Басты
  • Гранттар саны 20 мыңға артады, кәсіптік колледж студенттері стипендиясы көтеріледі 28 Маусым 2019 ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепке дейінгі білім және тәрбие беру, орта білім, жоғары білім және докторантура мен магистратурадағы өзгерістер мен жаңалықтар туралы халық алдында есебін ұсынып, жиналғандардың сауалдарына жауап берді..
  • Маусымнан бастап бюджет қызметкерлері қанша еңбекақы алады? 28 Маусым 2019 2019 жылдың 1 маусымынан бастап еліміздегі бір миллионға жуық азаматтың жалақысы ұлғаяды. Осы орайда, мемлекеттік, әкімшілік қызметкерлерінің жалақысы қаншалықты арта түскендігі, сондай-ақ осы мақсаттар үшін бюджеттен қанша ақша қарастырылғаны туралы Strategy2050.kz-тің төмендегі материалында.
  • Сотталғандарды әлеуметтендіру қалай жүзеге асырылады? 28 Маусым 2019 ҚР-ның «Пробация туралы» заңы 2016 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған болатын. Осы Заң пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және пробация ұғымын, мақсатын, міндеттерін, қағидаттарын, түрлерін және жүзеге асыру нысандарын, сондай-ақ өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдардың және оны жүзеге асыратын субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілейді. Осы орайда ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қылмыстық атқару департаменті Сарыарқа аудандық Пробация қызметі қызметінің аға инспекторы Әсел Жоламановадан сотталғандарды әлеуметтендіру бойынша сұхбат алған болатынбыз.
  • Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды 28 Маусым 2019 ҚР Президенті Қ. Тоқаев Қ.Көшербаевты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Парламент сессиясы жұмысын 5 шілдеге дейін ұзартты 28 Маусым 2019 Парламент палаталарының бірлескен отырысында VI сайланған Парламенттің IV сессиясы өз жұмысын 5 шілдеге дейін ұзартатыны мәлім болды. Жиынға Сенаттың 46, Мәжілістің 104 депутаты қатысты.
  • Кәсіп ашатын ауыл әйелдеріне қайтарылмайтын грант бөлінеді 27 Маусым 2019 Қазақстандағы ауыл әйелдерінің әлеуетін арттырып, олардың кәсіпкерлік саласындағы мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы ауыл қоғамының экономикалық жағдайын арттыру үшін еліміздегі бірқатар ұйымдар Ауыл әйелдері форумын өткізбекші. Сонымен қатар, ауыл әйелдерін кәсіпкерлікке тарту мақсатында нақты жобалар жүзеге асырылмақ.
  • Оралман отандастардың бизнес бастамалары қолдауға ие болады 27 Маусым 2019 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда және шетелде тұратын отандас оралмандарды қолдау туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында үшжақты Меморандумға қол қойды.
  • Қазақстандықтар несиесі қашан, қалай өтеледі? 27 Маусым 2019 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыз жүктемесін азайту туралы» Жарлығына орай екінші деңгейлі банктерде, шағын қаржылық ұйымдарда тұтынушылық несиесі бар 443 мың қазақстандықтың несиесі кешірілетін болды. Онымен қоса банктер мен шағын қаржы ұйымдарында кепілдіксіз тұтынушылық несиесі бар барлық қазақстандықтар үшін 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жинақталған айыппұлдар мен өсімақылар алынып тасталады. Айыппұлдарды алып тастау процессі несие берген банктер мен шағын қаржылық ұйымдары есебінен іске асырылады. Осы мәселеге байланысты Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг аясында жауапты орган жетекшілері түсініктеме беріп, жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді.
  • ҚХА: Халықтың бірлігін нығайтудың тетіктері 27 Маусым 2019 Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының XXVII сессиясында халықтың біртұтастығын нығайту мен бейбітшілік пен келісім мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, қоғамдық келісім жұмысына белсенді қатысып, өз үлесін қосқан азаматтар мараптатталды.
  • ИНФОГРАФИКА: Қазақстандағы орташа зейнетақы 27 Маусым 2019
  • 500 арыстық бала елордада демалады – А.Көлгінов 27 Маусым 2019 500 арыстық бала елордада демалады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚХА-ның қалалық сессиясында айтып өтті. Сондай-ақ, ҚХА төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев арыстықтарға қажетті көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Бүкіл Қазақстанды бойына сыйдырған бас қала 27 Маусым 2019 Биыл Қазақстанның Бас қаласына 21 жыл толады. Ширек ғасырға жуық кезеңде үлкен даму сатысынан өткен Елорда – еліміздің әкімшілік қана емес, қаржылық, мәдени және инновациялық орталығы. Астана алаңы аймақтық және халықаралық күрделі шиеленістердің, қаржылық дағдарыс пен экономикалық санкцияның шешу жолын іздестіретін, дәстүрлі діндер мен конфессиялардың, әлемдік ақыл орталықтарының, бизнес пен инновацияның диалог платформасы деңгейіне жетті. Халықаралық аренада Қазақстанның бас қаласы «Еуразияның жүрегіне», мемлекеттің брендіне айналғаны даусыз. Ал Елорданы көркейту қаншалықты маңызды болса, жыл санап артқан тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен отбасылардың әл-ауқаты соншалықты өзекті болып келеді.
