Басты
  • Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі қандай 30 Шілде 2019 Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы шілденің 4-де өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысында Қазақстанда 2018 жылы шетелдік инвестиция ағыны 24,50 млрд долларға жеткенін хабарлап, шетелдік инвесторлар ағынын қолдайтынын атап өткен болатын. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстанға 320 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Ал, 2009-2019 жылдар аралығында ұлттық экономикаға 250,2 миллиард доллар көлемінде табыс түскен.
  • Өңірлер: Құқықтық статистика қандай мемлекеттік қызмет көрсетеді 30 Шілде 2019 ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқарма бастығының міндетін атқарушысы Гүлнар Дүйсембекова құқықтық статистика органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
  • "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қандай нәтиже берді 30 Шілде 2019 Қазақстан Республикасының Экс-Президенті тұрғын үй нарығын 2020 жылға дейін дамытуға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасын 2011 жылы бекіткен болатын. Аталмыш бағдарламаның үйлестірушісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сала бойынша 6 айды қорытындылады. 2019 жылдың 6 айында тұрғын үй құрылысына 605,7 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл – өткен 2018 жылмен салыстырғанда 15,5% жоғары көрсеткішті көрсеткен.
  • Мал шаруашылығына түсетін инвестицияларды 30 пайызға арттыру қажет – А.Мамин 30 Шілде 2019 Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының тек жалпы өнім беріп қана қоймай, сонымен қатар, халықты маңызды азық-түлікпен қамтамасыз ететін саласы болып табылады.Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 962,2 млрд.теңгеден 1063,5 млрд. теңгеге дейін 10,5%- ға ұлғайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында мәлімдеді. Өз кезегінде Премьер-Министр Асқар Мамин мал шаруашылығы саласына келетін инвестицияларды жыл сайын кемінде 30 пайызға арттыру қажет екенін жеткізді. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Маңғыстауда арнайы операция өткізіліп жатыр 30 Шілде 2019 Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құқық қорғау органдары қылмыс деңгейін төмендету және елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдауда, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
  • Трансшекаралық өзендер, лаңкестікпен күрес, LRT құрылысы - Қытай елшісі не дейді 30 Шілде 2019 Қытай елшісі журналистерді қабылдау барысында ҚХР-дағы саяси жағдай, Қазақстанмен қарым-қатынасты дамыту сынды маңызды мәселелер туралы сөз қозғады. Қазақстан мен Қытай қандай салада ынтымақтастықты белсенді жүзеге асырып жатқаны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Елбасы «Nur Otan» партиясының қайта жандандыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды 30 Шілде 2019 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев кездесу өткізіп, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады.
  • Еңбек нарығының тиімді бағдарламасы қалай жұмыс істейді 29 Шілде 2019 Қазақстанда жұмыссыздықты азайту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қолға алынған болатын. Қазіргі таңда бағдарлама бойынша түрлі бағыттар жүзеге асып жатыр. Соның бірі – электронды еңбек биржасы. Бұл бағдарлама Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес негізделген.
  • Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қандай нәтиже берді 29 Шілде 2019 Еліміздегі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2019 жылғы 1 шілдедегі нәтижесі бойынша 22 мың қазақстандық оқытуға жіберіліп, оның 3000 оқуын бітіріп, жұмысқа орналасқан. Осы жылдың 1 қырүйегінен бастап техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарын 23 мың жас азамат тегін оқитын болады. Аталмыш бағдарлама Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес негізделгенін естеріңізге сала кетейік. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту мен жаппай кәіпкерлікті дамытудың өзге де жаңалықтары туралы төмендегі материалда.
  • Цифрландыру: Тау-кен кәсіпорындарын автоматтандыру қалай жүзеге асырылуда 29 Шілде 2019 Соңғы 10 жыл ішінде индустрияландыру бағдарламасы аясында тау-кен металлургия кешенінде 114 жоба іске қосылды. Төртінші өнеркәсіптік революция бүгінгі таңда әлемдегі ең өзекті үрдістердің бірі болып табылады. Индустрия 4.0 технологияларын енгізу арқылы өндірістік және көліктік шығындарды төмендету, бизнес-процестерді оңтайландыру, жаңа бизнес-модельдерді енгізу, өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттыру мүмкін болды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Дипломмен ауылға: 10 жылдағы көрсеткіш 29 Шілде 2019 ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша 2009 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Мемлекеттік бағдарламаның 10 жылдағы нәтижелері мен жетістіктері туралы ҚР ҰЭМ вице-министрі Ермек Алпысов Strategy2050.kz сараптамалық порталына айтып берді.
  • «Жастар кадрлық резерві» жобасы жастардың қызметке тұруына көмектеседі 26 Шілде 2019 Биыл «Жастар кадрлық резерві» жобасына 10 жыл толды. 2009 жылы бастау алған бұл жобаға Елбасы Н.Назарбаев ұйытқы болып, мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес және қоғамдық салада заманауи және тиімді менеджерлердің жаңа буынын қалыптастыру міндеттерін жүктеген болатын. «Болашақ» қауымдастығы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен оныншы мейрейтойлық «Жастар кадрлық резерві» жобасын бастады.
