Елдегі денсаулық сақтау саласының дамуы29 Маусым 2018Соңғы 5 жылда мемлекеттік бюджет есебінен дәрілік заттармен қамтамасыз етілген пациенттердің саны 15% -ға өсті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерге және денсаулық сақтау жүйесінің басым міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған Денсаулық сақтау министрлігі қызметінің мәселелеріне тоқтады.
Елбасы Генадий Головкинмен кездесті29 Маусым 2018
Мемлекет басшысы WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы: нақты жоспарлар мен жобалар белгіленді29 Маусым 2018Қазақстан мен Германия Үкіметтері ҚР-дағы неміс этносын қолдау жөніндегі нақты жоспарлар мен жобаларды белгіледі. Күн тәртібінде «Возрождение» қазақстандық неміс бірлестігі» қоғамдық қорын және Қазақстандық неміс жастары одағын қолдау, сондай-ақ олардың Германиядағы серіктес ұйымдармен өзара әрекеттесу мен қазақстандық оқу орындарында неміс тілін дамыту мәселелері талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
15-ші ҰБТ-ның нәтижесі қандай29 Маусым 2018Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 15- мәрте өткізілді. ҰБТ-ның биылғы нәтижесі мен қалай ұйымдастырылғаны туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мәлімдеді.
Парламенттің үшінші сессиясы қорытындыланды 29 Маусым 2018Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтті. Бірлескен отырыста Мәжіліс Төрағасы алтыншы сайланған Парламенттің үшінші сессиясы өте маңызды және тарихи кезеңде өткенін айтып, еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төраға болғанын, сондай-ақ, өткен жылы «ЭКСПО» халықаралық көрмесі ұйымдастырылғанын, Елордамызда Сирия жағдайы бойынша «Астана процесі» өтіп, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі келіссөздер алаңына айналғанына тоқталды.
Елбасы Шығыс Қазақстандағы бірқатар нысандарға барды28 Маусым 2018
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Силумин-Восток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Қазақстан Президенті «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Роботтандырылған хирургия орталығына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Түркістан қаласының жанынан 670 гектар жерге жаңа қалашық салынады28 Маусым 2018
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келді.Сапары барысында Түркістан аймағын дамыту перспективалары туралы комиссияның бірінші отырысына қатысып, қаланың даму жоспарымен танысты. Премьердің жаңа облысқа сапары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Alstom компаниясы Әзірбайжанға экспортталатын тұңғыш жүк локомотивін таныстырды27 Маусым 2018
Alstom компаниясы «Әзірбайжан темір жолы» компаниясына (ADY) арнап өндірілген тұңғыш Prima T8 AZ8A электровозын таныстырды. Таныстыру Қазақстан Республикасындағы «Астана» Арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Электровоз құрастыру зауытында» өтті. Акцияларының 50%-ы Alstom компаниясына тиесілі бұл бірлескен кәсіпорын қазірдің өзінде Қазақстанның темір жолдарында пайдаланылатын локомотивтердің 40 данасын өндіріп үлгерген.
Мәжілістің соңғы жалпы отырысында талқыланған мәселелер27 Маусым 2018Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин үшінші сессия жұмысын қорытындылады. Бүгін алтыншы шақырылған Парламент Мәжілісінің үшінші сессиясының соңғы жалпы отырысы өтті. Жалпы отырыста бірқатар заң жобасы талқыланды.
Қазақстанда 14 мың шетелдік студент білім алып жатыр27 Маусым 2018
Қазақстанда 14 мың шетелдік студент білім алып жатыр. Бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 50 мыңға жеткізу көзделген. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Жанболат Мелдешов мәлімдеді.
ҰБТ: мамандық пен оқу орнын таңдау ғана ма?26 Маусым 2018 Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің өткізіліп келе жатқанына 15 жыл толды. Он бесінші рет өтіп жатқан тестілеуге 100 мың түлек қатысуға бекініпті. Сол түлектердің 76 мыңы, яғни 76% емтиханды қазақ тілінде тапсырады.
LRT жобасын іске асыруға 2 жылға 16,2 млрд теңге көзделген26 Маусым 2018LRT жобасын іске асыру үшін 2 жылға 16,2 млрд теңге көзделген. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Астана агломерациясын дамыту туралы» тақырыбы талқыланған Үкімет отырысында мәлімдеді.
Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру заңы қалай жүзеге асырылады26 Маусым 2018Б.Сағынтаев Үкімет отырысына екі жаңа өңір қатысып отырғанынан бастады. Ол Түркістан облысы мен республикалық маңызы бар Шымкент қаласы. Отырыста «Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша ҚР Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» мәселесі талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Ж.Зекейұлы: Біз медициналық туризмді бастап кеттік25 Маусым 2018ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында осыдан алты жыл бұрын медициналық туримзді дамыту керегін айтқан болатын. Оның сыртында әр жиын сайын, дәрігерлік көмектің, емдеудің сапасын арттыруды сала мамандарына тапсырып келеді. Жақында Астана төрінде ірі халықаралық дәрігер ғалымдардың қатысуымен ел медицинасын ілгері сүйреп, әлемге танытуға талпынған ауқымды шара өтті. Оны белгілі профессор, академик Жасан Зекейұлы өз қаржысына ұйымдастырыпты. Дәрігер-ғалым Жасан Зекейұлы қазіргі біздің медицинаның ахуалы, медициналық туризм және бүгінгі таңдағы өршіп тұрған кеселдер туралы әңгімелеп берді.
Астанада кіші ғылым Академиясы құрылды 25 Маусым 2018 Елордадағы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі мен «Мәскеу болат және қорытпа институты» (МИСиС) Ұлттық зерттеу технологиялық университеті басшылары екі жақты меморандум аясында осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Өзара ынтымақтастық құжатына Астанада университеттің ғасырлық мерейтойына орай өткен қабылдау кеші барысында қол қойылып отыр.
Премьер-Министрдің Ақмола облысына сапары: өңір қалай дамып жатыр25 Маусым 2018Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының» іске асырылу барысымен танысу үшін Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Премьер-Министр Ақмола облысының өндірістік өнеркәсіптерін аралап, медицина ошақтарына бет бұрды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Шілдеден бастап базалық зейнетақы тағайындау тәртібі өзгереді25 Маусым 2018Биыл шілдеден бастап базалық зейнетақы тағайындау тәртібі өзгереді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысы орташа алғанда 1,8 есеге ұлғаяды деп атап өтті.
Мәдениет саласындағы үздік БАҚ өкілдері марапатталды 25 Маусым 2018Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының қорытынды салтанатын өткізді. Республикалық конкурсқа 200-ге жуық материал келіп түскен. Сондай-ақ, министр мәдениет, спорт, туризм саласын бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді насихаттаған журналистерді марапаттады.
Денсаулық саласын цифрландыру қалай жүзеге асырылуда22 Маусым 2018
Қазақстан бойынша Интернет желісіне қолжетімділік аудандық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарында 100% -ды (объектілер саны - 785, оның ішінде қосылғандар – 785) құрайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев мәлімдеді.
Әділет саласындағы реформалар қалай жүзеге асырылуда22 Маусым 2018Бүгін Әділет министрі Марат Бекетаев халық алдында есеп берді. Әділет саласындағы жаңалықтар мен атқарылған жұмыстарды айтып өтті. Сондай-ақ, сот орындаушыларының өкілеті мен адвокаттық қызметтерге қатысты бірқатар ақпарат берді. Әділет министрлігінің жұмыс қорытындысы мен жоспары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Мәдениет саласының дамуы - есептік кездесу21 Маусым 2018ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт саласындағы жаңалықтар мен атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп берді. Министр есепті шараға қатысып отырған мәдениет саласының майталмандарын таныстырудан бастады. Сондай-ақ, Астананың 20 жылдығына қандай шаралар ұйымдастырылатыны баяндалды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласзыдар.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ресми сайты іске қосылды21 Маусым 2018Цифрлық экономика және жаңа технологиялар мәселелері күн сайын анағұрлым өзекті болуда және оны әр саладағы мамандар, сол сияқты қарапайым азаматтар талқылауда. Бірақ бұл таңғалатын нәрсе емес, себебі жаңа өнеркәсіптік-цифрлық төңкеріс адам өміріндегі барлық салаларға қатысты.
