Женевадағы Ұлттар Сарайында «Қазақстан» залы салтанатты түрде ашылды31 Тамыз 2013 2013 жылғы 29 тамызда Женевада Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бөлімшесімен бірлесе отырып Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнді атап өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік бағдарламалардың шығынына лимит қойылады31 Тамыз 20132015 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламалардың шығынына лимит қойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі болашаққа бастайды – сарапшы30 Тамыз 2013«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі тек экономикалық тұрғыда пайда алып келмейді, сондай-ақ, Кедендік одақты күшейте түспек. Көлік және жол шаруашылығы жұмысшылары халықаралық кәсіподағының төрағасы Александр Шуриков осылай дейді.
ҚР халқының саны 236 мың адамға артты30 Тамыз 2013Қазақстанда 2013 жылдың 1 қаңтарына мәліметтер бойынша халық саны 236 мың адамға артып, 16 911,9 мың адамды құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов еліміздің 2013 жылдың қаңтар айына әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында.
Н.Назарбаев - балаларға: Астана қаласы сендер үшін салынды 30 Тамыз 2013Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 15 жылдығы құрметіне арналған мерекелік торт кесу рәсіміне қатысты. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы батыс аймақты аралады 29 Тамыз 2013Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин еліміздің батыс аймағында орналасқан құрылымдар мен әскери бөлімдерді аралады, деп хабарлайды «Стратегия 2050» ресми сайты.
Астанада жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы талқыланды29 Тамыз 20132013 жылдың 29 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында облыстар, Астана мен Алматы қалалары мәслихаттары аппараттарының хатшылары, жетекшілеріне арналған семинар болып өтті, деп хабарлайды «Стратегия-2050» ресми сайты.
ДСҰ іргесінде ауыл шаруашылығының бағын аша аламыз ба?29 Тамыз 2013Сарапшылар Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2013 жылдың соңына дейін кіруге ұмтылатынын айтады. Дәл қалай болатыны белгісіз, дегенмен былтыр Ресей, осы биылғы наурыз айында ғана Тәжікстан кірген әлемдік сауда ұйымына қатысты келіссөздердің Қазақстан үшін тықыры таянғаны белгілі. Қалай болғанда, ДСҰ аясындағы келіссөздердің ең күрделісі де, ең маңыздысы да біздің еліміз үшін ауыл шаруашылығына қатысты позициялар болып табылатыны белгілі. Ұйымға ену барысындағы келіссөздердің табандап қалуына да осы аграрлық сала бойынша Қазақстан ұстанымындағы келіспеушіліктерге қатысты болса керек. Десек те, агронеркәсіп кешенінің білгір мамандары, отандық білікті ғалымдар қалай болғанда да Қазақстан өз ұстанымынан бас тартпау керек дегенді қайталайды.
2014-2018 жылдары елімізде жылдық инфляция деңгейі 6-8% шамасында болады28 Тамыз 20132014-2018 жылдары Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 6-8% шамасында болады деп болжанып отыр. Бұл жөнінде бүгін Экономикалық саясат жөніндегі Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
2014-2018 жылдары елімізде жылдық инфляция деңгейі 6-8% шамасында болады28 Тамыз 20132014-2018 жылдары Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 6-8% шамасында болады деп болжанып отыр. Бұл жөнінде бүгін Экономикалық саясат жөніндегі Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
Үкімет басшысы Серік Ахметов мемлекеттік органдарға бюджетті сапалы игеруді тапсырды28 Тамыз 2013Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен отырыста алдағы 3 жылдық кезеңге (2014-2016 ж) арналған республикалық бюджет жобасы мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының (2014-2018 ж) болжамы қаралып, қолданды.
Үкіметтің басты міндеті - бюджеттің сапалы игерілуі - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов28 Тамыз 2013Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен отырыста алдағы 3 жылдық кезеңге (2014-2016 ж) арналған республикалық бюджет жобасы мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының (2014-2018 ж) болжамы қаралып, қолданды.
Ақмола зауыты цемент шығарудан ҚР-дағы ірі кәсіпорын болады 28 Тамыз 2013«Көкше-Цемент» ӨБ» ЖШС 20 маркадан астам цемент шығаратын республикадағы ірі кәсіпорын болмақ. Бұл жөнінде Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов Еңбекшілер ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде мәлімдеді.