  • Сенаторлар өңірлердегі проблемаларды шешуге ниетті 26 Шілде 2019 Сенаторлар өңірлерге сапарын жалғастырып жатыр. Парламент Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысындағы жұмыс бабындағы сапары аясында облыстық ішкі істер департаментінде болып, полиция қызметкерлерімен кездесті. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Тоқаев: «Нұр Отан» партиясы азаматтар үшін ашық әрі қол жетімді болуы тиіс 26 Шілде 2019 Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Келер жылы медицина саласын қандай өзгеріс күтіп тұр 26 Шілде 2019 Келесі, яғни 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен қазақстандық балаларға жазып беретін рецептуралық дәрілер тегін болады. Әрі қарай елдің әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарына арналған жобалар, тегін дәрілермен қамтамасыз ету спектрлері кеңейе береді. Олар мемлекет есебінен сақтандырылған.
  • Қауіпсіздік сертификатын орнату қаншалықты тиімді 26 Шілде 2019 Мемлекеттік қызметкерлер қауіпсіздік сертификатын 1,5 жылдан бері қолданып келеді. Соңғы бір айда қауіпсіздік сертификаты 8 миллионнан астам вирус белсенділігі фактісін анықтап, 130 мыңнан астам мемлекеттік органдар мен мекемелерді кибершабуылдан қорғаған. Ұялы телефонға қауіпсіздік техникасын орнату қаншалықты тиімді болмақ? Келесі материалдан оқи аласыз.
  • Медицинадағы цифрландыру қазақстандықтарға қандай мүмкіндік береді 26 Шілде 2019 Қазақстанда медицина саласындағы цифрландыру – тұрғындардың медициналық көмекке жүгіну барысын жеңілдетіп, мемлекеттік бюджетке түсетін ауыртпалықты біршама азайтқан. Мәселен, цифрландыру арқасында медициналық қағаз құжаттарын сатып алуға кететін шығын 315,4 млн теңгеге үнемделген, флюрография, рентген, маммография сияқты материалдарды сатып алуға кететін шығын 224,7 млн теңгеге қысқарған, электронды сервис арқылы алдын-ала жазылып қою мүмкіндігі – клиникаға келіп кезекке тұруды 30 пайызға қысқартқан, электронды қызмет көрсетулердің арқасында лабороториялық зерттеулердің қорытындысын алу уақыты 1,7 есеге азайған, 913 жұмыс орны оптимизацияланған. Цифрландырудың медициналық қызмет пен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету процессіне ықпалы туралы Strategy AA-нің төмендегі материалынан біле аласыз.
  • Салықтық рақымшылық қалай жүргізіледі? 25 Шілде 2019 Биылғы жылдың 4 шілдесінде Мемлекет басшысы қол қойған салықтық рақымшылық жүргізуді көздейтін заң аясында Қаржы министрлігінің бұйрығымен салықтық рақымшылық жүргізу ережесі бекітілу кезеңінен өтіп жатыр. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Білім беру жүйесін жаңғырту міндеттері 25 Шілде 2019 Елімізде білім беру саласын сапалық жағынан жақсарту, оны басқару мен қаржыландыру, құқықтық-заңнамалық базасын орнату бойынша қыруар жұмыс атқарылды. ҚР Заңдары, даму тұжырымдамалары, Елбасының Жолдаулары мен стратегиялық құжаттарында жоғары білім беру саласының адами капиталды дамытудағы айрықша орны көрсетілген. Әсіресе, оқу орындарын автономдық басқаруға көшу, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдау, қағазбастылықты азайту, оқу ақысын реттеу, жаңа формацияның басшыларын даярлау, ғылым мен білім қаражатын ұлғайту мәселесі жиі көтеріліп келеді. Биылғы жылдың алғашқы жартысында осы бағытта бірқатар маңызды шаралар қабылданды.
  • Qazmai: Қазақстан мен Өзбекстан майлы дақылдар бойынша өзара экспортты дамытады 25 Шілде 2019 Нұр-Сұлтанда «Qazmai ортақ брендін дамыту» бойынша үшкүндік семинар басталды. Шараға шетелдік және отандық сарапшылар қатысты. Семинарда Қазақстан мен Өзбекстанның майлы дақылдар өнімі нарығындағы үрдіс мәселелері талқыланды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
  • «Елбасы және халқы» кітабы жарыққа шықты 25 Шілде 2019 Қазақстанда этносаралық татулық және өзара ұлтаралық толеранттылықты қалыптастыра алған ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бұл жүйесін әлемде «Назарбаевтың моделі» деп атап кеткен. 1995 жылы Қазақстанның бұрынғы Президентінің бастамасымен құрылған Қазақстан халықтары ассамблеясының жоғары органы – сессияда сөйлеген сөздері, қоғамдық-саяси басылымға Елбасының жеке архивінен алынған және кітапхана қорында сақталған құнды суреттер мен құжаттар енген кітаптың тұсауы бүгін кесілді.