  • Елбасының Стратегиясын жүзеге асыру - борыш жүктемесін азайту 27 Маусым 2019 2019 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» №34 Жарлығына қол қойды.Бұл бұрын-соңды болмаған теңдессіз әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім. Елбасының Стратегиясын жүзеге асыру ісінің жалғасы.
  • Келесі жылдан бастап барлық кәсіпкерлер салықтан жалтара алмайды 26 Маусым 2019 ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, ҚР Қаржы министрі Алихан Смайлов халық алдында 2018 жылы министрліктің атқарған жұмыстарының нәтижелері мен жоспарлары туралы есеп берді. Қаржы министрлігінің қатысты негізгі бағыттарға: бюджетке түсімдерді толығымен жинақтау, қаражаттың тиімді игеріліуін бақылау, барлық әлеуметтік міндеттерді орындау және экономиканың өсуіне үлес қосу жатады.
  • Жасыл технологияларды енгізу тұрғындардың әл-ауқатын арттырады – С.Рахимбекова 26 Маусым 2019 Жасыл экономика 21 ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі ретінде танылып отыр. Қазақстан да бұл үрдістен тысқары қалмай елде жасыл технологияларды енгізу жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Жасыл экономика - халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталатын экономика. Экономикалық модель туралы «Жасыл экономика және «G-Global» дамуы үшін коалиция» басқармасының төрағасы Салтанат Рахимбекова Strategy2050.kz сараптамалық порталына берген сұхбатында айтып берді.
  • Медициналық ЖОО-да сабақ аудиторияда емес, ауруханада өтеді 26 Маусым 2019 ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік рефолюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауындағы медициналық ЖОО-ларда университеттердің интеграцияланған клиникаларын дамытуды жүзеге асыру шеңберінде университет клиникаларын дамытудың жоспарлау, ұйымдастыру, қаржы және инвестициялық саясаты мәселелерін шешу жолдарын іздестіру және тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Астана медицина университеті» КеАҚ-пен және «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ біріге отырып «FUTURE HOSPITAL KZ: politics, implementation, finance» (Қазақстандағы аурухана болашағы: саясат, инвестициялар, жүзеге асыру) атты халықаралық форум өткізді. Форумға қатысқан халықаралық сарапшылар, мемлекеттік, жекеменшік мекемелердің өкілдері, медицина саласының жетекшілері университет жанынан клиника құрудың үлгілерін қарастырды.
  • Жеңілдетілген несиеге қалай қол жеткізуге болады? 26 Маусым 2019 Бүгінде ауыл шаруашылығы саласында шағын және орта бизнес ашуға бірқатар мүмкіндіктер бар. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бірқатар бағдарламалар бойынша несие беруді жүзеге асырып жатыр. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Несиелендіру департаментінің бас менеджері Ербұлан Түшкенов Strategy2050.kz сараптамалық порталына берген сұхбатында несиеге қалай қол жеткізуге болатынын айтып берді.
  • Тоқаев азаматтардың борыш жүктемесін азайту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды 26 Маусым 2019 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы қаулы қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Бір топ депутат халықпен кездесу үшін Арыс қаласына кетті – Н.Нығматулин 26 Маусым 2019 Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Алдымен Мәжіліс Төрағасы барлық депутаттық корпустың атынан Арыста қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді. Әрі қарай күн тәртібіндегі бірқатар заң жобалары мақұлданып, депутаттық сауалдар тыңдалды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Мемлекеттік қызмет: Артықшылық пен басымдық, әлеуметтік қамсыздандыру 26 Маусым 2019 Мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесін көтеру бойынша елімізде бірқатар іс-шаралар жүргізілгені мәлім. Қазір мемқызметкерлерге қандай жеңілдіктер бар, Отанға тікелей қызмет ету үшін қандай талаптарды орындау керек, осы және өзге де сұрақтарға Strategy2050.kz АА-ға берген сұхбатында ҚР Ішкі істер министрлігі ҚАЖК Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Кадр саясаты бөлімінің жетекшісі Назгүл Торғаева айтып берді.
  • Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша алдыңғы ондыққа кіреді 25 Маусым 2019 Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру кездесуінде ақпарат, азаматтық қоғам, қоғамдық келісім мен жастар және отбасы мәселелері жөнінде мәлімет келтіріп, алға қойған негізгі міндеттер туралы айтып берді.
  • Президенттің тапсырмалары қалай орындалып жатыр 25 Маусым 2019 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралардың нақты жоспарын қабылдады. Үкімет өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу шараларын әзірледі.Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Кемеңгерліктің 30 жылы: Мемлекеттіліктің қалыптасу дерекнамасы 25 Маусым 2019 ҚР Тұңғыш Президентінің бастамасымен Тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегендігі, сарабдал саясаткерлігі нәтижесінде көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті. Ал, мемлекеттілікті қалыптастыру жолында Елбасы жолы қандай болғаны туралы «Нұрсұлтан Назарбаев: кемеңгерліктің 30 жылы» көрмесінде көрініс тапқан. Strategy2050.kz сараптамалық порталы назарларыңызға көрмедегі құндылықтар туралы материалды ұсынады.