«СП Sareco» сирек металды кластердің қатысушысы атанады 28 Тамыз 2013Степногорск қаласында сирек кездесетін металдардың өндірісін дамыту жалғасуда. «СП Sareco» ЖШС сирек металды өнеркәсіп кластеріне қатысушылардың бірі болмақ.
«Болашақ» халықаралық стипендиясына 427 адам ие болды28 Тамыз 2013Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығына 1,5 трлн теңге бөлінді – ҚР Президенті28 Тамыз 2013Аграрлық саланың стратегиялық мәні зор болғандықтан мемлекет қолдау көрсетіп келе жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жұмыс сапары аясында өңірдің ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерімен кездесуі барысында мәлімдеді.
Н.Назарбаев кәсіпкерлермен кездесті28 Тамыз 2013Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесу өткізді деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
Ағымдағы аптада Үкімет желісі бойынша өтетін іс-шаралар27 Тамыз 201327 тамызда Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметовтің басшылығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің дәстүрлі отырысы өтеді. Онда энергоүнемдеу туралы 2020 жылға дейінгі бағдарламаның орындалу барысы талқыланады.
Қазақстанның ағымдағы макроэкономикалық ахуалы біршама жақсы - Г.Марченко27 Тамыз 2013Қазақстанның Ұлттық банкі қазіргі саясатын өзгертетін себеп көріп тұрған жоқ. Қазақстан экспорттайтын шикізаттың бағасы қалыпты, еліміздегі ағымдағы макроэкономикалық жағдай оң бағалануда. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко ЭСКАТО-ның жоғары деңгейлі саясат мәселесі бойынша диалогы барысында мәлімдеді.
Қазақстандық мектептер 9 645 жас маманмен толықты26 Тамыз 2013Биылғы жылы Қазақстанның мектептеріне 9 645 жас маман жұмысқа орналасқан. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Марат Орынханов мәлімдеді.
БҚО-да «БЖК-2020» бойынша 7 жоба мақұлданды26 Тамыз 2013Батыс Қазақстан облысының аймақтық үйлестіру кеңесі «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 7 жобаны мақұлдады.
Қыркүйектен бастап ағылшын тілі 1-сыныптан оқытыла бастайды23 Тамыз 20132013 жылдың қыркүйегінен ағылшын тілі бірінші сыныптан бастап оқытыла бастайды. Бұл туралы білім қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
Орта мектептерге қарағанда ТжКО ұйымдарында білім деңгейі төмен – Б.Жұмағұлов23 Тамыз 2013Қазіргі таңда жалпы орта мектептерге қарағанда техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқушыларының білім деңгейі төмен. ҰБТ қорытындысы осының дәлелі. Бұл туралы бүгін білім қызметкерлері республикалық тамыз кеңесінің пленарлық отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов айтты.
Елдегі ең арзан азық-түлік БҚО-да 23 Тамыз 2013Қазақстанда азық-түлік тауарларына ең төменгі баға сақтай алған өңірлер арасында Батыс Қазақстан облысы бірінші орында, деп хабарлайды БҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Б.Сағынтаев «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру сапасын арттыруды тапсырды23 Тамыз 2013«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мен жоспарлаудың сапасын арттыратын жаңа механизмдерді жасау қажет, деп хабарлады ҚР Өңірлік даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – ведомство басшысы Бақытжан Сағынтаев.
Қазақстанда жұмыс берушілердің тапсырысымен колледждерде 5 мың студент білім алуда23 Тамыз 2013Жұмыс берушілердің тікелей тапсырысымен қазақстандық колледждерде 5 мың студент оқуда. Бұл колледжде білім алатын студенттердің 1% жуығы ғана, деп хабарлады мәлімдеді ҚР Білім және Ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов педагогтардың тамыз кеңесінде.
Хайрушиндар әулеті: жалпы еңбек өтілі 151 жыл (ФОТО, ВИДЕО)23 Тамыз 2013Энергетика саласында кездейсоқ адамдар болмайды. Тек адами қасиеттері жоғары, өзінің ішкі отымен жан-жағындағыларды қуаттандыра алатын, өзінің жан сәулесімен бөлісуге дайын ерекше адамдар ғана бұл абыройлы кәсіптің иесі атанады.
Қазақстан таңдап алған саяси және экономикалық бағыттан айнымауы қажет – сарапшы23 Тамыз 2013Қазақстан бүгінде ел басшылығы қабылдап отырған бағытты ұстап қалуы қажет. Бұл туралы «Ялта іскерлік кездесулері» IV Халықаралық инвестициялық форумы барысында «Дағдарыстан кейінгі әлем» қорының директоры Екатерина Шипова мәлімдеді.