  • Ауыл тұрғындарын кәсіпкерге айналдыратын бағдарламалар 25 Шілде 2019 Мемлекеттік бағдарламалар әр тұрғынға несие алып, өз кәсібін ашуға зор мүмкіндік жасап жатыр. Аймақтарда, ауылдарда мемлекеттік несиенің көмегі арқылы кәсібін ашқан тұрғындар жетерлік. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстан қор нарығында бес айда сауда көлемі 2,5 трлн болды 24 Шілде 2019 Қазақстан қор нарығында осы жылдың бес айында сауда көлемі 2,5 трлн болды. Өткен жылы Қазақстанның бұрынғы Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен «Astana International Exchange» (AIX, Астана халықаралық қор биржасы) ресми түрде ашылған болатын. Қазір ол әлемнің ірі биржаларының озық технологияларымен жабдықталған және бекітілген халықаралық стандарттарына сай жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда AIX серіктестері арасында қаржы және қор нарығының әлемге танымал компаниялары: GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ сияқтылар бар.
  • Елордада баспанаға қалай қол жеткізуге болады? 24 Шілде 2019 Нұр-Сұлтанда 1000-нан астам көпбалалы және аз қамтылған отбасы «Бақытты отбасы» Қолжетімді тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтініш берген. Елордалық тұрғын-үй қоры барлығы 3 бағыт бойынша «Бақытты Отбасы», «Нұрлы Ертіс» және «Еңбек» қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламалар туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Президенттің жұмыссыздықпен күрес тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр 24 Шілде 2019 Қазақстанда Жастар жылының жол картасы бойынша бүкіл елді қамтыған «Жас кәсіпкер» жобасы жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша шаралар кешені бекітілген еді. Аталмыш бағдарламаны іске асыру үшін Үкімет жыл басында 2019-2020 жылдар аралығында 32 миллиард теңге бөлуді жоспарлаған. Осы орайда Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам жастар «Жас кәсіпкер» жобасының бірінші легіне қатысуға тестілеуден өтуді бастап кетті. Жұмыспен қамтудың осы және өзге де шаралары туралы төмендегі материалда.
  • Өңірлер: Түркістан облысының даму ахуалы 24 Шілде 2019 Түркістан облысы экономикалық және ауылшаруашылық көрсеткіштері оң көрсеткіштерге ие. Мәселен, Жетісай ауданында бүгінге дейін 324 мыңнан астам бақша өнімдері жиналды. Оның 70 пайызға жуығы Ресей мен Еуропа елдеріне экспортталып отыр. Ал қалған бөлігі еліміздің солтүстік облыстарына жөнелтілуде. Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • ҚХА «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына үлес қоспақ 24 Шілде 2019 2019 жылдан бастап «қарапайым заттар экономикасын» дамыту үшін қолжетімді несие беру процессіне 600 млрд теңге бөлінген болатын. Соның арқасында 2025-жылға қарай 16 мың тұрақты жұмыс орнын құруға, бюджетке 1,1 трлн теңге салық түсімдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік тумақ. Осы мақсатта Қазақстан халықтары ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы желісі негізінде «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына үлес қосып, шетелдік инвесторлармен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ҚХА шетелдік достарының клубын құру және ҚХА Кәсіпкер-өкілдерін шет елдермен екіжақты іскерлік кеңестерге қосу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында уәкілетті мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен ҚХА Хатшылығының кеңейтілген отырысы өтті.
  • Сенаторлар ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелерін талқылады 23 Шілде 2019 Парламент Сенатының депутаттары өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, өзекті мәселелерге назар аударды. Депутаттардың сапары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • ҚазАгроны реформалау шарасы қандай болмақ 23 Шілде 2019 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 шілде күні Үкіметтің кеңейтілген отырыс кезінде «ҚазАгро» холдингінің жиынтық шығыны 120 миллиард теңгеден асып кеткенін сынға алып, ҚР Үкіметіне екі ай мерзім ішінде ҚазАгро холдингін жедел реформалау бойынша ұсыныстар әзірлеуді міндеттеген еді. Қ.Тоқаев сол отырыста әрбір холдинг, әрбір ұлттық компания мемлекетке тек пайда ғана әкелу керектігін де ескерткен. Осы орайда, КиПиЭмДжи (KPMG) халықаралық аудиторлық компаниясы Холдингтің жаңадан тағайындалған Басқармасымен бірлесіп «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі акционерлік қоғамының қаржылық жағдайы мен қызметіне кешенді тәуелсіз бағалауды тәмамдады.
  • Президент тапсырмасы: Үкімет қандай іс-шараларды жүзеге асырады 23 Шілде 2019 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау барысы кезекті Үкімет отырысында талқыланды. Құзырлы министрліктер мен Премьер-Министрлердің орынбасарлары орындалуы керек бірқатар іс-шралар жоспарын айтып берді. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Визасыз режим Қазақстанды инвестициялық тартымды елге айналдыра ма 22 Шілде 2019 Қазақстан Республикасында инвестициялық тартымдылық пен қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыру үшін ҚР Ішкі істер министрлігі визалы-миграциялық режимді либерализациялау бойынша бірқатар шаралар қабылдап жатыр.
