Қылмыстық-процестік заңнаманы ізгілендіру заңы не береді27 Шілде 2018
31 шілдеде қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы ізгілендіруге бағытталған Заң өз күшіне енеді. Бұл туралы Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді. Аталған Заң Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты қаңтардағы Жодауында көрсетілген тапсырмасын орындау аясында Бас прокуратура әзірлеген.
Б. Сағынтаев БҚО-ның өнеркәсіптік нысандарын аралады26 Шілде 2018ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.Жұмыс сапарының кестесіндегі алғашқы нысан әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі — Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны болды. Премьер-Министрдің сапары туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
KAZ Minerals жарты жылда қандай нәтижеге қол жеткізді26 Шілде 20182018 жылдың алғашқы алты айында KAZ Minerals Тобы 139,6 мың тонна мыс өндірді. Бұл 2017 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда 18%-ға артық (118 мың тонна). Өсімнің негізгі себепкері – Ақтоғайдағы сульфидті кендерді өңдейтін кен байыту фабрикасының (БФ) былтырғы жылмен салыстырғандағы арта түскен өткізу мүмкіндігі. Екінші тоқсанда кәсіпорын есептік қуатына жетті. 2018 жылдың жарты жылында қол жеткізілген нәтижелер туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстанның екі биосфералық резерваты ЮНЕСКО-ның тізіміне енді26 Шілде 2018
ЮНЕСКО-ның «Адам және Биосфера» бағдарламасының халықаралық үйлестіруші кеңесінің 30-сессиясында Қазақстанның Шарын мен Жоңғар екі биосфералық резерваты ЮНЕСКО-ның Халықаралық биосфералық резерваттар желісіне енгізілді. Бұл шешім Индонезияның Палембанг қаласында қабылданды.
Астана – әлемдегі әсем қалалардың бірі26 Шілде 2018
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Астананың 20 жылдық мерейтойына және туған күніне орай шетел үкіметтері мен мемлекеттері басшыларынан, өкілетті органдар депутаттарынан, халықаралық ұйымдардың, қазақстандық және шетелдік мемлекеттік органдардың жетекшілерінен, дипломатиялық миссиялардың, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың басшыларынан, дін, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен, еңбек ұжымдары мен жұртшылық өкілдерінен көптеген құттықтаулар келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстанда жеңіл автомобильдердің өндірісі 76,4%-ға ұлғайды - ҚазАвтоПром25 Шілде 2018
Есептік кезеңнің қорытындылары бойынша Қазақстанның аумағында жалпы құны 88,3 млрд. теңгені құрайтын сомаға 14 660 бірлік автокөлік құралдары шығарды. Шығару көлемі заттай мәнде өткен жылғы көрсеткіштен 67,2%-ға асты. Бұл туралы «ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындарының одағы» ЗТБ-ның директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферов мәлімдеді.
Сенаторлар өңірлерде «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуымен танысты25 Шілде 2018Орал қаласында Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаеваның қатысуымен балалар құқықтарын қорғау мәселелерін талқылнады. Сондай-ақ, сенаторлар Ақмола облысына жасаған сапары аясында «7-20-25» бағдарламасын іске асыру барысымен танысты. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Түркістан облысында қандай жаңашылдықтар енгізілуде25 Шілде 2018Түркістан облысында көлік саласы бойынша жол картасы жасалынып, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және «Зерде» АҚ-мен келісілім орнатылған. Бүгінгі күні көлік компаниялары мен инвесторлар арасында электронды билетті енгізу туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, Түркістан облысында цифрландыру жүйесін дамыта түсу мақсатында білім беру саласы бойынша педагогикалық құрамды жинақтау процесі автоматтандырылған.Өңірде жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Маңғыстау облысында қандай жұмыстар атқарылды24 Шілде 2018
Маңғыстау облысында аймақ басшысы Ералы Тоғжановтың қатысуымен кеңес өтті, онда Қарақия және Маңғыстау аудандарының әкімдерінің 2018 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасы тыңдалды. Өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстанда үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресу үшін қандай іс-шаралар жүргізілді23 Шілде 2018
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрайымы Ажар Қаджыбекова ағымдағы жылы үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізілген іс-шаралардың барысы туралы хабарлама жасады.