«Бәйтерек» холдингі ҮИИД бағдарламасын қаржыландырудың жаңа моделiн әзірлеуде 22 Тамыз 2013«Бәйтерек» холдингі ҮИИД бағдарламасын қаржыландырудың жаңа моделiн әзірлеуде. Бұл туралы бүгiн «Атамекен Форумы» пiкiрталас клубының III отырысы барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишiмбаев мәлiмдедi.
ИЖТМ бірлескен ғылым және бизнес жобаларына арналған жаңа грант түрлерін әзірлеп жатыр22 Тамыз 2013Индустрия министрлігі ғылыми-зерттеу жобаларын тәжірибелік тұрғыдан іске асыруға арналған жаңа грант түрін әзірлеп жатыр, деп мәлімдеді Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
ҚДБ ҮИИД бағдарламасына қатысу үшiн екiншi деңгейлi банктерге қаржы құралдарын ұсынбақ 22 Тамыз 2013«Қазақстанның даму банкi» АҚ-ы үдемелi индустриялдық-инновациялық бағдарламаға екiншi деңгейлi банктердердi қатысуын ынталандыру үшiн қаражат пен қарыз берудi көздеп отыр. Бұл туралы бүгiн «Атамекен Форумы» пiкiрталас клубының III отырысы барысында «Қазақстанның даму банкi» АҚ басқармасының төрағасы Нұрлан Құсайынов мәлiмдедi.
Индустрияландыру жобаларын жүзеге асыру үшін кредит бойынша мөлшердемелерді төмендету қарастырылуда – Қ.Бишімбаев 22 Тамыз 2013Қазақстанда «Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыру моделін жаңғырту» жобасы аясында жобаларды қаржыландырудың қолжетімділігі мәселелерін шешу, яғни кредит бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендету қарастырылуда. Бұл туралы бүгiн «Атамекен Форумы» пiкiрталас клубының III отырысы барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишiмбаев мәлiмдедi.
2013 жылдың соңына қарай «e- learning» жүйесіне 578 мектеп қосылады21 Тамыз 20132013 жылдың соңына қарай «e-learning» жүйесіне 578 мектеп қосылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов мәлімдеді.
Салық комитеті табыс жоспарын асыра орындады20 Тамыз 20132013 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Салық комитеті табыс бойынша түсімдер жоспарын асыра орындады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінен хабарлады.
Өңірлік даму министрлігі БЖК аясында ШОБ жобаларын қолдауға көңіл бөлуді ұсынады20 Тамыз 2013Қазақстанда ағымдағы жылдың қазан айында Үкіметтің қарауына «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына төртінші өзгерістер пакеті ұсынылады. Онда шағын және орта бизнес жобаларын қолдауға назар аударылады, деп мәлімдеді Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайрат Өскенбаев Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.
Қазақстан бәсекелестіктегі тұрақтылықты растайды19 Тамыз 2013Қазақстан бәсекелестіктегі тұрақтылықты растайды. Бұл жайында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Павлодарлық фермерлер көкөніс бағасын арзандатуда 19 Тамыз 2013Павлодарлық көкөніс өсірушілер картоп, сәбіз, орамжапырақ, қызылшаның ерте пісетін сұрыптарын жинауға кірісті. Соның нәтижесінде аймақта көкөніс бағасы бірден арзандады, деп хабарлады Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Жанат Шоғаев.
«МедРемЗавод» ЖШС жетістік тарихы (ФОТО)19 Тамыз 2013«Бизнестің жол картасы 2020» (БЖК) мемлекеттік бағдарламасының іске қосылғанына бірнеше жыл болды. Бағдарлама үш жылдың ішінде өзінің жемісті нәтижесін көрсетіп келеді. БЖК-2020 қатысушыларының бірі – «МедРемЗавод» компаниялар тобының құрамына кіретін «МедАспапОптика» ЖШС. Компания көзәйнек линзаларын өндірумен айналысады. «Стратегия 2050» ресми сайтын өзінің жетістік тарихымен «МедРемЗавод» компаниялар тобының бас директоры Арыстанбек Жұмағұлов таныстырды.
Алматы облысының тұрғыны бал бизнесін ашты19 Тамыз 2013Алматы облысының тұрғыны Наталья Ковтун «Даму» КДҚ қолдауымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы бал бизнесін ашты, деп хабарлайды «Даму» КДҚ баспасөз қызметі.
