денсаулығына қауіпті болып шықты. Бұл ойыншықтардың басым бөлігі Қытайдан (73,2 пайыз) және Түркиядан (26,4 пайыз) әкелінген. Айналымнан 332 келі ойыншық алынып тасталды. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мұндай мониторингті ай сайын жүргізеді. Н.Назарбаевтың өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы заң талаптарын бұзуға жол бермеу, қазақстандықтардың денсаулығын қорғау мақсатында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті құрылған болатын. Осы орайда, аталмыш комитеттің 2019 жылдың жарты жылдағы есебі төмендегі материалда.
  • Мемлекеттік қызметкерлердің мансаптық өсуі қалай реттеледі 09 Тамыз 2019 Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің мансаптық көтерілуіне, сонымен бірге объективті және ашық іріктеу жүргізудің институционалдық тұрғыда барлық жағдайы жасалған. 2016 жылдан бастап ішкі конкурс институты енгізіліп, конкурстан тыс тағайындаулар минимизацияланып, техникалық жазба құралдары және бақылаушылар институты қолданылып, әңгімелесудің ашықтығы қамтамасыз етілуде.
  • Ұлықтау рәсіміндегі сөз саяси декларация ретінде 09 Тамыз 2019 Қазақстанның қазіргі тарихында алғаш рет Президент өкілеттіктері легитимді түрде берілді. Көпшілік жұрт үшін бұл күтпеген оқиға болды. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімдерін салыстыра отырып, көпшілік инаугурациялардың ұсақ ерекшеліктеріне мән берді, бірақ ең бастысын байқаған жоқ. Бастысы - ұлықтау рәсіміндегі сөз еді. Ұлықтау рәсімінде айтылатын сөзді сайлау алдындағы кампанияның түйіні деуге болады.
  • Индустриялық саясат: Басымдыққа ие тауарлардың қазақстандық үлгісі қажет пе 09 Тамыз 2019 Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы жобасының шеңберінде басымдыққа ие 4241 тауар өнеркәсібінің 16 саласы анықталды. Жобаға орай Қазақстан импортты алмастыру және экспорт бағыттары бойынша дамуды көздеп отыр. ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында еліміздің индустриялық саясатындағы жаңа басымдықтар мәселесі талқыланды.
  • Электронды үкімет: EgovKzBot Telegram-ботын қалай пайдаланамын 08 Тамыз 2019 Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, кезек күтпей-ақ Telegram қосымшасындағы EgovKzBot Telegram-боты арқылы түрлі қызметтер алу мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта EgovKzBot телеграмботын қолданушылар саны жарты миллионға жеткен.
  • Көлеңкелі бизнеспен қалай күресу қажет 08 Тамыз 2019 Тері бұйымдары бойынша пилоттық жобаның нәтижесінде 2018 жылы кірістер 1,5 есеге өсті. Бүгінде темекі мен алкоголь өнімдері бойынша пилоттық жоба жүргізілуде Қазақстанда «көлеңкелі» бизнеспен қалай күресіп жатқаны жайында Үкіметте өткен баспасөз конференциясында өкілетті орган өкілдері айтып берді. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Президент Юрий Пяны қабылдады 08 Тамыз 2019 Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • «Ауыл – ел бесігі»: 2025 жылға дейін ауылда не өзгереді 08 Тамыз 2019 «Ауыл – ел бесігі» ауылдарды дамыту, инфрақұрлымын жақсарту жобасы – «Нұр Отан» партиясының XVIII сьезінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев бастамасымен іске қосылған болатын. 2019-2021 жылдарды қамтыған жобаға жыл сайын 30 миллиард теңге бөлінбек. Оған қосымша, биылғы жылы осы жобаға жергілікті бюджеттен 4 миллиард 700 миллион теңге бөлінді. Аталмыш шараның бағыттары және жоба механизмдері туралы төмендегі материалда.
  • Оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыру қалай жүзеге асырылуда 08 Тамыз 2019 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2015 жылдан бастап еліміздің жұмыс күші аз солтүстік өңірлеріне халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан халықты өз еркімен қоныстандырып, оларға қажетті жағдай жасау жұмыстары басталған болатын. Бүгінгі таңға дейін қоныс аударғандардың басым бөлігі тұрғын үймен, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамтылған. Өз кәсібін ашамын деушілерге егін , мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бос тұрған ғимараттар ұсынылды. Бұл үрдістің Түркістан облысында қалай жүзеге асырылып жатқанын келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Жарты жылда қанша қазақстандық Бірыңғай жиынтық төлем төледі 07 Тамыз 2019 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларға қызмет көрсететін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналып Бірыңғай жиынтық төлем салығы енгізілген болатын. Бұл жаңалық – салық органдарында ресми емес жұмыспен қамтылғандардың қызметін тіркеудің оңайлатылған тәртібін іске асырады. Сонымен қатар аталған азаматтар Бірыңғай жиынтық төлем арқасында еліміздің медициналық және зейнетақы жүйелеріне қатысуына қосымша мүмкіндіктер тудырады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің жұмыспен қамту департаментінің директоры Ерболат Абулхатин Strategy2050.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Бірыңғай жиынтық төлем режимінің қалай жүзеге асырылғаны туралы мәлімет берді.
  • Өңірлер: Жамбыл облысының бюджеті қалай орындалуда 07 Тамыз 2019 2019 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің жоспары 113,9 пайызды құрады, немесе болжам 40 884,2 млн. теңге болса, нақты түскені 46 498,3 млн. теңге. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 111,0 пайызды құрады немесе 4 607,7 млн. теңгеге артқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында белгілі болды.
  • Жастар арасындағы инновациялық байқау қандай мүмкіндік береді 06 Тамыз 2019 Елбасы бекіткен «Жастар жылы» аясында қазақстандық жастардың әлеуметтік әлеуетін арттырып, қоғамдағы азаматтық белсенділігін жоғарылатуға байланысты бірнеше бағыттағы іс-шаралар атқарылып келеді. «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастыратын Нетворкинг және жастар ұйымдарының тәжірибе алмасуы жобасы және «Jastar Otanga» инновациялық идеялар байқауына кімдер қатысып, қалай үлес қоса алатыны туралы толық ақпаратты төмендегі материалдан оқи аласыз.
  • Қ.Тоқаев Н.Ноғаевқа әлеуметтік тұрмысы төмен тұрғындар тобына қолдау көрсетуді тапсырды 06 Тамыз 2019 Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Burabay Forum: Жас ғалымдар ғылыми тәжірибе алмасады 06 Тамыз 2019 Нұр-Сұлтанда Жас ғалымдардың ІІI халықаралык «Byrabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» форумы басталды. Ғылыми шара Ақмола облысында жалғасады, онда ғылымның әртүрлі бағыттары бойынша секциялык отырыстар және дискуссиялық алаңдар ұйымдастырылады.
  • "Жас кәсіпкер": Жұмыссыз жастарға арналған жобаға қалай қатысамын 06 Тамыз 2019 Елбасы қабылдаған еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес және Жастар жылына орай «Жас кәсіпкер» жобасы іске қосылған болатын. Жобаның үйлестірушісі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Жұмыссыз, тұрақты табыссыз жүрген 18-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасы – қатысушыларды кәсіпкерліктің қыр-сырына қандырып, өз нишасын тауып, бизнес бастауға көмек көрсетеді. Сондай-ақ, жаңадан іс бастағыс келгеен талапкер қатысушыларға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (505 мың теңге) бастапқы капитал ретінде грант беріледі.
  • Қ.Тоқаев Б. Сағынтаевты қабылдады 05 Тамыз 2019 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы қалай іске аспақ 05 Тамыз 2019 Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бастап, жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскер табысының 5% мөлшерінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізілмек. Осы уақытқа дейін елімізде жұмыскердің өзінің жалақысынан 10% жарна зейнетақы қорына аударылып келген болатын. Енді бұдан былай бұған 5 пайыз жұмыс беруші өз есебінен зейнетақы жарнасын аудару өзгерісі қосылады. Қаңтардан бастап жұмыс беруші үшін не өзгеріп, бұл өзгеріс қазақстандықтардың зейнетақы көлеміне қалай әсер ететіні туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ақмәди Сарбасов Strategy 2050.kz ақпарат агенттігіне мәлімет берді.
  • Өңірлер: Жамбыл облысында білім беру гранттары қалай жіктелді 05 Тамыз 2019 Жамбыл облысында 460 түлек оқу грантына ие болады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова айтып берді.