Ақтөбе облысындағы жаңа кәсіпорындардың қызметі21 Маусым 2018
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында «Зәру» пантомен емдеу шипажайы ашылды. Жоба жергілікті тұрғындарды сауықтыруға және облыс туризмінің дамуына оң әсерін тигізетіні анық. Сондай-ақ, Хромтау қаласында керамикалық тақтайшалар шығаратын зауыт іске қосылатыны белгілі болды. Ақтөбе облысы қарқынды дамып жатқан ел өңірлерінің бірі. Облыста ашылған кәсіпорындардың қызметі туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
ҚР Премьер-Министрі Түркістан облысының әкімін таныстырды20 Маусым 2018ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков жаңадан құрылған Түркістан облыстық мәслихатының сессиясына қатысты, деп хабарлады primeminister.kz.
Мемлекеттік қызмет көрсету мен әкімшілендіру цифрлық форматқа ауыстырылады – Б.Сұлтанов20 Маусым 20182018 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің (МЖӘ) 212 шарты тіркелді, оның ішінде:610,7 млрд. теңге сомаға республикалық жобалар бойынша 4 шарт, 161,1 млрд.теңге сомаға жергілікті жобалар бойынша 208 шарт жасалды. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді.
Елбасының Түркістан облысын құру туралы Жарлығы –тарихи шешім – Е.Қарин20 Маусым 2018Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістанға ауыстыру шешімін жұртшылық оң қабылдады. Шымкенттің республикалық маңызы бар қалалардың қатарына қосылып, облыс орталығының тарихи астана Түркістанға ауысуы аймақтың дамуына оң серпін береді. Белгілі саясаттанушылар әкімшілік-аумақтық құрылыстың өзгеруіне қатысты өз пікірлерін білдірді.
Рухани жаңғыру: Түркістандық өнерпаздар Астанаға тарту жасады20 Маусым 2018Елорда төрінде «Асқақтай бер, Астана!» Түркістан облысы өнерпаздарының гала-концерті өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ән мен күй әлдилейді Астананы» атты Түркістан облысының Астанадағы мәдени күндері аясында ұйымдастырылып отыр.Сонымен қатар, елордада қолөнер және қылқалам шеберлерінің кешенді көрмесі өтті.
Қазақстанда Түркістан облысы құрылды19 Маусым 2018ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстанның орталығын Түркістанға ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мұнай-газ саласында қандай жаңашылдықтар болады19 Маусым 2018
Қашағанда 2024 жылға қарай бұдан әрі кеңейту жобасы бойынша өндіріс көлемін жылына 13 млн. тоннадан 16 млн-ға жеткізу күтілуде. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді. Өзінің баяндамасында ведомство басшысы энергетика саласында атқарылған жұмыстар, жетістіктер және болашақ жоспарлар, сонымен қатар өткен жылда іске асырылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталып өтті. Толығырақ, Strategy2050.kz АА материалынан оқи аласыздар.
Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы бекітілді19 Маусым 2018«7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бекітілді.
Қазақ диаспорасын қолдау: қаржы қайда жұмсалады?19 Маусым 2018Мамыр айында Үкіметтің №280 қаулысымен елімізде «Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген болатын. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы шетелдерде тұратын этникалық қазақтарды рухани және материалдық тұрғыда қолдауды жүйелі түрде жүзеге асыруға бекінген жайы бар. Құжаттың маңыздылығына қоғам тым қатты назар аудара қоймағанымен, жоспар Қазақстанның стратегиялық қадамдарының бірі болып отыр.
Үкімет отырысы: Шудағы оқиға, АӨК-ні дамытуды толықтыру 19 Маусым 2018Үкіметтің бүгінгі отырысы Шу станциясы аймағында болған Астана-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының жол апатынан басталды. Премьер-Министр Бағытжан Сағынтаев аталмыш жағдайды өз бақылауына алатынын айтты. Үкіметтің кезекті отырысында талқыланған түйіткілді мәселелерді келесі материалдан оқи аласыздар.
Салық, еңбекақы, блокчейн және криптовалюта – ҰЭМ есебі18 Маусым 2018Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 АЕК-ге дейінгі еңбекақысы бар жұмысшыларға салынатын салық жүктемесі 10 есеге азаяды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов халық алдында есеп беру отырысында мәлімдеді. Сондай-ақ, министр еңбекақысы аз жұмысшылардың еңбекақысын көтеру мақсатында салықтық жүктемелерді төмендету бастамасы бойынша іс-шаралар жүргізілетінін айтты. Толығырақ, Strategy2050.kz АА әзірлеген шолудан оқи аласыздар.