VI АЭФ пен Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференция қорытындысы19 Тамыз 20132013 жылы 22-24 мамыр аралығында Қазақ елінің елордасы Астана қаласында VI Астана экономикалық форумы мен тұңғыш Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференциясы және жаһандық мәселелерге деген көзқарастар мен оларды шешудің түрлі жолдарын қарастыратын G-Global – пікірталас алаңы өтті.
Ақтөбе облысында ШОБ өнімдерінің көлемі шамамен 200 млрд теңгені құрады17 Тамыз 2013Ақтөбе облысында алғашқы жартыжылдықта шағын және орта бизнес өндірген өнімнің көлемі 199,1 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихат сессиясында өңір әкімі Архимед Мұхамедов мәлім етті.
Түркітілдес елдерінің тауар айналымы $1,150 трлн жетті - Назарбаев16 Тамыз 2013Бүгінгі күні тәуелсіз 6 түркітілдес мемлекеттің ортақ жалпы ішкі өнімі 1 триллион 150 миллиард долларға жетіп отыр, деп мәлім етті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі үшінші саммитінде.
Жастар СҚО әкiмi мен сенаторға сұрақ жаудырды16 Тамыз 201313-15 тамызда «Абакшино» демалыс орнында «СҚО жастар ұйымдарының одағы» Петропавл қалалық iшкi саясат бөлiмiнiң мұрындық болуымен жастардың жазғы саясат лагерiнiң жұмысын өткiздi
Китуевтар әулеті: жалпы жұмыс өтілі 301 жыл (ФОТО, ВИДЕО)16 Тамыз 2013Ел тарихында есімдері алтын әріппен жазылған, өз тағдырын өзі қалаған, соңынан елеулі із қалдырған жандардың өмір жолы әркез күрделі. Болашақ ұрпақ кәсіби шеберлік пен патриотизмнің эталоны ретінде теңесуге ұмтылатын адамдардың өмірі тар жол, тайғақ кешуден тұрады. Қазақстан мұнай-газ секторының мақтанышы және Китуевтар әулетінің негізін қалаушы Киту Алпысбаев - осындай адам.
Мәжіліс депутаты Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығының нысандарын аралады15 Тамыз 2013Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракция мүшесі Майра Айсина мен «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов Ұлттық ғарыш орталығының құрылыс нысандарында болды.
ШҚО-да М.Әуезовтің кейіпкеріне ескерткіш орнатылмақшы14 Тамыз 2013Сенат депутаты Ғарифолла Есім Шығыс Қазақстан облысындағы шығармашылық қауыммен кездесті, деп хабарлайды ҚР Парламенті жоғарғы палатасының баспасөз қызметі.
«БЖК-2020» шеңберінде 34 мыңнан астам жұмыс орны құрылған - «Даму» қоры12 Тамыз 2013«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 34 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 136 мың жұмыс орнына қолдау көрсетілген, деп хабарлады бүгін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова ҚР Үкіметі отырысында.
Жаңа индустрияландыру әлеуметтің әлеуетін арттыруға үлкен серпін беретінін дәлелдеп келеді 11 Тамыз 2013Өткен жолы тұсауы кесілген, сарапшылар әлі күнге сол төңіректе сөз саптап жүрген «Перспектива-2050: әлемнің жаңа саяси-экономикалық картасы» атты жинақ бар. «Дағдарыстан кейінгі әлем» халықаралық қорының осы зерттеулеріне әлемнің түкпірінен бірқатар сұраушылар қатысып, олар келешек көкжиекке көңіл жүгіртіп, дәл солардың аузымен әлемнің даму доңғалағы қалай бұрылатыны туралы біразырақ болжамдар жасалады. Осы қор жасаған зерттеуде алдағы қырық жылға қажетті қадамдар болжамдалып, дүние дамуындағы «өтпелі кезеңнің басты үш идеясына» қатысты сауалнама жасалыпты. Қор сұрағына жауап бергендер осы сауал бойынша «жасыл» дамудың басымдыққа ие болатынын атаған. Сосын жаңа индустрияландыруға үміт артатындар да болыпты.
Алматыда мемлекеттік тілді оқыту орталығы ашылды 07 Тамыз 2013Алдағы уақытта түрлі этнос өкілдері қазақ тілінің негіздерін тегін оқи алады. Бұл жөнінде Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басармасының бас маманы Қымбат Нұрсұлтанқызы мәлімдеді.