  • Арыс қаласының тұрғын үй, инфрақұрылымын қалпына келтіру қалай жүзеге асуда 02 Тамыз 2019 Түркістан облысы, Арыс қаласының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Үкімет басшысы Арыс қаласына арнайы келіп арыстықтардың зардап шеккен үйлерін, қаладағы әлеуметтік нысандарды, инженерлік желілер салу және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Сонымен бірге Үкімет басшысы министрлер мен әкімдердің басын қосып, қаланы қалпына келтіру жөнінде кеңес ұйымдастырды.
  • Астана процесі: Сирия келіссөздерінің 13 отырысында талқыланған мәселелер 02 Тамыз 2019 Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Сирия келіссөздерінің екінші отырысы өтті. 2017 жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен Астана процесі басталған болатын. Бүгінгі отырыста Астана процесі аясында Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі келесі халықаралық кездесу қазан айында өтетіні мәлім болды. Бұл туралы Астана процесінің 13-кездесуінде кепіл мемлекеттер - Иран, Ресей және Түркияның бірлескен мәлімдемесінде айтылды. Мәлімдеме 13 тармақтан тұрады.
  • Дипломмен ауылға: жас дәрігерлерді ынталандыру шаралары қандай 02 Тамыз 2019 2019 жылдың қорытындысына сәйкес, медициналық жоғары оқу орнын 5003 түлек тәмамдаған. Оның ішінде 1 819 жас маман ауыл-аймаққа барып жұмыс істеуге шешім қабылдаған. Өңірлердегі медицина саласындағы кадр тапшылығын азайтудың жолдарын қарастырып жатқан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде осындай мәлімет келтірілді.
  • Өңірлер: Сенаторлар мемлекеттік бағдарламалардың жұмысымен танысты 02 Тамыз 2019 Сенаторлар өңірлерге сапарын жалғастырып жатыр. Мәселен, Парламент Сенатының депутаттары Рашит Әкімов пен Дәурен Әділбеков Ақмола облысындағы жұмыс бабындағы сапары барысында бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
  • Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады 01 Тамыз 2019 Кездесуде Әсет Исекешев Қордың қазіргі жұмысы, сондай-ақ әлеуметтік және білім саласындағы түрлі іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.
  • ҚР Бас санитары: Жаңа оқу жылына қалай дайындалу керек 01 Тамыз 2019 Әлемдік тәжірибе мектеп сөмкесі, мектеп формасы, мектеп оқушысының аяқ-киімдерінің сапасы стандарттарға сай келуі өте маңызды екендігін көрсетті. Себебі аталған факторлар болашақ қоғам мүшесінің денсаулығына әсер етеді. Оқушылардың ауыр мектеп сөмкелері мен рюгзактары балалардың денсаулығына кері әсерін тигізіп, сколиоз, остеохондроз, грыжа және басқа да ауру түрлерінің туындауына себепші болады. Сондықтан да баланы мектепке дайндауда мұқият болған жөн. Осы орайда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа оқу жылына оқушыларды қалай дайындау керектігі туралы бірқатар кеңес берді.
  • Грант-2019: Конкурстан өтпегендер не істейді 01 Тамыз 2019 Бүгін мемлекеттік грант конкурсының нәтижелері отандық БАҚ-та жарияланды. Биыл конкурсқа 53 785 грант бөлінді. Оған 64 452 адам қатысты. Гранттар қалай жіктелгені туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова айтып берді.
  • Энергия көздері, орнықты қалаларды дамыту мәселелері қалай жүзеге асуда 01 Тамыз 2019 Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Үкіметінің алдына қойған 10 маңызды бағыты және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасы Біріккен ұлттар ұйымы 2015 жылы қыркүйекте Жаһандық күн тәртібі ретінде бекіткен Орнықты даму мақсаттарымен сәйкес келеді. Бұл тууралы Қазақстандағы ОДМ-ның жүзеге асыру барысы туралы семинарда айтылды.
  • ИИДМБ: Қазақстанда машина жасау қалай жүзеге асырылуда 01 Тамыз 2019 Машина жасау-индустрияландыру бағдарламасының ең серпінді дамып келе жатқан салаларының бірі, деді Үкіметтегі баспасөз конференциясында ҚР ИИДМ вице- министрі Аманияз Ержанов.
Яндекс.Метрика