  • МЖӘ бюджетке шектемені қалай төмендетеді 22 Шілде 2019 Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін жетілдіру үшін қандай іс-шаралар атқарылып жатыр. Бұл туралы құзыретті мамандар Үкіметте өткен баспасөз конференциясында айтып берді. МЖӘ тетіктерін дамыту бюджетке шектемені дамытуға бағытталған. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қоғамдық кеңестердің еліміздегі рөлі қандай 22 Шілде 2019 Еліміздегі азаматтық қоғамды дамыту жолында қоғамдық кеңестер мен қоғамдық ұйымдардың рөлі орасан зор. Қазақстандағы қоғамдық кеңестердің қызмет бағыты, жетілдіру жұмыстары және барлық қоғамдық институттардың қазіргі дамуының жағдайын әлеуметтік зерттеу бағдарламасы туралы Strategy2050 АА-нің төмендегі материалынан біле аласыз.
  • Қазақстанда борыш жүктемесі кімдерге азайтылады? 22 Шілде 2019 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі борышкер азаматтардың кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша борыштық жүктемесін азайтуға құқығы бар бірқатар санатты жариялады.
  • Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады 22 Шілде 2019 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері қандай? 22 Шілде 2019 Қазақстан экономикасының өсу динамикасы құрылыста 11,1%-ға, саудада 7,5%-ға, көлік саласы бойынша 5,3%-ға, ауыл шаруашылығында 3,8%-ға және өнеркәсіп пен байланыста 2,6%, 7%-дарға өскен.
  • Алматы облысы тұрғындарының қауіпсіздігі қалай реттеледі? 19 Шілде 2019 «Жолдағы қабылдау» және «Ауладағы қабылдау» республикалық іс-шаралары барысында тұрғындар қабылдау өткізген облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Ұрұмхановқа жол және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты түрлі мәселелерді көтерді.
  • Автожол сапасы, жол бойы инфрақұрлымы қашан шешіледі? 19 Шілде 2019 Қазақстанда жалпы 96 мың шақырым жол болса, оның 24 мың шақырымы республикалық маңызы бар жолдар. Республикалық маңызы бар жолдар мен транзиттік дәліздердің сапасына жауап беретін «QazAvtoJol» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы жөл жөндеу, қайта жаңарту және жол бойындағы санитарлық нормаларды қамтамасыз ету бойынша 2019 жылдың бірінші жартысында атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы мәлімет берді.
  • Қазақстанда 25 жаңа вагон іске қосылды 19 Шілде 2019 Нұрлы-Жол вокзал кешенінде Ұлттық тасымалдаушы ресей технологиясына сай отандық «Тұлпар Тальго» зауытында құрастырылған 25 жаңа вагон таныстырылды. Қазіргі заманға сай вагондар «Алматы-Маңғыстау» бағыты бойынша қатынайтын болады. Ал, вагондарды Алматыға жеткізу үшін бір реттік пойыз ретінде іске қосылып отыр. Алматыға дейін пойыз 3 стансаға тоқтап, 20 сағатта жетеді. Заманауи вагондардың артықшылығын келесі материалдан оқи аласыздар.
  • ИНФОГРАФИКА: Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі 19 Шілде 2019
  • Қазақстандық агросала Аргентина технологиясын қолданбақ 19 Шілде 2019 Қазақстан – аграрлық сала өнімдерін өндіру бойынша әлемде екінші орын алатын Аргентинаның тәжірибесін ауыл шаруашылық саласында қолданып көрмек. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Аргентина ұлттық ауылшаруашылық технологиялар институты арасында өзара әрекеттестік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
  • Президент тапсырмасы: Ақтөбе облысы халықтың әл-ауқатын жақсартып жатыр 19 Шілде 2019 Ақтөбе облысында Президенттің халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі барлық тапсырмасы орындалып жатыр. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин барлық сала бойынша бірінші жарты жылдықтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы есеп берді. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақтану: Ел бірлігінің негізі неде? 18 Шілде 2019 2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-сессиясында «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсаукесері жасалды. Стратегиялық жобаның бағыты – еліміздегі барлық этностардың қазақ халқының жалпыұлттық және жалпы мағыналық құндылықтарын қазіргі және болашақ ұрпақтың санасына жеткізу және қарқынды дамытып отыру. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақтану – ел бірлігінің негізі» тақырыбын талқылады. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Ұлттық университет ректорлары конкурс арқылы тағайындалады 18 Шілде 2019 Биыл білім саласы бірқатар игі реформаларға толы. Осы жылдан бастап ЖОО талапкерлері үшін гранттар саны 20 мыңға артса, кәсіптік-техникалық колледж студенттерінің стипендиясы 30%-ға өсті. Сонымен қатар IT саласына қосымша гранттар санын арттырып жатқан университеттер де бар. Сондай-ақ, жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық университет ректорларын бұдан былай конкурстық негізде тағайындау туралы ҚР Білім министріне нұсқаулық берген болатын. Білім саласындағы осы және өзге де өзгерістер туралы Strategy2050 АА-нің төмендегі материалынан біле аласыз.