Қазақстанда 2015 жылдан бастап өкпе қабынуына қарсы екпе егу республика бойынша жүргізіледі 07 Тамыз 2013Қазақстанда 2015 жылдан бастап өкпе қабынуына (пневмония) қарсы вакциналау республика бойынша жүзеге аса бастайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
Денежные доходы казахстанцев за 17 лет увеличились в 9,5 раз07 Тамыз 2013Номинальные денежные доходы населения в среднем на душу населения в 1995 году составляли 1721 тенге, в 2012 году – 50811 тенге, увеличившись в 29,5 раза, сообщает пресс-служба Министерства экономики и бюджетного планирования РК.
Елбасы Иран Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты06 Тамыз 2013Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Тегеранда жаңадан сайланған Иран Президенті Хасан Руханиді ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Қазақстан дамудың әлемдік даму трендінде06 Тамыз 2013Түрлі рейтингттік агенттіктер тұрақты мемлекеттер жүргізген реформа мен өмір сүру саласының жақсы және жаман жақтарын бағалайтын зерттеулері дүниежүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен инвесторларының жіті бақылауында.
Қазақстанның алтын қоры жан басына шаққанда 12 мың долларға жетті 06 Тамыз 2013Қазақстанның алтын қоры жан басына шаққанда 7 еседен аса көбейіп, 12 мың АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында сөз сөйлеген кезде мәлімдеді.
Мемлекет көмекке шын мұқтаж адамдарға ғана қолдау көрсетеді – Н.Назарбаев 06 Тамыз 2013Мемлекет азаматтарды ең төменгі әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз ететін болады, көмекке шын мұқтаж адамдарға ғана қолдау көрсетеді. Бұл жөнінде бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
Қазақстанның Олимпиададағы жеңісі – патриоттықтың жаңа үлгісі – Н.Назарбаев 06 Тамыз 2013Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында Елбасы Қазақстан азаматтарының патриоттығын дамыту мен нығаудың маңызды екеніне назар аудартты. Ал биыл Лондонда өткен Олимпиада ойындарын ел патриоттығының жаңа үлгісі ретінде атап көрсетті.
Қазақстан Орталық Азияда көшбасшы атануға мүмкіндігі зор06 Тамыз 2013Қазақстанда Орта Азияның локомотиві болуына мүмкіндік туып отыр. «Перспектива -2050» зерттеу қорытындысы бойынша халықаралық сарапшылар осындай тоқтамға келді.
«Қазақстан-2030» стратегиясында көрсетілген міндеттер жоспарға сай жүзеге асырылып келеді - Ә.Исекешев06 Тамыз 2013Қазақстан дамуының негізгі бағдары - «Қазақстан-2030» стратегиясында көрсетілген міндеттер жоспарға сай жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы бүгін аталмыш құжаттың 13 жылдығына арнайы ұйымдастырылған «Стратегия - 2030: тұрақты даму жолы» атты халықаралық конференция барысында Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
Серік Ахметов пен ХКБ басшысы Висенте Лоссерталес «ЭКСПО-2017» мәселесін талқылады06 Тамыз 2013Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесу өткізді. Кездесу барысында ЭКСПО-2017 көрмесін дайындау мен өткізу, Қазақстанның ХКБ-мен өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.
Қазақстанда рухани мұраны қайта түлету қажет - ҚР ДІА06 Тамыз 2013Қазақстанда рухани мұраны қайта түлету қажет. Осындай сарапшылық пікірімен ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Әзілханов бөлісті, деп хабарлайды Стратегия-2050 ресми сайты.
БҚО-да ауыл әкіміне кандидаттарды ұсыну науқаны аяқталды06 Тамыз 2013Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдері сайлауына кандидаттар ұсыну науқаны аяқталды. 149 ауылдық округ, 2 елді мекен және бір аудандық маңыздағы қала бойынша 473 кандидат ұсынылды. Әрбір орынға 3-4 кандидаттан келеді.
Жергiлiктi әкiмдер сайлауына 7 173 үмiткер ұсынылды06 Тамыз 2013Жергiлiктi әкiмдер сайлауына 7 173 үмiткер ұсынылды. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында Орталық сайлау комиссиясының ресми өкiлi Венера Жексембекова мәлiмдедi, деп хабарлайды 2050 Стратегиясының ресми сайты.