Рухани жаңғыру: Бағдарлама ауыл-аймақта қалай жүзеге асырылып жатыр18 Маусым 2018Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өңірлерде белсенді жүзеге асырылуда. Ақмола облысының Біржан сал ауданы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында мектеп оқушыларының жаз маусымындағы демалысын тиімді пайдаланып, ауданның киелі орындарына экспедициялар ұйымдастырған. Экспедиция әр 10 күн сайын әр ауылдық аймаққа шығады. Оқушылардың санасын рухани жаңғырту өңірде қалай жүзеге асырылып жатқанын Strategy2050.kz АА әзірлеген шолудан оқи аласыздар.
Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы: ең ауқымды нарық15 Маусым 2018Биылғы жылы Қазақстан-Қытай қарым қатынасына 26 жыл толып отыр. Қытай ежелден ішкі, сыртқы саясаттық қадамдарды егжей-тегжейлі зерттеп жүзеге асырады. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға жасаған сапары аясында орнатылған келісімдер өте тиімді. Бұл туралы «Стратегия» пікірталас клубы алаңында шығыстанушы ғалым Олжас Бейсенбаев мәлімдеді.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында талқыланған түйіткілді мәселелер15 Маусым 2018Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті.Шараға министрлер кабинеті мен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев, екі палатаның депутаттары қатысты. Сондай-ақ, шарада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел Парламентіне қазақстандық офицерлер жіберілетін БҰҰ миссияларының тізімін ұсынды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
«Стратегия» пікірталас алаңы 15 Маусым 2018Бүгін «Астана радиосы» мен Strategy2050.kz сайтында тікелей эфирде «Стратегия» пікірталас клубы өтеді. Шарада Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы талқыланады.
Астанада «Алтын шипагер» сыйлығы табысталды14 Маусым 2018Астаналық медицина қызметкерлері пәтер мен 1 млн теңгеге ие болды. Бас шаһарда Елорданың 20 жылдығына орай «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ақ халатты абзал жандар ұлықталды. Елімізде алғаш рет медициналық «ALTYN SHIPAGER» сыйлығы тағайындалды. Сыйлыққа медицинаның әр саласында қызмет етіп келе жатқан өз саласының үздіктері ие болды. Толығырақ, Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
Түрікменстан Қазақстан үшін бауырлас ел – Г.Әбдіқалықова14 Маусым 2018
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Тойлы Көмековпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Цифрлық Қазақстан»: Әуе жүк тасымалы қағазбастылықтан құтылады 14 Маусым 2018Қазақстанда «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында көлік саласындағы алғашқы МЖӘ жобасы іске қосылды. Бүгін «E-freight» Әуе жүк тасымалы саласына қағазсыз құжат айналымын енгізу және бейімдеу бойынша көлікті цифрландыру саласында Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің алғашқы жобасына қол қою рәсімі болды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы жаһандық пішінге ие – сарапшы14 Маусым 2018Бүгінде ШЫҰ-ның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық әлеуеті артуда. Ұйым жаһандық пішінге ие болып отыр.Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты халықаралық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Әділхан Гадельшиев мәлімдеді.
МЖӘ: 787 млрд теңгенің 223 келісімі орнатылды13 Маусым 20182018 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 229 нысан бойынша 223 МЖӘ келісімі орнатылды. Инвестицияның жалпы сомасы 787 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов «Атамекен» ҰКП-нің МЖӘ жобаларын жүзеге асыру бойынша бақылау кеңесінің екінші отырысында мәлімдеді.
Әрбір азаматтың 10 үздік табиғи және 10 тарихи аймағы болуы керек – Р. Күзембаев13 Маусым 2018Қазақстанның 20 тарихи нысанын қамтитын 6 бағыттан тұратын экспедиция ұйымдастырылады. Бұл туралы «Қазақ туризм» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев мәлімдеді. Аталған экспедицияға танымал саяхатшылар мен БАҚ өкілдері, блогерлер қатысады. Ішкі туризмді дамытуға қандай шаралар жүргізіліп жатқанын келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы: Инвестициялық жол картасы жүзеге асырылады13 Маусым 2018Бейжіңде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Даму және реформалау жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында өндірістік қуаттар мен инвестициялар саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жоспарын бірлесіп әзірлеу бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумы түзілді.
Айбынды Астана - суретшілер көзімен12 Маусым 2018Әлемдегі ең жас астаналардың бірі - біздің Елордамызды, шетелдік қылқалам шеберлері майлы кенеппен көркемдеді. Астананың 20 жылдығы аясында «Нұр келбетті Астана» халықаралық суретшілер фестивалі өтіп, оған АҚШ, Ресей, Бразилия, Жапония, Үндістан және басқа да елдердің қылқалам шеберлері қатысты, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
БАҚ саласындағы ҚР Президентінің сыйлығына 61 ұсыным берілді12 Маусым 2018Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2018 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі Қоғамдық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«7-20-25» бағдарламасы аясында 200 млрд теңге ипотекалық несиелеуге жұмсалады – Ұлттық банк12 Маусым 2018200 млрд теңгені банктер «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде таяу жылы алады. Банктер оны ипотекалық кредиттеуге жұмсайды. Болашақта сома 1 трлн теңгеге жетеді. Бұл банктердің ипотекалық портфелінің ағымдағы көлемін 2 трлн теңгеге дейін екі есеге көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Б.Сағынтаев министрлерге: 6 айдың қорытындысынан кейін игерілмеген қаржы басқа салаға жұмсалады12 Маусым 2018Құрылыс саласында 6 айдың қорытындысы бойынша игерілмеген қаржы қайтарылып, өзге салаларға бағытталады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2018 жылғы 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысына арналған Үкімет отырысында мәлімдеді. Толығырақ, Strategy2050.kz АА әзірлеген шолудан оқи аласыздар.
Қытайда ауыл шаруашылығы саласында түзілген келісімдер Қазақстанға не береді12 Маусым 2018Қазақстан мұздатылған сүйексіз сиыр етін Қытайға экспорттауға мүмкіндік алды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай сапары аясында Бейжіңде АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасында Қазақстаннан Қытайға экспортталатын сиыр етіне арналған инспекция, карантиндік және ветеринарлық-санитарлық талаптар туралы Хаттамаға қол қойылды. ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдолданов хаттаманың Қазақстанға беретін мүмкіндігі туралы баяндап берді.
Астананың 20 жылдығы: мереке кезеңінде қауіпсіздіктің сақталуы 11 Маусым 2018
20-31 мамыр аралығында өткен жедел профилактикалық іс-шараны өткізуге Астанада 1,5 мың полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жұмылдырылды, нәтижесінде 9,5 мың әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 1,5 мың көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталды. Осы шара 2-4 шілде аралығында қайта ұйымдастырылады. Астананың 20 жылдығын мерекелеу кезеңінде қауіпсіздік қалай сақталады толығырақ strategy2050.kz АА материалынан оқи аласыздар.
ШЫҰ саммиті аясындағы келісімдердің Қазақстанға берері мол – сарапшы11 Маусым 2018Циндаода өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті ұйым қызметі мен оның одан әрі дамуына серпін береді. Бұл туралы Тұңғыш Президент қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков мәлімдеді. ШЫҰ аясындағы келісімдер Қазақстанға қай салада тиімді болмақ. Толығырақ Strategy2050.kz АА әзірлеген материалдан оқи аласыздар.
Елбасының Қытайға сапары: Циндаодағы кездесулер11 Маусым 2018Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай сапары аясында Циндао қаласында өткен ШЫҰ саммитіне қатысқан болатын. Президент бірқатар кездесулер өткізді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модимен мен Монғолия Президенті Халтмаагийн Баттулгамен кездесті. Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасына сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді.
Пікірталас алаңы: Орталық Азия елдеріне салынған инвестициялардың 70 пайызы Қазақстанға тиесілі08 Маусым 2018Орталық Азия елдеріне салынған инвестициялардың 70 пайызы Қазақстанға тиесілі. Бұл туралы бүгін «Стратегия» пікірталас алаңында белгілі болды. Инвестициялар және даму министрлігінің маманы мен Мемлекеттік және жеке меншік әріптестік орталығының сарапшылары елдегі инвестициялық ахуалды талқылады. Толығырақ Strategy2050.kz АА әзірлеген материалдан оқи аласыздар.
«Нұр келбеттi Астана» байқауы басталды08 Маусым 2018
Елорданың 20-жылдығы қарсаңында «Нұр келбеттi Астана» халықаралық көркемсурет фестивалi ұйымдастырылады. Шараға танымал отандық және шетелдiк суретшiлер қатысады.
«Стратегия» пікірталас алаңы (Онлайн)08 Маусым 2018Бүгін Астана радиосы мен Strategy2050.kz сайтында тікелей эфирде «Стратегия» пікірталас клубы өтеді. Шарада Қазақстанның инвестициялық әлеуеті талқыланады.
Ақтөбе өңірінде дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылар саны үштен бірге азайған08 Маусым 2018Ақтөбе облысында Елбасының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау, облыс халқының бірлігін нығайту және әл-ауқатын арттыру бойынша тапсырмасын орындау бойынша нысаналы әрі кешенді жұмыстар жүріп жатыр. Соның аясында облысында айдың нда пасөз қызметі. Ақтөбеде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаевтың қатысуымен діни бірлестіктермен байланыс кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Толығырақ Strategy2050.kz АА әзірлеген материалдан оқи аласыздар.
Циндао саммиті - ынтымақтастықты шыңдау08 Маусым 2018Әлемдік сарапшылар мен ақпарат құралдарының назары – алпауыттар жиналған біздің шығыс көршімізде. Ең алдымен, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Иран басшылары Қытайға мемлекеттік сапармен барады. ҚР Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің кеңейтілген құрамдағы кездесуінде 9 маңызды құжат қабылданды. Ал, басты саяси оқиға – 2018 жылы 9-10 маусымда Шаньдун провинциясы Циндао қаласында ШЫҰ-ға мүше 8 мемлекет, 4 бақылаушы және әріптес елдердің басшылары кездеседі. Еуразия құрлығының 60 пайызын, жер халқының жартысына жуығын алатын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жаһанға жаңа құраммен үн қатады. Саммит нәтижесінде Циндао декларациясы, жалпы саны 20-ға жуық құжат қабылданып, ШЫҰ төрағалығы Қырғыстан Республикасына ауысады.
Н.Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті 07 Маусым 2018Қытайға мемлекеттік сапармен барған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Циньпинмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Стартап кәсіпкерлер шағын несиеге қалай қол жеткізе алады?07 Маусым 2018Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «5 әлеуметтік бастамасы» әлеуметтік жаңғырту жолындағы ауқымды қадам болып табылады, ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. ЕХӘҚ халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінің директоры Жеңісбек Дулатов аталмыш бастаманың 4-шісі шағын несиелеуді кеңейту туралы баяндады.
Жоғары оқу орындары жаңа форматтағы мамандарды даярлауға тиіс – Мемлекеттік хатшы07 Маусым 2018Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Серпінді технологиялар дәуіріндегі жоғары білім инновациясы» атты Жоғары білім беру көшбасшыларының VІІ Еуразиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Елбасы мемлекеттік сапармен ҚХР-ға барды07 Маусым 2018Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Третьяков галереясы Астанада: 50 үздік жауһар (ФОТОРЕПОРТАЖ)06 Маусым 2018Бүгін Ұлттық Музейде Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында «Третьяков галереясы топтамасынан ХХ ғасырдың 50 жауһары» деп аталатын көрме ашылды. Қазақстанда аталмыш шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Көрмеде кенеп, майлы бояудан салынған 50 туындыны тамашалауға болады. Толығырақ Strategy2050.kz АА әзірлеген фоторепортаждан оқи аласыздар.
Г. Әбдіқалықова: Елбасы қазақстандық отбасылардың әл-ауқатына зор көңіл бөледі06 Маусым 2018
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Президентi жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Азаматтық Альянс үкіметтік ұйымдар ішінде ерекше сенімге ие – Д.Кәлетаев06 Маусым 2018Қазақстандағы Азаматтық Альянстың мәртебесі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуы сынды мәселелер жақында тағайындалған Дін және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың қатысуымен талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстан Азаматтық Альянсының кеңейтілген отырысында ұйымның мемлекеттегі реформаларға белсенді қатысуы алға тартылды. Толығырақ, Strategy2050.kz АА материалынан оқи аласыздар.