  • Латын қарпіне көшу – уақыт талабы 18 Шілде 2019 Посткеңестік елдер тәуелсіздігін алған соң, дербес тілдік саясат жүргізе бастағаны белгілі. Әрине, алғашқы жылдары әлеуметтік-экономикалық мәселелер алдыңғы қатарда тұрды. Қазақстанда қазақ тілінің мәртебесі Конституцияда айқындалып, арнайы заңдар мен нормалар қабылданды. Уақыт өте келе, халық санының өсімі, ішкі-сыртқы миграция, жаңа буынның қалыптасуы мемлекеттік тілдің қолданысын жаңа деңгейге көтерді. Мәселен, «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілгендей, егемендік алған тұста еліміздегі қазақтың саны 6,8 миллион немесе 41% болса, қазір 11 миллионға жетіп, 65 %-дан асты. Бүгінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды.
  • Өңірлер: Алматы облысы 223,5 млрд теңге инвестиция тартты 18 Шілде 2019 Алматы облысында есепті кезеңде ет өндіру – 3,5, сүт - 4,8, сусындар - 13, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, фармацевтика, дайын металл бұйымдары 20 пайызға өскен. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар алдында есеп берді. Жарты тоқсанда Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы қалай ілгерлегені туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметі қандай болмақ 18 Шілде 2019 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамын бекіткен болатын. Тізімге әр саланы қамтитын қоғам қайраткерлері енген. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы қандай болатыны туралы кеңес мүшелері айтып берді.
  • Қазақстанда арзан әуе бағыттары көбейеді 17 Шілде 2019 Қазақстанда ішкі туризмді дамытудың бірден-бір жолы – бюджеттік қалааралық бағыттардың болуы. Жақында ғана осы мақсатта қазақстандық лоукостер өз жұмысын бастады. Осы орайда «Fly Arystan» бюджеттік әуекомпаниясының Маркетинг және сату департаментінің директоры Жанар Жайлауова Strategy2050.kz АА-не берген сұхбатында компанияның алғашқы нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
  • Жастар жылы: Ішкі туризмді насихаттау үшін 680 жас саяхатқа шығады 17 Шілде 2019 Жастар жылы аясында ішкі туризмді дамытатын «Жастар керуені» жобасы іске қосылады. Жоба аясында белсенділік танытып жүрген 680 жас іріктеліп, Қазақстанның жеті аймағын тегін аралайды. Жобаның басты мақсаты ішкі туризмді дамытып, инфрақұрылымның осал тұстарын бағамдау. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚЕАҚ-пен бірлесіп 203 млн теңге бөліп отыр. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамын бекітті 17 Шілде 2019 Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлықты жариялады.
  • Қазақстанда жаңа әуе бағыттар дамуы және транзиттік мүмкіндік 17 Шілде 2019 Өткен жылы Елорда әкімдігі қаланың әуе қозғалысын нығайтуға, жетекші авиациялық компаниялармен келіссөздер жүргізе бастады. Осы жылы бірқатар тапсырмалар мен іс-шараларды жүзеге асырғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласында жаңа бағыттар ашу және әуе қозғалысын күшейту мақсатында халықаралық авиакомпаниялар мен әуежайлардың өкілдерімен кездесу алаңын ұйымдастырды. Аталмыш шара халықаралық кеңістікте еліміздің алға ұмтылуына, сонымен қатар Қазақстандағы сыртқы және ішкі туризмнің болашағын қалыптастыруға қалай әсер ететіні туралы Strategy2050.kz АА материалында.
  • Президенттің тапсырмасы қалай орындалып жатыр 17 Шілде 2019 Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша нақты жұмыстарды талқылау үшін қала әкімі Алтай Көлгінов «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовпен кездесті. Кәсіпкерлікті дамытуда тәжірибесі мол ұлттық кәсіпкерлер палатасымен қаладағы жұмыссыздық пен мамандығы жоқ азаматтарды қайта оқыту бойынша мәселелер талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту қалай жүзеге асырылуда 17 Шілде 2019 Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралау кезінде бірқатар нысандарды аралап, кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Мәселен, Мәжіліс депутаты Әлия Сапарова Атырау облысының Исатай ауданындағы Жаңбай ауылында тұрғындармен кездесуде халықтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады.
  • Қазақстанда жемқорлыққа қарсы жобалық кеңселер қалай жұмыс істейді 17 Шілде 2019 Қазақстанда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Осы мақсатта 2019 жылдың басынан бастап еліміздің өңірлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жобалық кеңселер іске қосылды. Осы уақыт ішінде аталмыш кеңсе қызметтері арқылы бірқатар заң бұзушылықтар анықталған. Бюрократияны болдырмау, министрлікті халыққа жақындату, сондай-ақ сенім деңгейін арттыру мақсатында министрліктер жанынан да осындай кеңселер ашылуда. Strategy2050.kz АА материалынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар туралы толығырақ біліңіз.
  • ҚР ІІМ жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар қабылдамақ 16 Шілде 2019 ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше әрбір үшінші жол-көлік оқиғасы жылдамдықты арттырған жүргізушілердің себебінен болады. Осы орайда ҚР ІІМ «орташа жылдамдық» түсінігін қолданысқа енгізбек. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша осы және өзге де жаңалықтар туралы «Strategy2050» АА-нің төмендегі материалынан оқып, біле аласыздар.
  • Қ.Тоқаев: Негізгі мақсат – халықтың табысын көтеріп, әл-ауқатын жақсарту 16 Шілде 2019 ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінен кейін алғаш рет үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Үкімет мүшелері, яғни министрлер, мегаполистер мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік орган басшылары қатысқан жиында бірқатар мәселелер қаралды. Президент алдында өз саласы бойынша ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаров және ҚР премьер-министрі Асқар Мамин есеп берді.
  • Шешілмейтін мәселелер жоқ – Сенаторлар өңірлерді аралады 16 Шілде 2019 Сенат депутаттары еліміздің аймақтарына сапар аясында жергілікті тұрғындармен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізді. Өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың мән-жайымен танысқан халық қалаулылары бірқатар бастамаларға себепші болды. Сенат депутаттарының аймақтарға жасаған сапары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Ұйғыр диаспорасы Қазақстанға дән риза 15 Шілде 2019 Ұйғырлар – Қазақстандағы ең ауқымды этностардың бірі, халық саны бойынша орыс, өзбек, украиндардан кейін төртінші орын алады. Ұйғыр халқы барлық Орталық Азия мемлекеттерінде өмір сүреді. Алайда, басым бөлігі Қазақстанда оның ішінде, Алматы қаласы мен облысында тұрады. «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, кәсіпкер Долқунтай Абдухалилдің айтуынша ең бақытты ұйғырлар Қазақстанда тұрады. Оған негіз де жоқ емес. Бүгінде аталмыш диаспора Қазақстанда тілі мен салт-дәстүрін сақтап, Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік тыныс-тірішілігіне атсалысып келеді.
  • Қазақстандықтар салығының өсімпұлдары кешіріледі 12 Шілде 2019 Қазақстан республикасы қаржы министрінің орынбасары Қанат Баеділов Қазақстан республикасы Үкіметінің баспасөз қызметінде өткен брифингте салықтық рақымшылық шарттары мен өткізілу реті, салық берешегі туралы түсіндірді. Бүгінгі таңда салықтық рақымшылылық бойынша тиісті заңға Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2019 жылдың 4 шілдесінде қол қойған және ол заң ағымдағы жылдың 16 шілдесінде күшіне енеді.
  • Қазақ-тәжік экономикалық ынтымақтастығының болашағы зор болмақ 12 Шілде 2019 Душанбеде Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізіп, кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Кездсу барысында жалпы сомасы $80 млн-нан асатын, қазақ-тәжік ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған 11 құжатқа қол қойылды.
  • «Қорғас» ШЫХО туризм тетігі бола ала ма? 11 Шілде 2019 Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Қытай бағыты бойынша туризмді дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Елордамызда өткен Қорғас қаласының мамандандырылған туристік іс-шарасы аясында Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Қорғас-Шығыс қақпасының» туристік мүмкіндіктері таныстырылып, «Қорғас» арнайы-экономикалық аймағының қытайлық туристерді тартудағы рөлі талқыланды.
  • Қазақстан нейрохирургиясы жыл сайын 3000 операция жасайды 11 Шілде 2019 Осымен екінші рет өткізіліп жатқан Еуразиялық қауымдастықтың съезіне шетелден 205-ге жуық маман келіпті. Жиында сала дәрігерлері балалар нейрахирургиясы бойынша жас мамандардың білімін жетілдіру мәселесі бойынша кеңінен сөз қозғап, аурудың пайда болу себептері мен алдын-алу мәселері туралы талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісті. 2019 жылғы 11-13 шілде аралығында Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Балалар нейрохирургтарының еуразиялық қауымдастығының II съезі өтіп жатыр.
  • Қазақстанда өнеркәсіптің даму деңгейі – ҚР ИИДМ мәлімет берді 10 Шілде 2019 Осы жылдың алғашқы 5 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп 2% - ға, тау-кен секторының дамуы нәтижесінде 0,7%-ға және өңдеу өнеркәсібі 3,6%-ға өскен. Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрінің орынбасары Аманияз Ержанов Қазақстан үкіметінің баспасөз орталығында еліміздегі өнеркәсіптің даму деңгейі туралы мәлімет берді.
  • Қай елдерде инфекция жұқтыру қауіпі зор? – ҚР Бас санитары ескертеді 10 Шілде 2019 Қазақстанда соңғы екі жылда оба, туляремия сияқты аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары, денге қызбасы, тырысқақ сияқты ауру түрлері тіркелген. Осы аурулардың ошағы болып табылатын Оңтүстік шығыс Азия елдері, Оңтүстік Америка және Африка мемлекеттерінде демалуды жоспарлаған қазақстандықтарға Қазақстан республикасы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин абай болуды ескертті. Ол сондай-ақ баратын мемлекет туралы алдын-ала ақпарат біліп, екпе егіп шығуға кеңес берді.