ЭКСПО-2017 Қазақстанға көп пайда әкеледі – ОАР елшісі 06 Тамыз 2013Қазақстан ЭКСПО -2017 ірі халықаралық көрмесін өткізу құқығына ие болып, өзінің тағы бір мақсатына жетті. Енді дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Біздің ел мегажобаның инфрақұрылымдық бөлігінің жоғары деңгейін ғана көрсетіп қоймай, таңдалған «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша инновациялық жетістіктерді көрсете білуі керек. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу Астанаға қандай пайда әкеледі? Бұл жөнінде Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шириш М.Сони мырза ой-пікірімен бөлісті.
Астанада жетім балаларға мектепке қажетті заттар таратылады06 Тамыз 2013Астанада жағдайы нашар және көпбалалы отбасыларға, ата-аналарының қарқорлығынсыз қалған жетімдерге «Мектепке дайындау» акциясы аясында мектепке қажетті заттар таратылады.
Қазақстан Орталық Азиядағы мемлекеттер арасында аналық үшін ең үздік ел атанды06 Тамыз 2013Қазақстан Орталық Азиядағы мемлекеттер арасында аналық үшін ең үздік ел атанды. Бұл туралы Save the Children халықаралық гуманитарлық ұйымының баяндамасында айттылған. Баяндамадағы деректерге сәйкес, Қазақстан 176 мемлекет арасынан 65-орынды иеленді.
2013 жылы Қостанай облысында шағын және орта бизнес қарқынды дамыды06 Тамыз 20132013 жылы Қостанай облысында шағын және орта бизнеспен айналысатындар саны ұлғайды, деп хабарлады Қостанай облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Галина Кисленкова.
БҚО-да инклюзивті білім беруді жетілдіру қолға алынды06 Тамыз 2013Батыс Қазақстан облысында инклюзивті білім алатын оқушылар саны артты. Қазір балалардың 42,7%-ы қамтылған. Бұл туралы облыстық білім басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды 2050-стратегиясы ресми сайты.
Атырау облысында ШОБ субъектілерінің саны өсуде06 Тамыз 20132013 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша Атырау облысындағы нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 29 116 данаға жетті, оның 2 558-і – заңды тұлға, 24 863-і – жеке кәсіпкерлер және 1 695-і –шаруа қожалықтары.
Халық банкінің ШОБ-қа кредит беру көлемі 13%-ға өсті 06 Тамыз 20132013 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Халық Банкінің шағын және орта бизнес кәсіпорындарына кредит беру көлемі 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артып, шамамен 96 млрд теңгені құрады. Оның ішінде, шағын бизнеске берілген кредиттер көлемінің өсімі – 59%, ал орта бизнес үшін берілген кредиттер көлемінің өсімі – 9%», – деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
2014 жылы Астанада жілік майы трансплантациясы бөлімі ашылады (ВИДЕО)06 Тамыз 20132014 жылы Астанада жілік майы трансплантациясы бөлімі ашылады, деп хабарлады Республикалық медициналық жедел-жәрдем ғылыми орталығының басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас гематологы Ирина Пивоварова.
СҚО-да ауыл ауруханасы күрделі жөндеуден өтті06 Тамыз 2013Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында орталық аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қазақстандағы діни жағдай тұрақты 06 Тамыз 2013Қазақстандағы діни жағдай бүгінде тұрақты. ҚР ДІА Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Гүлнар Шлымова осындай сарапшылық пікір білдірді, деп хабарлайды 2050 Стратегиясының ресми сайты.
Қазақстанда 2015 жылы ғылыми зерттеулерге арналған 15 алаң ашылады06 Тамыз 2013Қазақстанда 2015 жылы алдыңғы қатарлы ЖОО-лар жанынан ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған алаңдар ашылатын болады. Мұнда зерттеулер жүргізілумен қатар бәсекеге қабілетті зияткерлік өнімдер де шығарылады. Бұл жайында ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қазақстанда бала емізу апталығы басталды06 Тамыз 20132013 жылдың 1-тамыз аралығында Қазақстан Дүниежүзілік бала емізуді насихаттау жөніндегі альянстың қолдауымен Дүниежүзілік бала емізу апталығына қатысады, деп хабарлайды 2050-стратегиясының ресми сайты.
Қазақстанда үстіміздегі жылдың 6 айында «А» және «В» гепатиттерімен науқастану 39% және 15%-ға төмендеген05 Тамыз 20132013 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерімен салыстырғанда «А» гепатитімен науқастану 39%-ға, «В» гепатитімен науқастану 15%-ға төмендеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында.