ЕАЭО елдерінің интеллектуалдық меншік саласындағы ынтымақтастығы30 Мамыр 2019Постиндустриалдық даму кезеңінде мемлекеттің инновациялық потенциалы экономиканы дамытудың және оның халықаралық қауымдастықтағы рөлін айқындайтын стратегиялық ресурсқа айналды. Осы орайда инновациялық экономикада интеллектуалдық меншікті қорғау маңызды орын алады. Интеллектуалдық меншік Азия мен Еуропа, оның интеграциялық ұйымдары арасындағы көліктік-логистикалық, экономикалық көпір ретінде орнаған ЕЭО елдері үшін өзекті болып саналады. 2019 жылы 29 мамырда Нұр-Сұлтанда Жоғары ЕЭК жиыны өтті. Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдық саммитінде ұйымның табыстары мен күрделі мәселелері талқыланды. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына 5 жыл толғанына қарамастан, Одақтың аумағында зияткерлік меншік құқығын қорғаудың құрылымдық және заңнамалық негіздері, патенттеу, тауарлық белгілер, ғылыми жаңалықтарды құқықтық қорғау салалары даму кезеңінен өтті. Қазіргі уақытта интеллектуалдық меншік құқығы бойынша ЕАЭО-ның ЕО, АСЕАН, ШЫҰ-мен ынтымақтастығының өзектілігі артып келеді.
Қазақстан қағаз өндірісінде жаңа технологияны енгізе бастады29 Мамыр 2019
Қазақстанда целлюлоза-қағаз өнімдерін өндіретін 282 кәсіпорын бар. Оның ішінде 12-ге жуық ірі және орташа кәсіпорын нарық үлесінің 80% -дан астамын құрап отыр және олар Қазақстан қаптамашылар қауымдастығына мүше. Осы орайда бүгін Астанада целлюлоза-қағаз, қаптама өндірісін дамыту мәселесі жан-жақты талқыланды.
ЖЕЭК отырысы: Мемлекет басшылары дамудың қандай тетіктерін ұсынды?29 Мамыр 2019
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мүше елдердің Президенттері одақты дамытуға қатысты өз ұсыныстарын білдірді. Мәселен, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев интеграциялық бірігудің маңызды векторларын анықтау керектігін атап өтті. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
ЕАЭО: Елбасының Одақты дамытуға бағытталған 4 ұсынысы29 Мамыр 2019Қазақстан елордасында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтті. Биыл ЕАЭО туралы келісімнің жасалғанына 5 жыл және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған еуразиялық интеграция бастамасына 25 жыл толып отыр. Бұл құжатқа 2014 жылғы 29 мамырда Ресей, Қазақстан және Беларусь елдері Нұр-Сұлтанда қол қойған болатын. Қысқа уақыт ішінде құрамға Армения және Қырғызстан қосылды. Құрылғанына 5 жыл ғана мерзім өткенімен ЕАЭО толыққанды интеграциялық бірлестік ретінде қалыптасқан. Елдер экономикаларын жақындастыру ЕАЭО туралы келісімде белгілеген жоспарлар мен мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылуда. Бүгін мүше елдердің басшылары 5 жылда атқарылған қызмет пен алдағы жоспарларды талқылады. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
Бір жол, бір белдеу: Ынтымақтастықты дамытудың берік кепілі28 Мамыр 2019Осыдан 6 жыл бұрын Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Назарбаев университетінде арнайы дәріс оқып, Еуразия құрлығында орналасқан мемлекеттер экономикалық қарым-қатынасты дамыту мақсатында әріптестіктің жаңа модельдерін қолдануы қажеттігін, ал оған Ұлы Жібек жолы бойының экономикалық негізін жасау арқылы қол жеткізуге болатынын айтқан болатын. Бұл бастаманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірден қолдап, бағдарламаның «Нұрлы жол» бағдарламасымен түйіндес екенін айтты. Бүгін Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумының қорытындылары талқыланды.
ШОБ: Мемлекет пен бизнес қарым-қатынасын дамытудың тетіктері28 Мамыр 2019Астанада бизнеске арналған мемлекеттік қолдаудың тиімділігі сараланды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Шағын және орта бизнестің дамуы Президенттің басты назарында» атты бірінші республикалық конференциясында жетекші экономистер, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, кәсіпкерлер ШОБ-ты дамытуда тиімді тетіктерді талқылап, ұсыныстарын айтты.
Қазақстанда еңбек ресурстарын ұлттық болжамдау жүйесі құрылады28 Мамыр 2019Технологиялық жаңалықтар жылдар бойы қалыптасқан еңбек нарығының келбетін күрт өзгертуде. Әр экономикалық кезең білім саласының алдына өз талаптарын қояды. Техникалық және кәсіптік білім жүйесі өнеркәсіптің тікелей қатысуымен нарықтың сұранысына орай маман даярлауы керек. Осы орайда Ұлттық біліктілік жүйесі экономикадағы нәтижелі жұмыспен қамту мәселесінде өзіндік көпір бола алады. Аталған жүйенің тиімділігі мүдделі мемлекеттік органдардың, салалық ассоциациялар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлескен жұмысына байланысты болады. Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беру талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
ЕАЭО: 2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық саясаттың негізгі бағыттары талқыланады27 Мамыр 2019Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Нұр-Сұлтанда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлы отырысы мен халықаралық күн тәртібіне белгіленген өзге шаралар туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз отырысында баяндап берді.
Зейнетақы активтері сәуір айында қалай инвестицияланды? 27 Мамыр 2019ҚР Ұлттық банкі Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының инвестициялық қызметінің нәтижелерін жариялады. Осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша зейнетақы активтері портфелінің көлемі 9 761,9 млрд теңге болыпты. Оның ішінде теңгемен жиналған ақша – 6 613,1 млрд теңге болса, шетел валютасымен салынған ақша көлемі – 3 148,8 млрд теңгені құраған. Ал 2019 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері – 172,4 млрд теңге.
Өңірлер: Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму ахуалы27 Мамыр 2019Түркістан облысында ауыл кәсіпкерлері жеңілдікпен қаржыландырылады. Сондай-ақ,облыста бидай алқабы 15 мың гектарға ұлғайтылмақ. Ал, германдық компаниялар аймақтың цифрландыру, электр қуатын өндіру, жылыту жүйесі мен туризм саласында инвестиция салуға ниетті екендерін жеткізді. Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму ахуалы бүгінгі күні қалай өрбіп жатқаны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Мал шаруашылығы: Аграрлық сала, ет және сүт өнімдерін өндіру қалай жүзеге асырылады?24 Мамыр 2019Мәжілісте өткен парламенттік тыңдау барысында ауыл шаруашылығы жобаларын несиелендіруге банктердің құлықсыздығы, саладағы өңдеу кәсіпорындарының аздығы, ауыл шарашылығы бизнесі мен ғылымының байланысын арттыру мәселелері талқыланды. Мал шаруашылығына қатысты қандай тетіктер пайда болатыны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдық белесі24 Мамыр 2019Жаһандық геоэкономикалық және геосаяси турбуленеттілік, тұрақсыздық жағдайында халықаралық интеграциялық ұйымдар да жаңа сын-қатермен бетпе-бет келіп отыр. Шығыстан Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сынды аймақтық ықпалдастықтың жаңа моделі ұсынылып жатса, Батыстағы Еуропалық Одақта дезинтеграциялық кері үрдіс жүріп жатыр. Көптеген халықаралық саяси-экономикалық, қаржылық, экологиялық ұйымдар санкциялар мен сауда соғыстарын реттеуде қауқарсыздық танытуда. Әрине, Кеңес Одағы коллапсынан кейінгі посткеңестік кеңістіктегі өміршең интеграциялық ұйым ретінде Еуразиялық экономикалық одағын айтамыз. Көптеген сарапшылар Одақ Ресейдің геосаяси ықпалын нығайтуға қызмет ететінін айтқанымен, ол идеяны алғаш рет Н.Назарбаев ұсынып, қалыптастыруға, институционалдық дамытуға Қазақстанның елеулі үлес қосқанын ескеруіміз қажет. Алайда, 2019 жылы Н.Назарбаев өз президенттік өкілеттігін тоқтатқан соң, 2019 жылы 29 мамырда өтетін ЕЭО 5 жылдығының саммитінде Одақ жұмысын үйлестіру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылдануы ықтимал.
XVI Еуразиялық медиа форум: Жаһанданудың жаңа тәсілдері қандай?23 Мамыр 2019Алматыда XVI Еуразиялық медиа форумының ресми ашылу салтанаты өтті. «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?» тақырыбына арналған халықаралық жиынға Сенат спикері, форумның негізін салушы Дариға Назарбаева қатысты.
Мемлекетімізде қос билікке жол берілмейтінін атап өткім келеді – Н.Назарбаев23 Мамыр 2019Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясынан ұсынылған кандидаттың Республикалық қоғамдық штабына барды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі.
БЖК-2020: 4 жылда 10 мың жұмыс орны ашылды22 Мамыр 2019«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 4 жылы ішінде 210,5 млрд теңге бөлінді. Оған 10 мың жұмыс орны құрылып, 3,3 трлн теңге сомасын құрайтын өнім шығарылды. Бағдарламаның нәтижелері мен шағын және орта бизнес көрсеткіштерін келесі материалдан оқи аласыздар.
Сенаторлар өңірлерге жұмыс бабымен сапарлады 22 Мамыр 2019Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова бастаған жоғарғы Палатаның депутаттары Серік Бектұрғанов, Мұрат Бақтиярұлы, Сергей Ершов, Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нөкетаева, Нариман Төрегалиев, Ерболат Мұқаев, Ғұмар Дүйсембаев Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болды. Сондай-ақ, Сенат депутаты, Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.
Жазғы кезеңде балалардың демалысы қалай ұйымдастырылады?21 Мамыр 2019ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылғы жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтыруды және іспен шұғылдануын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова биыл мектептердің жанынан 11 мың лагерь ашылып жатыр, 236 — қала сыртындағы, 1757 — шатырлы лагерьлер екенін атап өтті. Биыл балалар демалысы қалай ұйымдастырылатынын келесі материалдан оқи аласыздар.
2021 жылға қарай АЭА аумақтарында 147 жоба іске асырылады21 Мамыр 2019Арнайы экономикалық аймақ аумақтарында барлығы 183 жоба іске қосылған. Олардың ішінде шетелдік қатысумен 46 жоба бар жұмыс істеп жатыр. 15,5 мың жұмыс орны құрылды. Бюджетке салық түрінде шамамен 150 млрд теңге қайтарылды. АЭА мен ИА жобалары қалай дамитыны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Н.Нығматулин ҰҚШҰ ПА Кеңесінің көшпелі отырысына қатысты20 Мамыр 2019Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Бішкекте ҰҚШҰ елдері Парламенті өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Палата Спикері бастаған делегация ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының көшпелі отырысына қатысуда. Осы орайда, Армения, Беларусь, Ресейден келген әріптестермен бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту және болашақ жоспарлар әңгіме өзегіне айналды.
Қазақстан автотуризмді дамытуда Қытайдың тәжірибесін қолданады20 Мамыр 2019Қазақстан автотуризмді дамытуда Қытайдың тәжірибесін қолданады. Бұл туралы Қазақстанда Қытай туризмінің апталығы аясында өткен туристік компаниялардың қытай-қазақстандық B2B кездесуінде мәлім болды. Шарада Қазақстан мен Қытай арасында туризмді дамыту бойынша 3 меморандумға қол қойылды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстан және ЭЫДҰ: ынтымақтастықтың соңғы нәтижелері17 Мамыр 2019XII Астана экономикалық форумы аясында Қазақстанның мен ЭЫДҰ ынтымақтастығын кеңейтудегі рөлі талқыланды. Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы 2008 жылы Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа елдерінің 13 елін қамтитын Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының аясында басталды. Бүгінгі таңда елмен осы ұйыммен ынтымақтастық Қазақстан Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында өзара түсіністік туралы Меморандум шеңберінде жүзеге асырылуда. Көрсеткіштер туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
АЭФ назарында – өңірлік проблематика – сарапшылар пікірі17 Мамыр 2019Астана экономикалық форумының жаһандық өзекті мәселелерді шешуде атқаратын рөлі жайында халықаралық сарапшылар өз пікірлерін білдірді. Халықаралық істер жөніндегі Ресей ылыми кеңесінің мүшесі, Постиндустриалды қоғамдық зерттеулер орталығының директоры Владислав Иноземцев АЭФ маңызды мәселелерді талқылауда таптырмайтын алаң екенін атап өтті.
Тұрақты даму: Қазақстан мен әлемдік тәжірибе сабақтастығы17 Мамыр 20192015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 2030 жылға дейінгі кезеңге Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады, ол тұрақты даму саласындағы 17 мақсатты қамтиды. БҰҰ басқа мүше мемлекеттері сияқты Қазақстан өзінің қазіргі және болашақ ұрпағы үшін тұрақты дамуға қол жеткізуді қамтамасыз ету міндетін анықтады. Тұрақты даму саласының ең өзекті мәселелері ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің қатысуымен АЭФ аясындағы Тұрақты даму мақсаттары бойынша бірінші қазақстандық Форумда талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Азиядағы экономикалық дәліздерді дамыту тәжірибесі қандай?16 Мамыр 2019Азия елдеріндегі табысты экономикалық дәліздердің көптеген мысалдары жеке және мемлекеттік инвестицияларды мобилизациялауда, жоғары сапалы өсім жасауға көмектесу және жұмыс орындарын құру, экспортты ғылымды қажетсіну деңгейін арттыруда өз мүмкіндіктерін көрсетеді.Орта Азияда соңғы уақытта байқалып жүрген экономиканы жаңарту және жайлы өңірлік динамика өңірлік экономикалық ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпіліс береді. Осы мәселені Орталық Азияның сарапшылары Астана экономикалық форумы аясындағы панельдік сессияда талқылады.