Қазақстанға соңғы 20 жылда қанша шетел қаржысы құйылды?06 Маусым 2018Биыл ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторларының Кеңесі 20 жылдығын атап өтеді екен. Осы уақыт аралығында ел экономикасына 300 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылыпты. Ең бастысы Қазақстанда әр адам басындағы инвестиция көрсеткіші әлемдегі орта есептен көп және дамушы елдерден екі есе жоғары. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесінің 31-ші пленарлық отырысында мәлімдеді.
А. Коэн: Қазақстан - шығыс пен батыс арасындағы маңызды көпір05 Маусым 2018Қазақстан - шығыс пен батыс арасындағы маңызды көпір. Бұл туралы «Астана –бейбітшілік қаласы» халықаралық конференциясында PhD, Энергетика, табиғи ресурстар және геосаясат орталығының директоры, Ғаламдық қауіпсіздікті талдау институтының аға ғылыми қызметкері Ариель Коэн мәлімдеді. Шарада шетелдік сарапшылар Астананың халықаралық аренадағы рөлін талқылады.
Астана – Еуразияның геосаяси орталығы05 Маусым 2018Елордасы Астананың даму қорытындылары мен Еуразияның маңызды геосаяси орталығы ретіндегі болашағын қазақстандық және шетелдік саясаткерлер мен беделді сарапшылар талқылады. Шетелдік сарапшылар «Астана –бейбітшілік қаласы» халықаралық шарасында Астананың халықаралық аренадағы орны туралы пікір білдірді, толығырақ Strategy2050.kz АА әзірлеген шолудан оқи аласыздар.
Қазақстанның әлеуеті – неміс инвесторларына мүмкіндік05 Маусым 2018ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев АЭФ 2018 аясында Германия экономикасының шығыс комитетінің басшылығымен кездесу өткізген болатын. Сол кездесуде жасалған бірқатар келісімдер негізінде Германының Кёльн қаласында «Қазақстанның инвестициялық әлеуеті – неміс компаниялары үшін мүмкіндік» тақырыбында бизнес-форум өтті. "Strategy2050.kz" шолуы.
Республикалық комиссия Мемлекеттік рәміздер мәселесін талқылады04 Маусым 2018Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Министр менингит туралы: вакциналау мәселесі тұрған жоқ04 Маусым 2018Қазақстанда жыл басынан бастап 58 науқас менингитпен тіркелген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Министр менингит ауруы туралы жалпы ақпарат беріп, дерттің алдын алу, вакциналау мәселелері туралы айтып берді. Толығырақ, Strategy2050.kz шолуынан оқи аласыздар.
Бүгін – Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күні04 Маусым 2018Бүгін 4 маусым, Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні. ҚР Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдың 4 маусым айында Мемлекеттік символдар – Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбааевтың Жарлығына сәйкес 4 маусым ҚР Мемлекеттік рәміздер күні болып бекітілді.
ТМД елдері интеллектуалдық меншік нарығын қалыптастырады01 Маусым 2018
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Душанбеде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысып, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Дмитрий Медведевпен және Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен екіжақты кездесулер өткізді.
Smart Astana жобасы қарқынды жүзеге асырылуда - Эльвира Жүргенбаева 01 Маусым 2018Бүгін «Стратегия» пікірталас алаңында Астана қаласының 20 жылдығына дайындық шаралары мен Smart Астана жобасының жүзеге асырылуы талқыланды. Smart Астана жобасының тиімділігі туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева баяндап берді.
5 әлеуметтік бастама уақытылы енгізілген бағдарлама – Н.Назарбаев01 Маусым 2018«Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында талқыланған екінші мәселе Президенттің «5 әлеуметтік бастамасы» болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 5 әлеуметтік бастама уақытылы енгізілген бағдарлама екенін және ол әрбір қазақстандыққа бағытталғанын айтты. Толығырақ, Strategy2050.kz АА шолуынан оқи аласыздар.
«Стратегия» пікірталас клубы (Онлайн)01 Маусым 2018Бүгін Астана радиосы мен Strategy2050.kz сайтында тікелей эфирде «Стратегия» пікірталас клубы өтеді. Шарада Астананың 20 жылдығына дайындық барысы мәселесі талқыланады.
Астанада Елбасының қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр01 Маусым 2018Бүгін Тәуелсіздік Сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Іс-шара барысында «Нұр Отан» партиясын жүйелі жаңғырту, сондай-ақ, ҚР Президентінің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мәселелері қарастырылады. Кеңейтілген отырысқа барлық өңірлер онлайн қосылды. Толығырақ Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.