  • Қазақстанда 2 жылда IT-стартаптарға 29 млрд. инвестиция салынды 25 Маусым 2019 Astana Hub халықаралық технопаркі 2018 жылы 6 қарашада ресми ашылды. Қазіргі таңда ол ұлттық инновациялық экожүйе ретінде қалыптасуда. Оның құрылу негізіне Сингапур, Оңтүстік Корея сынды елдердің тәжірибесі алынған болатын. Қазіргі таңда бұл жоба алғашқы нәтижелерін көрсетіп жатыр. Атап айтқанда, Astana Hub іске қосылғалы 2018-2019 жылдардың ішінде IT-стартаптарға 29 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылған. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Үкімет отырысында Ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық экожүйенің дамуы туралы айтып берді.
  • Арыс қаласындағы оқиғаның салдары – қаланың бүгінгі жағдайы қандай? 25 Маусым 2019 Түркістан облысы Арыс қаласының әскери қоймасында бірнеше жарылыс болып, Арыс қаласы мен сол қаланың маңайындағы ауыл тұрғындары түгелге эвокуацияланған болатын. ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше оқиға 24.06 күні таңғы сағат 9-дан өте болған. Жарылыс кесірен жарақат алған 165 адамның 76-сына амбулаториялық көмек көрсетілген. 89 пациент стационарлық ем қабылдаса, 15 адам жансақтау бөлімінде жатыр. ІІМ орынбасары Юрий Ильиннің мәліметінше жарлыс кезінде адасып кеткен балалардың барлығы табылған. Осыған байланысты оқиғаның салдарымен күресіп жатқан тиісті Үкімет мүшелері мәлімдеме жасады.
  • Өңірлер: Алматы облысында жүргізіліп жатқан қоғамдық шаралар 24 Маусым 2019 Алматы облысының тәртіп сақшылары «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы шеңберінде облыс тұрғындарына ақпараттық-құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Сондай-ақ, «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында жазғы лагерьде демалушы балаларға жол қозғалысы бойынша байқау өткізілді.
  • Қазақстандағы еңбек демалысының түрлері, есептеу жолдары 24 Маусым 2019 Елімізде еңбек демалысы маусымы басталды. Осы кезеңде жұмыс істейтін азаматтардың жыл сайынғы еңбек демалысы күндерінің санын дұрыс есептеу өте маңызды, өйткені мұндай есептеу «демалыс төлемінің» сомасына әсер етеді. Оның үстіне ҚР Еңбек Кодексінің 91 бабына сәйкес – жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде еңбек өтілін есептеу, нақты жұмыс істелген уақыт, жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт, жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт, жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады, делінген.
  • Президент атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін реттеуді тапсырды 24 Маусым 2019 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде кеңес өтті,деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Сенат отырысы: Депутаттардың сауалдары қандай мәселелерді қаузады 24 Маусым 2019 Сенаттың кезекті отырысында бірқатар заң жобалары қаралып, Үкімет басшысына депутаттық сауалдар жолданды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы да бар. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін 24 Маусым 2019 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, Қазақстан халқы дәл қазір 39 түрлі әлеуметтік төлем алып жатыр. Былтырғы жылдың өзінде республикалық бюджеттен осы әлеуметтік салаға 2 трлн. 600 млрд. теңге жұмсалған. Әлеуметтік сақтандыру қорына жұмыс берушілерден түскен қаржыға жұмыс істейтін азаматтар үшін 5 түрлі әлеуметтік көмек көрсетіледі. Тек қана өткен жылы аталған көмекті 800 000-ға жуық қазақстандық алған. Оған кеткен қаржының көлемі 190 млрд теңге. Биылғы жылы әлеуметтік салаға бөлінген жалпы қаржы 3,3 трлн теңге. Оның ішінде 2,8 трлн теңге зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге бөлінген.
  • Сот жүйесін жаңғырту қалай жүзеге асырылып жатыр? 24 Маусым 2019 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауында Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру мақсатында сот жүйесін одан әрі жаңғыртуды тапсырды. Ол үшін үш басымдық белгіленген.
  • Нұр-Сұлтанда БАҚ өкілдері құрметіне жасыл аллея ашылды 24 Маусым 2019 Қазақстанның Елордасында тұңғыш рет журналистердің құрметіне жасыл аллея ашылды. Төртінші билік өкілдеріне арналған бұл шараны Қазақстан құрылысшылары одағы ұйымдастырды. Аллеяға 14 БАҚ-тан 40-тан астам журналистер өз қолдарымен шырша көшеттерін отырғызды.
  • «7-20-25»: 1 шілдеден бастап бағдарламаның талаптары өзгереді 24 Маусым 2019 «7-20-25» бағдарламасын бойынша жұмыс істейтін банктер 1-ші шілдеден бастап 20%-дан артық бастапқы жарна сомасын қабылдай алады.
  • Қазақстанның үздік мемлекеттік қызметшілері анықталды 22 Маусым 2019 Бурабайда тұңғыш рет «Жас мемлекеттік қызметшілердің форумы өтті. Шара Жастар жылы аясында Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай ұйымдастырлды. Жиынға мұрындық болған Кәсіподақтар федерациясы жастарға қолдауды күшейту мақсатында осындай шараларды өткізу айтырлықтай маңызды екенін атап өтті. Форум туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • МӘМС Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру деңгейін арттыра ма? 22 Маусым 2019 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру денсаулық сақтау саласын қаржыландыру деңгейін арттыруға көмектеседі. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының мұрындық болуымен өткен ашық пікірталаста Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Сондай-ақ, отырыста денсаулық саласын дамытуға қанша қаржы қажет екені және саладағы жаңа реформалар талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Өткен жылы шетел инвесторлары 6 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашты 21 Маусым 2019 Өңірлерді дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру сияқты ел президентінің алға қойған мақсаттарына сәйкес шетелдік инвесторларды тартуда әрі олармен қарым-қатынас орнатуда ҚР Сыртқы істер министрлігінің және аталған министрлікке қарасты «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының рөлі зор. Осы орайда Қазақстанда шетел инвестицияларын тартудың жаңа жүйесі құрылды және үнемі жетілдірілуде. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Бақыт Батыршаев баспасөз конференцияда осы және басқа да инвестициялық ынталандыру шаралары туралы айтып берді.
  • Қ.Тоқаев сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл Жоспарын бекітті 21 Маусым 2019 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды тұғырнамасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясының барысында ел азаматтарынан келіп түскен ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
  • Кинематография жаңалықтары, терминдер, туризм – ҚР Мәдениет және спорт министрі есеп берді 21 Маусым 2019 ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында өткен жылы министрлік атқарған жұмыстарды қорытындылап, ағымдағы міндеттері туралы халық алдында есеп берді және Қазақстан тұрғындары мәдениет, өнер, спорт, тілдердің дамуы, және туризм саласындағы өздерін қызықтыратын сұрақтарына министрден тікелей жауап ала алды.
  • Қазақстандықтар қаржылық сауат арттыруы үшін тегін курс ашылды 20 Маусым 2019 Қазақстан республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың алға қойған 10 міндетіндегі бастты бағыттың бірі – өңірлерді дамыту. Осы мақсатта Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстанның өңірлерінде тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін дәрістер циклын өткізуді қолға алды. Сондай-ақ, ҚР ҰБ қаржылық қызметтер бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғауды мақсат қойды.
  • Газ тарту, бензиннің бағасы мен мұнай өндіру -Қанат Бозымбаев халыққа есеп берді 20 Маусым 2019 Энергетика министрлігі мұнай-газ және мұнай-газхимиялық, электрэнергетика, атом пайдалану салаларына және қоршаған ортаның сапасын жақсарту бағыттары бойынша жауапты функцияларды атқарған болатын. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензиннің бағасы мен тарифтер, мұнай өндіру туралы халық алдында есеп берді. Энергетика саласында қандай жұмыстар атқарылғаны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Президент Қ.Тоқаевтың 10 міндетіндегі басты бағыт – әлеуметтік сала 20 Маусым 2019 Президент Қ.Тоқаевтың инаугурациялық сөзіндегі халықтың табысын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық қорғау органдарын реформалау, өңірлерді дамытудың жаңа бағыты және т.б. алға қойған міндеттерге байланысты ҚР пезиденті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Президент Қ.Тоқаевтың 10 міндеті: ел дамуының жаңа деңгейі» атты дөңгелек үстел өтті. Саясаткерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, шенеуніктер қатысқан бұл шарада талқыланған мәселелер туралы төмендегі материалдан оқыңыздар.
  • Рухани жаңғыру және жастар жылы 20 Маусым 2019 Биыл «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласының шыққанына 2 жыл толды. Ол 2017 жылы 12 сәуірде отандық басылымдарда жарияланып, қоғамда резонанс тудырған еді. Жоғарғы мінберден бастап, оқу орындарына дейін рухани жаңғырудың қазіргі жай-күйі мен алдағы бағыт-бағдары талқыланды. Жалпы, еліміздегі рухани жаңғыру – үздіксіз процесс болғандықтан, оған Тәуелсіздік жарияланған соң қолға алған барлық рухани-мәдени шаралар енеді. Алғашқы жылдардағы «Мәдени мұра» бағдарламасы, «Тарих толқынындағы халық», ҚР Президентінің Ұлытаудағы сұхбаты, кейінгі «Ұлы Даланың жеті қыры» осы үрдістің үзілмес бөліктері. Аталған іс-шаралар мен бағдарламалар көнеден келе жатқан рухани-мәдени қазынаны қайта қаузап, тарихи танымды кеңейтуді ғана емес, бүгінгі қоғамдық сананың трансформациясын көздейтін маңызды құжаттар. Ал, Қ.Тоқаевтың «Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік» атты сұхбаты осылардың заңды жалғасы деуге болады.
  • Құқық қорғау жүйесін реформалау қалай жүзеге асырылуда? 20 Маусым 2019 Осы жылдың 12 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінде: «Сот және құқық қорғау жүйесін реформалауды маңызды бағыттарға жатқызып, оған баса мән беруіміз керек» деген. Президент «құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – халықтың сеніміне ие болу» деп белгілеген.
  • Қ. Мәми: Азаматтардың ең басты міндеті - Конституцияның нормаларын құрметтеу 20 Маусым 2019 ҚР Конституциялық Кеңесінің жыл сайынғы жолдауы жарияланды. ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Конституция кеңесінің жолдауы, ҰР Үкіметінің бюджет туралы есебі тыңдалып, депутаттардың бірқатар сұрақтарына жауап берілді. Бірлескен отырысқа Сенаттың 45, Мәжілістің 102 депутаты қатысты. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қоғамның этноәлеуметтік құрылымын қалай жақсарту керек? 19 Маусым 2019 Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысында қазіргі кезеңдегі Қазақстан халқының бірегейлігі мен бірлігі: даму үрдістері, Қазақстандық қоғамның этноәлеуметтік құрылымы талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстандық шаруалар өнімін тікелей өткізетін болды 19 Маусым 2019 Ел алдында есеп берген ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов – министрліктің биыл алға қойған ең маңызды үш бағытын атап өтті. Олар - елдегі кәсіпкерлікті дамыту, бағалар мен тарифтер және өңірлерді дамыту. Министрдің мәліметінше осы жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4 пайызды құраған.
  • ИНФОГРАФИКА: Ұлттық бірыңғай тест 19 Маусым 2019
  • Тоқаев: «Айбын» әскери-патриоттық жиыны жастар үшін бірегей алаң 19 Маусым 2019 Қазақстан Президенті – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы V «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуына қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Нұр-Сұлтаннан Стамбұлға 1 шілдеден бастап күнде әуе рейсі қатынайды 19 Маусым 2019 1 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан-Стамбұл бағытындағы әуе қатынасы 7 ретке дейін жиілейді. Бұл көрсеткішке қол жеткізу Стамбұлда 2018 жылдың 29 қазанында Стамбұл әуежайының ресми ашылуы себеп болып отыр. Қазақстандық туристердің Түркияға ұшып-қонуына қандай қолайлы жағдайлар жасалатыны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Медицина саласындағы көрсеткіштер – ҚР Денсаулық сақтау министрі есеп берді 19 Маусым 2019 2025 жылға дейін қазақстандықтардың өмір жасын 75 жасқа дейін ұзарту, міндетті әлеуметтік сақтандыру, медицина қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға көтеру, дәріханалардан дәріні рецеппен беру поцессі, ана мен бала денсаулығы және т.б. мәселелер туралы халық алдында есеп берген ҚР Денсаулық сақтау министі Елжан Біртанов министрліктің алдағы мақсаттарымен бөлісіп, сонымен қатар тұрғындардың сұрағына жауап берді.
  • «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы кімге, қашан, қалай беріледі? 18 Маусым 2019 Шілде айында Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жергілікті әкімдікпен бірге жүзеге асыратын «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылады. Мемлекет жыл сайын бұл бағдарламаға 50 млрд теңге бөледі деп жоспарлануда.
  • Қ.Тоқаев А.Көлгіновке қаланың инфрақұрылымын дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді 18 Маусым 2019 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • АӨК-ні дамытудың нәтижелері қандай? 18 Маусым 2019 Бүгінде агроөнеркәсіптік кешен экономиканың тұрақты дамып келе жатқан салаларының бірі ғана емес, сонымен бірге бизнес үшін экономикалық тұрғыдан тартымды салаға айналып отыр.Елбасы алға қойған еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын 2,5 есеге арттыру міндетін ескере отырып, өткен жылдың екінші жартысында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы өзектендірілді. АӨК саласында қол жеткізілген нәтижелер туралы Ауыл шаруашлығы министрі Сапархан Омаров халық алдындағы есебіндле айтып берді.
  • ҰБТ – 2019: Талапкерлерге көмек болатын бес жеңілдік 18 Маусым 2019 Ұлттық бірыңғай тестілеу он алты жыл бойы өткізіліп келеді. Оған осы уақытқа дейін 1 млн. 800 мыңға жуық адам қатысты. 2019 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалмақ, яғни тапсыратын пәндер, сұрақтар, ұпай саны, уақыты бұрынғы форматта. Биыл ҰБТ 20-сыншы 30-ыншы маусым аралығында барлығы 169 тапсыру пунктінде өтеді. ҰБТ-ға қатысу үшін 117 242 адам өтініш берген. Соның ішінде 96 мыңнан астамы осы жылғы мектеп түлектері немесе жалпы мектеп бітірушілердің 72 пайызы болса, 20 мыңнан астамы биылғы және өткен жылдары колледж бен шетелдік білім беру ұйымдарының бітірушілері.
  • Медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдері қандай болмақ? 18 Маусым 2019 Үкімет отырысы жаңадан тағайындалған министрлердің ант беруінен басталды. Осыған дейін тағайындалған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстан заңдарын қатаң ұстанып, ел игілігіне қызмет ету жөнінде ант етті. Ал, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық сақтандырудың жаңа үлгісі туралы айтып берді. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Нұр-Сұлтан қаласының жаңа әкімі қызметін қалай бастады? 17 Маусым 2019 13 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды. А.Көлгінов өзінің жаңа қызметіне білек сыбана кірісіп кеткенге ұқсайды. Жаңа әкім шаһардың бірқатар аудандарын аралап, қаланың инженерлік инфрақұрылымымен танысты. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстанда екі жаңа министрлік құрылды 17 Маусым 2019 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары бойынша екі министрлік құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Былтыр «Еңбек» бағдарламасы бойынша 497 мың адам жұмысқа орналастырылды – ЕХӘҚМ 17 Маусым 2019 2019 жылдың 1 маусымынан бастап бюджет саласының табысы төмен қызметкерлерінің жалақысы 30% - ға дейін арттырылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ведомствоның 2018 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы Қоғамдық кеңес алдында баяндамасында айтты.
  • Қазақстандағы тұрғын үй нарығының көрсеткіштері қандай? 17 Маусым 2019 Сарапшылардың айтуынша, жылжымайтын мүліктің нарықтағы бағасы өсе береді. Мамыр айында Қазақстанның көптеген қалаларында тұрғын үй бағасының өсуі байқалды. Оң динамика (2% -дан жоғары) тек Талдықорғанда байқалды. Баға индексі шаршы метріне 178 025 теңгені құрады (+ 2,1%). Төменде әр қаладағы баға индексі салыстырылып, пәтердің қай кезеңде арзандап я түсуі байқалатындығын, бұл нарық бойынша алдағы айларға сарапшылардың болжамы берілген.
  • Сайлауда ұлттық бақылаушылар институты белсенді болды – ҚСЗИ 14 Маусым 2019 ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында «Қазақстаннның даму траекториясы: сабақтастық, әділдік, өрлеу» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын аясында Президент сайлауының қорытындылары, ағымдағы қоғамдық-саяси мәселелер, сондай-ақ азаматтардың әл-ауқатын арттыру тұрғысында мемлекеттік саясатты одан әрі дамыту жөніндегі шаралар талқыланды.
  • Заң қызметі саласында қандай реформалар жүргізілді? 14 Маусым 2019 Әділет министрі Марат Бекетаевтың өңірлермен бейнеконференциялық байланыс арқылы халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында Министр қоғамның және әділет органдарының өткен жылы атқарған қызметі туралы толық ақпарат берді. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Жеңілдігі бар пәтерлердің берілуі, әуе билеттерінің арзандауы - ИИДМ есеп берді 14 Маусым 2019 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2018 жылды қорытындылап, 2019 жылдағы жоспарларымен бөлісті. Жалпы, министрлік – көпвекторлы мемлекеттік орган. Ол: көлік, құрылыс, әуе, автомобиль, темір жолдары мәселелері, елді индустриялық-инновациялық дамыту, тау-кен металлургия, елді-мекендерді сумен жабдықтау, тұрғын-үй коммуналдық кешен салаларын қамтиды.
  • Қ. Тоқаев ШЫҰ аясында бірқатар кездесулер өткізді 14 Маусым 2019 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті аясында Бішкекте Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин және Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • АММ: Тау-кен металлургия саласының даму ахуалы 13 Маусым 2019 «Astana Mining & Metallurgy» Х - Халықаралық тау-кен металлургия конгресі алаңында мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жетекші әлемдік компаниялар, Қазақстанның және басқа да елдердің сарапшылары мен қаржы құрылымдары кездесті.ТМК саласындағы жаңашылдықтар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды 13 Маусым 2019 Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Еуроодақ мамандары Қазақстанда су сапасын арттыру тәжірибесімен бөлісті 13 Маусым 2019 Қазақстан астанасында отыздан астам маман үш күн бойы Еуроодақтың тәжрибесімен танысып, су сапасын бақылау негіздерін үйренді. Мамандар қатарында: ұлттық сарапшылар, министрліктер мен өндіріс өкілдері бар. Еліміздегі су сапасын арттыру мәселесіне байланысты оқытуға Еуроодақ қаржылық қолдау білдірді.
  • Еуразияның диалог пен даму платформасы 12 Маусым 2019 Маусым айы маңызды кездесулер мен саяси оқиғалардан басталды. Қазақстанда Президент сайлауы өтіп, 70,76 пайыз дауыспен кандидат Қ.Тоқаев жеңіске жетті. РФ Президенті В.Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Армения Республикасы, Түркия және т.б алыс жақын мемлекет басшылары құттықтау жеделхаттарын жолдады. Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, 2019 жылы 12 маусымда жаңадан сайланған ҚР Президентінің инаугурациясы өтеді. Өткенде аптада Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен Мәскеуге барып, Ресей Президенті В.Путинмен бірлескен мәлімдеме қабылдады, сондай-ақ Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты. Алда – АӨСШК мен ШЫҰ саммиттері.
  • Қазақстанда тегін дәрі-дәрмекті қалай алуға болады? 12 Маусым 2019 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығымен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізімі бекітілген болатын.
  • ИНФОГРАФИКА: 6 айда салынған тұрғын үйлердің есебі 12 Маусым 2019
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді 12 Маусым 2019 Елорданың Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтіп жатыр.
  • Стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығы: Корей таяқшаларының көрмесі ашылды 12 Маусым 2019 Елбасы кітапханасында ас ішуге арналған корей таяқшаларының «K-Chopsticks: Connection» көрмесі ашылды. Көрме Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік орнатылуының 10 жылдығына арналған.
  • Жаңа жұмыс орындарын ашу – Үкімет жұмысының басымдыққа ие міндеті – А.Мамин 11 Маусым 2019 Жаңа жұмыс орындарын ашу – Үкімет жұмысының басымдыққа ие міндеті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 2019 жылғы қаңтар-мамырдағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған отырыста мәлімдеді. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Соңғы қорытынды: Сайлаудағы өңірлердің белсенділігі 11 Маусым 2019 ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 9 маусымда өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды. Дауыстарды санау нәтижелері облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және елордадағы сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде шыққан.
  • ИНФОГРАФИКА: Цифрландыруды жүзеге асыру 10 Маусым 2019
  • Қазақстан 10 жылдан кейін қандай болады деген сұраққа жауап іздеу керек – А.Сарым 10 Маусым 2019 Қазақстан 10 жылдан кейін қандай болады деген сұраққа жауап іздеу керек, деді танымал саясаттанушы Айдос Сарым 9 маусым күні өткен президент сайлауына қатысты өз пікірінде. Strategy2050.kz сараптамалық порталы сарапшылардың пікірін ұсынады.
  • Сарапшылар пікірі: Сайлау - халықтың саяси мәдениетін өсірудегі саяси белес 10 Маусым 2019 Сайлау - халықтың саяси мәдениетін өсірудегі саяси белес. Бұл туралы Қазақстан Президентінің сайлауы қалай өткені жайлы өз пікірлерін білдірген қазақстандық және халықаралық сарапшылар айтты.
  • Қазақстанда президент сайлауы қалай өтті? 10 Маусым 2019 9 маусым күні Қазақстан Республикасында кезектен тыс президент сайлауы өтті. Ресми мәліметке сүйенсек, сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берді. ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының мүшесі Ләззат Сүлейменнің айтуынша, сайлау учаскесінде дауыстарды санау уақыты санау басталғаннан кейін он екі сағат ішінде аяқталуы тиіс. Қазақстандағы Президент сайлауының қалай өткені жайында келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13% дауыс жинады - Exit poll 10 Маусым 2019 Exit-poll қорытындысы бойынша сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13% дауыс жинады.
  • Кәсіптік, техникалық білім алған колледж түлектері қайда жұмысқа тұра алады 07 Маусым 2019 Қазіргі таңда Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беретін 821 колледж бар. Онда 488,7 мың студент білім алады. Қазақстанда слесарь, электрик, техник-механик, жобалаушы, авиация, IT, 3D модельдеу сияқты кәсіптік, техникалық мамандар тапшылығы байқалғандықтан – ҚР БҒМ Елордадағы Политехникалық колледжде журналистерге баспасөз-турын ұйымдастырды. Кәсіптік, техникалық білім алған жас түлектердің алды ірі кәсіпорындарға қызметке тұрса, білім алып жатқан жоғары курс студенттеріне мамандығы бойынша жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар көрінеді.
  • Қазақстанда егіс науқаны қалай өтті? 07 Маусым 2019 Қазіргі кезде барлық өңірлер егіс науқанын аяқтады.Жалпы көктемгі егіс алқабы 19,0 млн. га құрады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров егіс науқанының қорытындылары туралы Үкіметте өткен баспасөз конференциясында айтып берді.
  • ШОБ: Ауылда қандай кәсіп ашуға болады? 07 Маусым 2019 Бір айдың ішінде «Еңбек» бағдарламасының қатысушыларына мыңға жуық шағын несие берілген. Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 60 млрд. теңгеге жуық несие беруді жоспарлап отыр. Оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына – 27,5 млрд. теңге қарастырылған. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазіргі заманның түлектері қандай болуы керек? 06 Маусым 2019 Назарбаев Университетінде Жоғары білім көшбасшыларының жыл сайынғы VIII Еуразиялық форумы ашылды. «Болашақ талабына сай түлектер» атты форумның басты тақырыбына байланысты қызықты сессиялар, пікірталастар мен семинарлар ұйымдастырылды. Форумға 12 елден 300-ге жуық делегат қатысты. Түлектердің қандай заманауи талаптарға сай болуы керектігі жайлы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Н.Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесі берілді 06 Маусым 2019 Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесі берілді, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі.