  • Отандық автокөлік өндірісінің жай-күйі қандай? 10 Шілде 2019 Елімізде өткен жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы 19,2% үлес автомобиль жасау өндірісіне тиесілі екен. 2018 жылдың қорытындысына сүйенсек, өндіріс көлемі 205,9 миллиард теңгені және жалпы саны 32 298 көлік құралын құраған. Ал, нақты көлем индексі (НКИ) 2018 жылы 114,0% болыпты. Осы орайда, Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрінің орынбасары Аманияз Ержанов Қазақстан үкіметінің баспасөз орталығында индустриаландыру және автомобиль өндірісін дамыту туралы мәліметтер берді.
  • Әр өңірде кәсіпкер әйелдерге тегін шеберлік сабағы өткізіле бастады 10 Шілде 2019 Қазақстан республикасының әр өңірінде әйел кәсіпкерлерге арналған тегін шеберлік сабақтары өтіп жатыр. Шеберлік сабақтарын өткізу ең алғаш 23-24 мамыр күндері Түркістан облысында, 13-14 маусымда Жамбыл облысында, 27-28 маусым күндері Алматы облысында, 1-7 шілде күндері Шығыс Қазақстан облысында, 4-5 шілде күндері Маңғыстау облысында өтті. Ендігі кезек Ақмола облысында. Аталмыш облыста кәсіпкер әйелдерге тегін семинар тренинг шілденің 11-12 күндері өтеді. Осы ретпен тегін шеберлік сабақтары басқа да облыстарда жалғасып, 1 қарашаға дейін Қазақстанды толық қамтиды.
  • Қазақстан мен Словакия ЕҚЫҰ шеңберінде өзара іс-қимылды нығайтуға мүдделі 09 Шілде 2019 Словакияда өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысу шеңберінде Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Словак Республикасының Сыртқы істер министрі Мирослав Лайчакпен келіссөздер жүргізді.
  • «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 2 мың жұмыс орны құрылады 09 Шілде 2019 «Қарапайым заттар экономикасы» жобалары бойынша осы уақытқа дейін 41 млрд теңгенің 92 жобасы мақұлданып үлгерген. Соның ішінде 280 млрд теңгеден астам қаржыға 166 жоба банктерде қаралып жатыр. Ал, жалпы Жобалау кеңсесінің жұмысында 1 триллион теңгеден асатын сомаға 1500-ге жуық жоба бар, бұл елдегі барлық әлеуетті қатысушылардың шамамен 30% -ын құрайтын көрінеді. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халық тұтынатын тауарлардың отандық өндірісін арттыру бойынша міндеттерін орындау және экономиканы әртараптандыру бойынша «қарапайым заттар экономикасын» дамыту мәселелері талқыланды.
  • Шымкентте 2023 жылға дейін не өзгереді? 09 Шілде 2019 Шымкент қаласы халқының саны 2018 жылы 1 миллионға жеткен кезде ҚР экс-президенті Н.Назарбаев жарлығымен мегаполиске республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен кейін үкімет пен қала әкіміне Шымкент қаласын дамытудың кешенді жоспарын бекітіп, жүзеге асыру жұмыстары тапсырылған болатын. Осыған байланысты бүгін Үкімет отырысында Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары таныстырылды.
  • Нұр-Сұлтанның 21 көрнекі орыны 05 Шілде 2019 ҚР Жоғарғы кеңесі ел астанасын ауыстыру туралы шешімді осыдан 22 жыл бұрын 6 шілде күні қабылдаған болатын. Содан бері әр жыл сайын 6 шілде күні елордалықтар қала күнін атап өтеді. Биыл Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласына ауысқанына 21 жыл. Осы орайда, Strategy2050 мегаполистің ең таңдаулы 21 көрнекі орындары туралы ақпарат беріп отыр.
  • Нұр-Сұлтан күнінде қандай мерекелік шаралар өтеді? 05 Шілде 2019 Осы аптада қала тұрғындарының сүйікті мерекелерінің бірі – Елорда күні өтеді. Әдеттегідей, саябақтарда, тұрғын алаптарында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына арнап түрлі ойын-сауық бағдарламасын әзірлеген.
  • АШ зиянкестерімен күрес үшін жыл сайын 7,2 млрд.теңге бөлінеді 05 Шілде 2019 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  • Тоқаев шетелдік инвесторлар мен Үкіметтің басын қосып «Адам капиталын дамыту» мәселелерін талқылады 05 Шілде 2019 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тәуелсіздік сарайында Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысы өтті. Жалпы саны 300-ге жуық шетелдік қаржылық ұйым өкілдері, мемлекеттік органдардың, ұлттық және трансұлттық компаниялардың басшысы қатысқан ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысының тақырыбы «Адам капиталын дамыту» деп аталды.
  • Жас мамандарға жалдамалы пәтер беріледі – Жастар жылы аясындағы Жол картасы 04 Шілде 2019 Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасы аясында биыл бірнеше жобалар қолға алынып отыр. Солардың бірі – 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда жас мамандарға арналған жалдамалы тұрғын үйдің берілуі. Жалға берілетін пәтерлерді алудың шарттары, төлем әдісі, сондай-ақ басқа да көптеген мәселелер туралы толық мәліметті Strategy2050.kz ақпараттық агенттігінің материалынан біліңіз.
  • «7-20-25» бағдарламасы жыл ішінде 100 млрд теңге несие берді 04 Шілде 2019 «Баспана» ипотекалық ұйымының мәліметінше «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық кредиттер 101,9 млрд. теңге сомасына мақұлданды. Бұл бүкіл Қазақстан бойынша 8 844 отбасының тұрғын үйді қолайлы талаптар бойынша сатып алуға мүмкіндік алғанын білдіреді.
  • Қазақстанда жасыл энергия, қалдықтарды басқарудың негізгі трендтері қандай? 03 Шілде 2019 Пластик заттар өндірілу барысынан бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Пластикалық өнімдерді шығаратын зауыттар жылына атмосфераға 400 млн. тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығаратын көрінеді. Пластмассалардың табиғатта ыдырап, өздігінен жойылып кетуіне шамамен екі жүз жылға жуық уақыт керек екен. Экологтардың айтуынша, пластмассалар жерге түскенде ұсақ бөлшектерге ажырап, өзінен қоршаған ортаға химиялық заттарды бөледі, жер асты сулары арқылы пластиктің ұсақ түйіршіктері және оның химиялық заттары ең жақын су көздеріне түсіп, бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкеледі.
  • Алғаш рет Еуропа мен Азияның қаламгерлері Нұр-Сұлтанда бас қосады 03 Шілде 2019 Еуропа мен Азияның 20 мемлекетінің ақын, жазушы, драматургтері Елорда күніне орай бас қосады. Биыл ел астанасында алғаш рет «Еуразия астаналарының қаламгерлері» Халықаралық форумы өткелі отыр. Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы және «Алтын Қазына» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыратын елеулі шараны, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қолдаған.
  • AFD-2019 алғашқы жетістіктері – АХҚО-ға әлемнің 20 компаниясы тіркелді 02 Шілде 2019 Astana finance days форумының екінші күнінде аясында Ислам Даму Банкі тобының президенті, Еуропа Қайта Құру және даму банкінің президенті, ҚР-ның бірқатар министрлері және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) жоғары алқалық органы-АХҚО басқару Кеңесінің отырысы өтті. Онда Астана халықаралық қаржы орталығының жылдық есебі ресми таныстырылды.
  • Astana Finance Days форумы – әлемдік қаржы алпауыттарын біріктірді 02 Шілде 2019 Нұр-Сұлтан қаласында шілде айының алғашқы төрт күнінде (1-4 шілде аралығы) Astana Finance Days қаржы форумы өтіп жатыр. Аталған шараның екінші күнінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың қатысуымен "Астана" Халықаралық қаржы орталығының Соты мен Халықаралық арбитражды (төрелік) орталығының салтанатты түрде ашылуы болды. Аstana Finance days қаржы форумы екінші рет өткізіліп, өз алаңында әлемдік сарапшыларды, саясаткерлерді, бизнес өкілдерін, мемлекеттік қызмет пен ғылыми орталықтарды, халықаралық қаржы орталықтарын, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген компаниялар өкілдерін біріктіруде.
  • Жарылыстан кейінгі 7-күн: Арыстың бүгінгі жағдайы қандай? 01 Шілде 2019 Бір апта бұрын, яғни 24 маусымда Арыс қаласының әскери базасында сақталған қару-жарақтар жарылып, қала тұрғындары түгелдей көшірілді. Апат салдарынан 3 адам қайтыс болып, 21 тұрғын үй толықтай өртеніп кетті. Күні кеше Премьер-министр Асқар Мамин Арыста тұратын әрбір тұрғынға, яғни 44 781 азаматқа Үкіметтен 100 мың теңгеден берілетінін, қала 1 ай көлемінде толық жөндеуден өтіп, арыстық кәсіпкерлерге 1 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілетін жеткізді. Сонымен қатар, Арыс қаласында жаңа аурухана салынып, 4 мыңнан астам бала жазғы демалысқа барады. Ал, қаладағы әскери арсенал 2 аптада басқа аймаққа көшірілетіні жөнінде шешім қабылданды
  • Нью-Йоркта Қазақстанның «Жусан» операциясы БҰҰ елдеріне үлгі етілді 01 Шілде 2019 Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы Қазақстаннның тұрақты өкілдігі мен БҰҰ-ның Терроризмге қарсы басқармасы Нью-Йорк қаласында «Терроризмнен азат әлемге және БҰҰ 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібіне қол жеткізу үшін дамушы елдердің синергиясы» атты іс-шара ұйымдастырды. Аталмыш жиынға әлемнің 50 мемлекетінен 100 астам өкіл қатысты. Шара барысында Қазақстанның «Жусан» операция туралы жан-жақты айтылып, БҰҰ-ға мүше мемлекеттеріне үлгі ретінде дәріптелді және операция аясында Сириядан еліне қайтқан қазақстандық әйелдің бейнеүндеуі көрсетілді.
Яндекс.Метрика