Қазақстанда 784 білім беру бағдарламасы бағаланды - БҒМ23 Шілде 2018Қазақстанда 784 білім беру бағдарламасы бағаланды. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов ЖОО-лардағы білім бағдарламалары қалай жүзеге асырылғандығы туралы айтып берді.
Әлемнің барлық ядросыз аймақтары арасындағы ынтымақтастықты жандандыруымыз қажет – Қ.Әбдірахманов23 Шілде 2018Шолпан-Атада Орталық Азия елдері сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі өтті. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев, Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және Түрікменстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Бердынияз Мятиев Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады.
Астананың 20 жылдығын шайырлар жырлайды20 Шілде 2018Астанасының 20 жылдығын мерекелеу құрметіне 30 тамызда «Ақ ордалы Астана» халықаралық поэзия кеші өтеді. Іс-шараға танымал отандық ақындар мен әлемдік деңгейдегі білікті ақындар қатысады. Көптеген шет елдік танымал ақын жазушыларда аталмыш шараға өз үлестерін қоспақ, деп хабарлайды Strategy2050.kz.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана алуға 148 өтініш қабылданды20 Шілде 2018Президенттің 5 әлеуметтік бастамасында көрсетілген «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана алуға құжат қабылданып жатыр. Осы уақытқа дейін азаматтардан 148 өтініш қабылданып, оның 95-іне иппотекалық несие беру мақұлданған. Рәсімделуге жіберілген өтініштердің жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрап отыр. Сондай ақ, индустриалдық аймақтардың дамуы, жұмыспен қамту, транзиттік жүк тасымалы да бүгінгі ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің баспасөз мәслихатында айтылды.
Өңірлерде «Ақылды қала» қалай жүзеге асырылуда20 Шілде 2018Қазақстан өңірлерінде смарт-жобалардың жаппай іске асырылуы 2017 жылдың күзінде басталды. Оның аясында әрбір салаға арналған қызмет салаларын, қаржыландыру түрлерін, технологияларды және болжамды жоба пулдарын қамтитын «Смарт сити» тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді. Бүгінгі таңда тұжырымдамаға сәйкес Қазақстанның барлық өңірлері «Смарт сити» өңірлік тұжырымдамасын одан әрі тарату және дамыту үшін негізге ала отырып жұмыс істейді.Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Қоғамдық денсаулық сақтауды қалыптастыру үшін не істеу керек19 Шілде 2018Қоғамдық, бұқаралық салауатты өмір қалпын қалыптастыру үшін бұқаралық спорт шараларын ұйымдастыру қажет, дейді мамандар. Аталмыш мақсат бойынша елімізде бірқатар бұқаралық шаралар жүзеге асырылды. Сондай-ақ, өмір сапасы мен ұзақтығының кепілі саналатын мақсатты шараларды күнделікті әдет-дағдыға айналдыру қажет екен. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Қыркүйекте Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің 6-шы Саммиті өтеді19 Шілде 2018Биылғы қыркүйек айында өтуі жоспарланған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (ТМЫК) 6-шы Саммитіне дайындық жұмыстары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен және Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлімен кездесу өткізді.