  • Жастар жылы: Жас кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетіледі 06 Маусым 2019 Елордада жас кәсіпкерлер, сонымен қатар кәсіп бастағысы келетін жастардың бас қосатын Аtameken FEST форумы өтті. Іс-шараның ең басты оқиғасы –кәсіпті енді бастаған және бизнесін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлерге арналған «Atameken Academy» бірегей платформасы мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Жас кәсіпкер» білім беру жобасының іске қосылуы болды. Қазақстандағы жас кәсіпкерлер жетістікке қалай жеткені туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Білім және медицина саласы қызметкерлеріне жарнасыз пәтер беріледі 06 Маусым 2019 Білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерге бастапқы жарнасыз берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама аясында екі жыл ішінде 3 000-ға жуық дәрігерлер мен мұғалімдер пәтерлі болады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ министрліктер мен ведомстволық ұйымдардың қызметкерлеріне «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді жалға беру туралы келісімге қол қойды. Белгілі болғандай, бағдарламаны қаржыландыруға шамамен 40 млрд. теңге бөлінеді және бұл қаражат мемлекеттік бюджеттен алынбайды.
  • Қазақстанда жұмыссыздарға жәрдемақы қалай және қанша беріледі? 05 Маусым 2019 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес, мекенжайы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздарға әлеуметтік төлем беріледі. Қазақстанда жұмыссыздарға жәрдемақы қалай және қанша берілетінін келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстанның барлық өңірлерінде «Бизнес үш күнде» жобасы іске қосылады 05 Маусым 2019 Маңғыстау облысында Ақтау қаласы әкімдігі мен облыс әкімдігінің бастамасымен және жергілікті меценат азаматтардың қолдауымен наурыз айында басталған «Бизнес 3 күнде» жобасының нәтижелері таныстырылды. Маңызды іс-шара аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелері мен мүгедек жандар жеке кәсібін дөңгелету, оны күнкөріс көзіне айналдыру мүмкіндігіне ие болды. Жоба туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қ.Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады 05 Маусым 2019 Ақорданың бапасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауын жариялады.
  • Қазақстанда «жасыл кеңселердің» қатары көбейеді 04 Маусым 2019 Еуразиялық топ пен «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында ERG компаниясы «Жасыл кеңсе» жобасын қолдауды ұйғарды. 2008 жылы пайда болған бастама кеңсе қызметкерлеріне заманауи әрі қауіпсіз планетаны келер ұрпаққа сақтауға сеп болады. Қуатты барынша үнемдеп, эргономикалық технологияларды кеңінен пайдалана отырып, адам мен қоршаған ортаға тарайтын экологиялық шығарындыларды мүмкіндігінше азайтатын әрі қоғамдық жалпы пайдалануға арналған кеңістіктер «Жасыл кеңсе» аталады.
  • Мемлекеттің және кез-келген компанияның ең басты байлығы адам екенін ұмытпаңыздар- Қ.Тоқаев 04 Маусым 2019 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні 04 Маусым 2019 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы 2007 жылы 4 маусымда қабылданған Конституциялық Заңына сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. 1992 жылғы маусымның 4-де Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілген болатын. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.
  • 2023 жылы халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету мәселесі шешіледі 04 Маусым 2019 ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді сумен қамту және су бұру мәселелері қаралды. Бүгінгі күні 86 қалалық елді мекеннің 58-де ғана тазалау құрылғылары бар, олардың орташа тозуы 60% - ды құрайды. Олардың 26 қалада қайта жаңарту және 27 қалада құрылысын салу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл проблеманы шешу үшін алдын ала бағалау бойынша шамамен 330 млрд.теңге қажет. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Елімізде «Студенттер үйі» республикалық акциясы іске қосылды 04 Маусым 2019 Жастар қоғамдық ұйымдары «Жастар жылы» аясында жатақханадағы студенттердің тұрмыстық өмірін жақсартуға мүдделі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Жастардың өзін-өзі басқару органдарының жүйесін дамыту» атты әлеуметтік жобасы негізінде «Студенттер үйі 2.0» акциясының таныстырылымы өтті.
  • ОСК: Кез-келген азамат сайлауда бақылаушы бола алады 03 Маусым 2019 Қазақстанда 9 маусым күні кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні белгілі. ҚР Орталық сайлау комиссиясындағы жаңалықтармен бөлісіп, сайлаудың әділ өтуін қамтамасыз ету үшін азаматтардың бақылаушы болу мүмкіндігі, өз учаскеңді білу жолдары туралы Strategy2050.kz сараптамалық порталының материалын ұсынамыз.
  • Бізге университеттерде туризм бизнесі бойынша мамандар әзірлеуді қолға алу керек – Қ.Тоқаев 03 Маусым 2019 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Еңбек нарығындағы сұранысқа ие 100 мамандық 03 Маусым 2019 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік бағдарламалар мен кадрлық қажеттілікті болжау негізінде 2025 жылға дейін 100 сұранысқа ие сервистік және индустриялық кәсіптер тізбесін әзірледі. Strategy2050.kz сараптамалық порталы назарларыңызға сұранысқа ие мамандықтарды ұсынады.
Яндекс.Метрика