Адами капитал: әлемдегі заманауи үрдістер және Қазақстандағы жағдай16 Мамыр 2019Денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі адами капиталды дамыту стратегиясы. Бүкіл әлемде денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі мен медициналық қызметтердің сапасы денсаулық сақтау ұйымдарының және ел өңірлерінің білікті мамандардың жеткілікті санымен қамтамасыз етілуіне, олардың білімдерімен, шеберліктерімен және уәждемелерімен, ғылыми-технологиялық даму деңгейімен айқындалатын сала қызметкерлері қызметінің көрсеткіштеріне байланысты. XII Астана экономикалық форумы аясында «Денсаулық сақтау саласындағы адами капиталды дамыту» сессиясында сарапшылар денсаулық сақтауда салалық біліктілік шеңберін қалыптастыру мәселелерін талқылады. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
АЭФ: Жаһандық және өңірлік проблемалар қалай шешіледі16 Мамыр 2019Қазақстан елордасында XII Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады. Елдер экономикасындағы, әлеуметтік саладағы, диджитал технологияларындағы, өндіріс пен тұтынудағы қарқынды және түбегейлі өзгерістер, сондай - ақ біздің көз алдымызда болып жатқан технологиялық көшу Астана экономикалық форумында талқыланып жатыр. Форумның биылғы тақырыбы: «Шабыттандырушы өсу: адамдар,қалалар, экономикалар» тақырыбына негізделген.Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегат, оның ішінде 20-дан астам Нобель сыйлығының лауреаты мен 30-дан астам жоғары дәрежелі шетелдік саяси қайраткерлер қатысып жатыр. Экономикалық форумда талқыланатын басты мәселелер туралы Strategy2050.kz сараптамалық порталы әзірлеген материалдан оқи аласыздар.
Мәжілісте Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт мақұлданды15 Мамыр 2019Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтіп, бірқатар ратификациялық заң жобалары мақұлданды. Олар Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт және 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманы ратификациялауға қатысты заң жобалары.
Қазақстан мен Грузия ынтымақтастықты дамытуда15 Мамыр 2019Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген, сапар аясында ХII Астана экономикалық форумына қатысатын Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадземен келіссөздер жүргізді.Келіссөздер барысында сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі қарышты дамыту мәселелері талқыланды.
Қазақстанда сауда нарықтарының жұмыс істеу деңгейі қандай?14 Мамыр 2019Әлемдік экономиканы жаһандық цифрландыру жыл сайын электрондық сауда нарығының 11%-дан аса өсуін қамтамасыз етеді.Халықаралық сарапшылардың болжамдарына сәйкес, 2023 жылға қарай электрондық коммерцияның әлемдік нарығы 2,8 трлн. АҚШ долларына дейін өседі.2018 жылы нарық көлемі 1,8 трлн. АҚШ долларын құрады, бұл әлемдік бөлшек сауда тауар айналымының 11,6%-ын құрайды.
Экономикалық даму: Инфляция, республикалық бюджеттің кірісі мен шығысы14 Мамыр 20192019 жылғы қаңтар-сәуірдегі елдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мәлім болды. 4 айдың қорытындысы бойынша негізгі серіктес елдерде экономикалық өсу жалғасуда. Тауар нарықтарында жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. 4 айда мұнайдың орташа бағасы барреліне 65 доллардан асты, ал металл бағалары төмендеу үрдісін көрсетіп отыр. Халықаралық саудадағы протекционизм күшейе түсуде. Жаһандық трендтер осындай екенін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтып берді. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Орал – Еуропаға шығатын басты қақпамыз – Қ.Тоқаев13 Мамыр 2019Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орал» халықаралық әуежайының қазіргі жағдайымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
ҚР Тұңғыш Президенті АҚШ елшісімен кездесті13 Мамыр 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозерді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі.
Өңірлер: Жамбыл облысында кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тетіктері пайда болды13 Мамыр 2019Мемлекет басшысының жер қорына кешенді түрде түгендеу жүргізу туралы тапсырмаларын орындау мақсатындағы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «2017-2021 жылдарға арналған жер қатынастары саласындағы міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес өткен жылы өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері құжаттамалық түгендеуден өткізілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшысы Бахтияр Көпбосынов айтып берді.
Қ.Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады 09 Мамыр 2019Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 9-мамыр-Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Биыл 12 мың отбасы пәтерге ие болады08 Мамыр 2019Қазіргі таңда елімізде 340 мыңға жуық көп балалы отбасы бар, олардың ішінде 31 мыңнан астамы баспанаға мұқтаж ретінде әкімдіктердің кезегінде тіркелген. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтып берді.
Мәжіліс депутаттары бірқатар заң жобаларын мақұлдады08 Мамыр 2019Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында бірқатар заң жобалары мақұлданды. Мәселен, депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын мақұлдады. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Ардагерлерге 2,3 млрд теңге сомасында материалдық көмек көрсетіледі06 Мамыр 2019Биылғы 12 наурыздан бастап 4 мамыр аралығында Үкіметтік жұмыс тобы Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін еліміздің өңірлеріне жұмыс сапарымен барып қайтты. ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Үкіметтік жұмыс тобының Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын іске асыру мәселелері бойынша өңірлерге жасаған сапарларының қорытындысы туралы баяндады.
МЖӘ – инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі – Премьер-Министр06 Мамыр 2019Мемлекеттік-жекешелік әріптестік экономика мен бәсекелестікті дамыту үшін қажет.Бұл мемлекет пен бизнестің өзара тиімді жұмысы, халыққа қызмет көрсетуді жақсарту, бюджетке жүктемені төмендету және инвестиция тарту. МЖӘ-нің жүзеге қалай асырылып жатқаны және оның экономикаға оң әсері Үкімет отырысында талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Қ. Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады06 Мамыр 2019Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мәжіліс депутаттары аймақтарда атқарылған жұмыстармен танысты 04 Мамыр 2019Мәжілістің бір топ депутаты Алматы және Қарағанды облыстарының тыныс-тіршілігімен танысты. Өңірдегі жұртшылыққа депутаттар Мәжілісте заң шығару қызметі туралы, оның ішінде, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қабылданған заңдар туралы, әлеуметтік маңызды қадамдар туралы жан-жақты баяндады.
Сенаторлар еліміздің инвестициялық ахуалын дамыту мәселелерін талқылады04 Мамыр 2019Парламент Сенаты депутаттары Атырау облысында жұмыс сапармен болды. Сапар барысында «Инвестициялық ахуалды дамыту: өңдеуші өнеркәсіп саласына стратегиялық инвесторларды тарту және экономиканың басым секторларында «зәкірлік инвесторлармен» бірлескен кәсіпорындар құру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.
Қ. Тоқаев Алматы облысының тыныс-тіршілігімен танысты 03 Мамыр 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі бірқатар өнеркәсіп орындарын аралап, жұртшылықпен кездесті. Қазақстан Президентіне өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері, облыстың көлік-логистикалық және туристік әлеуетінің іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясындағы жобаларға және әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға қолдау көрсету ісіне баса мән берілді.
АЭФ-ті өткізуге қанша қаржы жұмсалады?03 Мамыр 2019Нұр-Сұлтан қаласында 16-17 мамырда әлемдік экономиканың өзекті мәселелерін және Қазақстан үшін оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеуді талқылау мақсатында жаһандық көшбасшылар мен жетекші халықаралық сарапшылар жиналады. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында XII Астана экономикалық форумында талқыланатын мәселелер қаралды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу қалай жүзеге асырылуда?03 Мамыр 2019Қаржы министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, бірінші кезекте, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру бойынша тұрақты негізде мақсатты, жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
Қазақстанда қандай ЖЭК жобалары жүзеге асырылады?02 Мамыр 2019Қазақстан күн электр станцияларын салу жобаларын іске асырудың және елдегі күн энергетикасын тұрақты кезең-кезеңмен дамытудың табысты және бірегей тәжірибесіне ие. Бұл үдерістерге қатысушылар 2018 жылы «Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығына» бірігіп, кәсіби бірлестікті саланың қазақстандық және халықаралық ойыншылары үшін «бірыңғай алаң» ретінде ұсынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасында жаңғырмалы энергия көздері саласын дамыту мәселелеріне арналған баспасөз конференциясында мәлім болды.
Балалардың құқықтарын қорғау күшейтілді02 Мамыр 2019Осы жылдың 1-сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа Заңына қол қойды. Ол күшіне енді.