Қазақстандық ЖОО-ның мәртебесі жоғары ма?19 Шілде 2018Осы аптада еліміздің оқу орындарында құжат қабылдау басталады. Қазақстанның теріскейі мен түстігі, ойы мен қырынан үмітін үкілеген талапкер қалаға қарай ағылады. Негізгі мақсат – үкіметтің грантына ілігу. Әркімге мамандық таңдауда меже, университет көрсетуде кедергі қойылмаған. Абитуриенттер ең алдымен, оқу орнының беделі, мамандыққа сұраныстың болуы және оқу бағасының тиімділігіне назар аударады. Ал ЖОО жылдағыдай мектептерде, әлеуметтік желіде, қала көшелерінде жарнама жасап, университеттің артықшылықтарын насихаттайды. Бірақ, қазақстандық оқу орындары талапкердің талабына, «өнеркәсіптік төңкеріс» жағдайында нарықтың сұранысына жауап бере ала ма? Ішкі ғана емес, аймақтық, тіпті жаһандық бәсекелестікте біздің ЖОО-ның бәсі қаншалықты биік деген заңды сұрақ туындайды.
Халықаралық сәулетшілер конгресі аясында өткен байқаулар қорытындыланды18 Шілде 2018
Халықаралық сәулетшілер конгресінің жұмысы тәмамдалды. Үш күн бойы, таңертеңнен кешке дейін байқау қатысушылары үш бағыт – қалалық орта үшін инновациялар, урбанистика және жергілікті қоғамдық кеңістікті дамыту, «жасыл» технологиялар енгізу бойынша шешімдер ойлап шығарды.Сондай-ақ, аталмыш конгреске әлемнің 20-дан астам елінен жетекші сәулетшілер, урбанистер мен зерттеушілер қатысты.
Жалпыға бірдей декларациялау қалай жүзеге асырылады18 Шілде 2018Ұлт жоспары «100 нақты қадамының» 34-ші қадамы бойынша жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу қарастырылған. Әзірге, аталмыш жүйені тек мемлекеттік органдар ғана жүзеге асырып отыр. Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Тақиев 2020 жылдан бастап декларация қалай жүзеге асырылатыны туралы айтып берді.
Түркістанда туристік индустрияны дамыту басталып кетті18 Шілде 2018Түркістанды түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы және туризмі дамыған қалаға айналдыру мәселесі күн тәртібінде тұр. Осыған орай облыс әкімі мен белгілі сәулетшілер мен тарихшылар, археологтар, суретшілер мен зиялы қауым өкілдері қатысып, ойларын ортаға салды.
Елімізде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда17 Шілде 2018«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының 35 көрсеткішінің 2 көрсеткіші орындалмаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аталған бағдарламаның жарты жылдықтағы нәтижелері мен көрсеткіштеріне арналған Үкімет отырысында айтты. Бағдарламаның өзге көрсеткіштері туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Жекешелендіру: Жарты жылда 39 нысан сатылды 17 Шілде 2018Іс жүзінде 89 объекті сауда-саттыққа шығарылды және 15 объекті бойынша қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылданды. Олардың ішінен 39-ы сатылды.Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Жекешелендіру барысы талқыланған Үкімет отырысында мәлімдеді.Елдегі жекешелендіру қалай жүзеге асып жатқаны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Ішкі туризмнің дамуына не кедергі?16 Шілде 2018Жыл сайын дәл осы уақытта көтеріліп, кейін басылып қала беретін қазақстандық тақырып – туризм. Иә, дәл осы жаз мезгілінде ғана ойланып, осы кезде ғана керек. Өйткені, Үкімет тарапынан да қимыл осы кезде басталып, күзге қарай саябырсып, қыста ұмытылады. Көктемде әлгі ой қайта түлеп, жаз шыға «гүлдейді». Неге? Туризм Қазақстанға тек қана жазда керек пе? Өзге маусым қазақ туризміне қолайсыз ба? Тіпті, өзге үш маусымды былай қойып, жазғы демалыстың өзін қаншалықты ұйымдастыра алып жүрміз? Ой қозғап көрейік...
Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады16 Шілде 2018Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Туризм пайдалы деседі...16 Шілде 2018Жаһанда туризм деген табысты сала бар. Табиғаты әсем, өзгеге көрсететін дүниесі бар жұрттың бәрі қазір турист тартуға құмар. Өйткені, бұл саланың табысы мұнай мен газ сатудан түсетін пайдамен үзеңгі қағыстырып келе жатыр. Дәлірек айтқанда, жаһандық жалпы ішкі өнім көлемінің 10 пайыздан астамы, қызмет көрсетудің 30 пайызы, әлемдік капитал айналымының 7 пайызы туризм саласының үлесінде. Дүниедегі 7 млрд адамның 1 миллиарды жыл сайын басқа елдерге барып, қыдырып қайтады екен. Соңғы 30 жылда әлемдегі туристер саны 4 есе, туризмнен түсетін табыс көлемі 25 есеге өскен. Содан да болса керек Қазақстан да осынау табысты саладан үлес алып қалуға тырысып бағуда.
Халықаралық сәулетшілер конгресі: әлемдік сәулет өнерімен тәжірибе алмасу16 Шілде 2018Астанада Халықаралық сәулетшілер конгресі өз жұмысын бастады. Аталмыш шара екі күнге созылады. Оның аясында шетелдік сәулет өнері өкілдерімен кәсіби тәжірибе алмасу, қазақстандық және шетелдік жетекші сәулетшілермен шығармашылық байланыс орнатылмақ. Шараның басты мақсаттарының бірі прогрессивті әлемдік тәжірибе мен білімді қабылдау қабілеттігін қалыптастыру арқылы заманауи отандық сәулет өнерін дамыту. Сондай-ақ, шара аясында бірқатар меморандумдарға да қол қойылды. Толығырақ, Strategy2050.kz АА дайындаған материалдан оқи аласыздар.
Қазақ классикасының жауһары - «Біржан - Сара» операсы алғаш рет ашық аспан астында сахналанды16 Шілде 2018
Бурабайдағы Абылай хан алаңында ашық аспан астында «Біржан – Сара» қазақ опера өнері классикасының қойылымы өтті. Жаңа музыкалық-сахналық редакциясындағы теңдесіз туындының қойылымы биыл көктемде «Астана Опера» сахнасында өткен болатын. Ұлы сазгер Мұқан Төлебаевтың атақты операсын тамашалауға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
Астананың 20 жылдығы: Танымал болатын картиналар қоры жинақталды13 Шілде 2018Бүгін «Стратегия» пікірталас клубының «Астана әлем назарында» тақырыбындағы отырысы өтеді. Ойжарысқа қатысқан «Наз» мемлекеттік би театрының директоры Сұлтан Срайыл Астананың 20 жылдығы аясында өткен мәдени шаралар туралы айтып берді.
«Стратегия» пікірталас клубы13 Шілде 2018Бүгін «Стратегия» пікірталас клубының «Астана әлем назарында» тақырыбындағы отырысы өтеді.
Б. Сағынтаев Ақтөбе облысында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты13 Шілде 2018
Елбасы тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды. Премьер-Министр жұмыс сапары аясында индустриялық нысандарды аралап, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуымен танысты. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Ғылыми жаңалықты құқықтық қорғау: халықаралық тәжірибе және Қазақстан13 Шілде 2018Ғылыми жаңалықтарды құру және қолдану, олардың авторы мен жаңалықтар жасалатын ұйымдардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау бойынша қатынастарды реттеудің тиімді механизмдерін іздеу жарты ғасырға жалғасып келеді. Бұл өте ұзақмерзімді үрдіс. Зияткерлік меншік құқығы жаңа экономикалық парадигма жағдайында ұлттық деңгейдегі дамудың маңызды аспектісі ғана емес, АҚШ пен ҚХР сынды алпауыттардың сауда текетіресіне де себеп болып отыр. Қазірге дейін бірқатар жаһандық және ұлттық масштабтағы құжаттар қабылданды. Олардың бірқатары: Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Конвенциясы, 1952 жылғы 6 қыркүйектегі Авторлық құқық туралы Дүниежүзілік конвенция, Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж келісімі, Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясы (1886 ж.), Еуропалық патент конвенциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР «Авторлық және сабақтас құқық туралы» Заңы, ҚР «Қазақстан Республикасының патент заңы», ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңы және т.б. Осы уақыт аралығында әртүрлі жобалар ұсынылды, жаңалықтарды тіркеудің жүйелері енгізілді және қайта жабылды, бірақ мәселе әлі шешілмеген күйінде қалып отыр.
Маңғыстау облысы Қазақстандағы ең алғашқы «ақылды үйге» қосылды12 Шілде 2018
Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов пен «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Маңғыстау облысында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Жол картасына» қол қойды. Сондай-ақ, Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ тұрғын үйлердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге арналған инновациялық өнім – «Ақылды үйді» ұсынды.
Астанада Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді12 Шілде 2018Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесе Халықаралық сәулетшілер конгресінің ашылу рәсімін өткізеді, оның жұмысы 2018 жылғы 18 шілдеге дейін созылады деп күтілуде.
Қазақстан мен Өзбекстан: өзара тиімді әріптестіктің жаңа кезеңі12 Шілде 20182018 жылдың 15 наурызында Қазақстандағы Өзбекстан жылының ресми ашылу рәсімі өткен болатын. Осы оқиға – қазақ-өзбек қатынастары жаңа белесінің бастауы деуге де болады, себебі бұл екі ел арасындағы достық пен татулықтың дамуының көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар бүкіл өңірдің экономикалық және саяси серіктестігін нығайтуға зор үлес қосатын айтулы үдерістің бастамасы.Одан бұрын, 2017 жылдың наурызында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзеев Астанаға ресми сапармен келсе, қыркүйек айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Ташкентке барып қайтқан болатын. Оған қоса қос астанада бизнес ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бизнес-форумдар өткізілді. Бұл шаралардың басты мақсаты – екі елдің экспорттық, инвестициялық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы экономикалық әріптестікті күшейту.
Әлем елдері Астанның 20 жылдығын қалай атап өтті11 Шілде 2018Астананың 20 жылдығы Қазақстанның барлық өңірінде ғана емес, шетелдік елдерде де мерекеленді. Мәселен, Қазақстанның Ауғанстандағы Елшілігі Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орай ресми қабылдау ұйымдастырды. Ал, Минскіде Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті. Парижде сурет салудан балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстан халықаралық күн тәртібіне стандарттаудың өзекті мәселелерін енгізу бойынша жұмыс істейді11 Шілде 2018Қазақстан Үкіметі стандарттауға көп көңіл бөлетіні анық. Стандарттау туралы жаңа заң жобасы аясында ұлттық стандарттау жүйесін жетілдіру, оның ішінде ұлттық стандарттардың мәртебесін көтеру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін Астанада шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Мемлекеттік саясатты қолдауға бағытталған стандарттар» аймақтық семинары өтті. Мемлекеттік саясатты қалай стандарттау керек, бұл туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Жұмыспен қамтудың жарты жылдық жоспары 101 пайызға орындалды – министр10 Шілде 2018Жұмыспен қамтудың жарты жылдық жоспары 101 пайызға орындалды. Бұл туралы 2018 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша өткен Үкімет отырысында мәлім болды.
6 айдың қорытындысы: Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қалай жүзеге асырылуда10 Шілде 2018Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,2% -ға өскен. Бұл туралы 2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы талқыланған Үкімет отырысында талқыланды. Жарты жылда елде әлеуметтік-экономикалық салада қандай нәтижеге қол жеткізілді? Келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстан қалаларында алғашқы «жасыл» жобалар жүзеге асырылады10 Шілде 2018
Астанада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасындағы Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының қаржылай қолдауымен энергия үнемдеу мәселелерімен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық туралы бұған дейін жасалған Келісім шеңберінде баспасөз мәжілісі өтті.
«Астана» - мазмұны терең, мағынасы кең ұғым10 Шілде 2018Қазақ елінің астанасын Ақмолаға ауыстырып, кейін «Астана» атауын беру – Тәуелсіздіктің жемісі. Алматы ежелгі «Жібек жолы» бойындағы сауда-экономикалық, тарихи-мәдени орталық ретінде өзінің лайықты бағасын әлдеқашан алып қойды. Ал, егемендігін енді жариялаған мемлекетке шекарасын шегендеп, рәміздерін бекітіп, дипломатиясын орнатудан бөлек, жаһанға жар салып көрсететін заманауи бәсекеге қабілетті, қауіпсіз және креативті астана қажет болды.
Парламентшілер ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысып жатыр09 Шілде 2018Қазақстан Парламентінің делегациясы 7-11 шілде аралығында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Берлиндегі жыл сайынғы 27-ші сессиясына қатысып жатыр. Қазақстандық делегация құрамына Сенат депутаттары Төлеубек Мұқашев, Дулат Құсдәулетов, Михаил Бортник, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Светлана Бычкова мен Құралай Қаракен енген болатын. Сенаторлардың атқарып жатқан өзге жұмыстары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Азияның медиа диалогы: Халықаралық медиа әлемнің салалық шаралары Астанада09 Шілде 2018Астананың мерейтойына арналған «Азияның медиа диалогы» халықаралық медиа әлемінің салалық шаралары өтеді. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев аталмыш Азия-Тынық мұхиты елдерінің ұлттық және аймақтық хабар тарату бірлестіктерінің 100 аса өкілі қатысатынын айтты. Тұңғыш рет өткізілгелі отырған шара туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстан өңірлері Астананың 20 жылдығын қалай мерекеледі 09 Шілде 2018Биыл еліміздің бас қаласы- Астананың 20 жылдығы. 6-шілде күні елорда 20 жасқа толғанын тойлап өтті. Бұл айтулы мерекені тек бас қала ғана емес, еліміздің өңірлері де белсенді түрде атап өтті. Астанаға тарту жасағандары да аз емес. Ел өңірлерінде Астананың 20 жылдығына орайластырған шаралар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
АҚШ Президенті Астананы 20 жылдығымен құттықтады06 Шілде 2018
Нұрсұлтан Назарбаевқа Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамптан Астананың 20 жылдығына және туған күніне орай құттықтау хат келіп түсті,, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Орталық Азия басшыларына АХҚО таныстырылды06 Шілде 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдерінің басшыларымен бірге «Астана» халықаралық қаржы орталығын таныстыру рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астананы ауыстыру – геостратегиялық шешім - Ә.Ахметов 06 Шілде 2018
Астананы ауыстыру – геостратегиялық шешім. Бұл пікірді «Стратегия» пікірталас клубы алаңында Ғалым, мемлекет қайраткері, академик Әділ Ахметов білдірді.
Әлем фотографтары Астанаға жиналды05 Шілде 2018Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Астананың 20 жылдық мерейтойына орай, Елордада екінші мәрте «PHOTOfest.KZ» халықаралық фотофестивалін ұйымдастырып отыр. Оған шетелдік және отандық 17 кәсіби фотограф қатысады.
Қазақстан елшілері әлем елдерімен ынтымақтастықты нығайтуда05 Шілде 2018
Қазақстанның елшілері Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Айгүл Құспан Бельгия Королі Филиппке сенім грамоталарын табыс етсе, Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилиге сенім грамоталарын тапсырды. Бұл марапат елдер арасындағы ынтымақтастық пен сенімді арттыра түсетіні анық.
Н.Назарбаев пен Абу-Дабидің тақ мұрагері елдер арасындағы ынтымақтастықты талқылады05 Шілде 2018Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
АХҚО дүниежүзілік қаржы әлемінің ең перспективалы даму бағытындағы қызметтерді көрсететін болады – Б.Сағынтаев04 Шілде 2018АХҚО жаңа буынның қаржы орталығы ретінде құрылуда. Бұл туралы «AstanaFinanceDay» форумының пленарлық сессиясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Күні ертең ерекше оқиға - болашақ қаржы нарықтарына серпін беруге бағытталған, тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі ұлттық мегажоба - Астана халықаралық қаржы орталығының ресми тұсаукесері өтеді. Толығырақ келесі материалда.
Astana Finance Days: Қаржы саласының басты шарасында жүзеге асқан келісімдер04 Шілде 2018Қаржы саласының биылғы жаздағы басты оқиғасы - Astana Finance Days-2018 іс-шарасы аясында бірқатар халықаралық келісімдерге қол қойылды. «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу салтанаты ертең өтеді. Ал қаржы күндері аясында түзілген меморандумдар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Global Silk Road: Жібек жолы елдері қалалары мэрлерінің форумы қалай өтті04 Шілде 2018Астанада Global Silk Road Жібек жолы елдері қаласының мэрлері форумы өтті. Іс-шараға 60 елден 3000 астам қатысушы тіркелді, оның 73-і Жібек жолы қаласының мэрлері, 30 саяси лидер, 200 ірі сауда-өнеркәсіп палатасы мен әлемнің трансұлттық компаниясы, 150-ден астам спикер мен модераторлар қатысты. Екі күнге созылған форум аясында бірқатар келісімдер жүзеге асырылды.
Қазақстан — бизнес үшін қолайлы ел – Б. Сағынтаев03 Шілде 2018Қазақстан — бизнес үшін қолайлы ел. Инвестициялық ахуалды жақсарту, инвесторлармен ашық диалог орнату, инвестициялар тарту үшін инфрақұрылымды жетілдіру — бұл Үкімет жұмысының стратегиялық бағыты және елімізде жүргізіліп жатқан жаңғырту бағытының табыстылығының маңызды шарттарының бірі екенін баса айтқым келеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Kazakhstan Global Investment Roundtable екінші халықаралық инвестициялық форумында мәлімдеді.
Цифрлық Қазақстан: қаржы саласын цифрландыру қандай деңгейде03 Шілде 2018Үкімет отырысында қаржы секторын цифрландыру мәселесі талқыланды. Мәселен, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қаржы секторын цифрландыру бойынша Қаржы министрлігі 2017 жылы 18 млн қызметтің 16 млн-нын электронды түрде көрсеткенін айтты. Қаржы саласын цифрландыру қандай деңгейде жүзеге асырылып жатқанын келесі материалдан оқи аласыздар.
Үкімет отырысы: «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда03 Шілде 2018Еліміздің сынақтардан сүрінбей өтуі, дамудың даңғыл жолына түсуі мұның бәрі еліміздің бас ордасымен байланысты. Ел бола аламыз ба, әлде, заманның алапат желіне ұшып-жоғаламыз ба деген тағдырлы сәтте халықты биік мақсатқа жұмылдырып, болашаққа бастаған Астана жаңғырған жаңа Қазақстанның жарқын символы. Осылайша, Үкіметтің кезекті отырысын Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Астананың 20 жылдығымен құттықтаудан бастады. Жиында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу және өзектілендіру барысы талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Астана – жетістіктер қаласы: Бас қалада бағы жанған тұлғалар02 Шілде 2018Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің отырысында партияны жаңғырту бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын. Соның аясында құрылған Nur Otan Talks алаңында бүгін «Астана: асқақ арман» іс-шарасы өтті. Аталмыш шара екінші мәрте өткізіліп отыр. Қатысушылар Астанадағы жеңісті, жемісті күндерімен бөлісті. Елордадағы тағдыршешті шешімдердің олардың өміріне қалай әсер еткені туралы сыр шертті. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа нысандарды аралады02 Шілде 2018Мемлекет басшысы жаңадан ашылған «Almaty balabaqshasy» балабақшасына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Елбасы Астанадағы жаңа нысандарды аралады 01 Шілде 2018Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы Достық үйіне, «Жетісу» саябағына және Есіл өзені арқылы өтетін велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.