ҚХА - еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі– Елбасы29 Сәуір 2019Бейбітшілік және Келісім сарайында Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен және ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқевтың қатысуымен «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметік бірлік және жаңғырту» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті. Сессия жұмысына 1500-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде бүкіл өңірлерден келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары мен дипломатиялық миссия өкілдері бар. Толығырақ Strategy2050.kz сараптамалық порталы әзірлеген материалдан оқи аласыздар.
«Ауыл-ел бесігі» жобасына 2019 жылы 30 млрд теңге бөлінеді29 Сәуір 2019Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру арқылы ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту міндетін қойды. Үкімет аталған тапсырманы іске асыруды бастап кетті. Жобаның негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту, оларды өңірлік стандартқа дейін жеткізу. Жоба шеңберінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттердің шешімі табылатын болады.
Қазақстан-Мажарстан: Екі ел 10 келісімшартқа қол қойды29 Сәуір 2019Бүгінде елімізде Мажар капиталының қатысуымен 60-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында Мажарстан отандық экономикаға 200 млн АҚШ долларын құрайтын инвестиция құйды. Қазақстан мен Мажарстан арасындағы тауар айналымы 2018 жылы - 2019 жылдың 1 тоқсанында 155,4 млн. АҚШ доллары құрады. 2018-2019 жылдары Қазақстаннан Мажарстанға экспорт 28 2 млн АҚШ долларын кұраса, Мажарстаннан импорт 127,2 млн. АҚШ долларын құрады. Екі елдің ынтымақтастығы бүгін өткен Қазақстан-Мажарстан бизнес-инвестициялық форумы барысында нығая түскені белгілі. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Рухани жаңғыру: «Жазира Жайық» көрмесі батыстың ерекшелігін паш етті26 Сәуір 2019ҚР Ұлттық музейінде БҚО әкімдігінің қолдауымен Батыс Қазақстан облыстық музейінің тарихи-өлкетану ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы суретшілерінің шығармашылық туындыларынан жабдықталған «Жазира-Жайық» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
«Бір белдеу, бір жол» бастамасы жаһанданудың жаңа үлгісін ұсынды – Н.Назарбаев26 Сәуір 2019Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы «Бір жол, бір белдеу» екінші халықаралық ынтымақтастық форумының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі.
АЭФ: Халықаралық шараның күн тәртібінде талқыланатын мәселелер26 Сәуір 2019
16-17 мамыр күні Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы Астана экономикалық форумы өтеді. Сұхбат алаңында әлемдік экономиканың өзекті мәселелерін және Қазақстан үшін оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеуді талқылау үшін жаһандық көшбасшылар мен жетекші халықаралық сарапшылар жиналады.
Сарапшылар: Қазақстан - өзекті геосаяси мәселелерді талқылайтын алаң 25 Сәуір 2019«Шығыс-Батыс» геосаяси жоспарлаудың халықаралық орталығы зерттеу және сараптамамен айналысады. Қазіргі заманғы оқиғалар салқынқанды жоспарлауды қажет ететіндігін көрсетті. Бұл орталық геосаяси салада жоспарлау жүргізетін тәуелсіз орталық. Бүгін шетелдік сарапшылар аталған орталық аясында Қазақстан өзін әртүрлі геосаяси мәселелерді талқылай алатын алаңға айналуы мүмкін екенін болжады. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Сенат қандай халықаралық құжаттарды ратификациялады?25 Сәуір 2019Сенат Спикері Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысында Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының жұмыс істеуі туралы келісім ратификацияланды. Сондай-ақ, кейбір депутаттар басқа жұмысқа тағайындалуына орай қызметінен босатылды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Kazminerals: Биыл 70 мың тонна мыс өндірілді25 Сәуір 20192019 жылдың бірінші тоқсанында KAZ Minerals Тобы 70 мың тонна мыс өндірді. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артық. Жыл соңына дейін Бозшакөлдегі мыс үлесінің жоғары болуының, сонымен қатар, Николаев кен байыту фабрикасындағы (КБФ) және каолин балшығы бар кендерді өңдейтін Бозшакөл КБФ-ғы өңдеу көлімінің өсуінің арқасында өндіріс артады деп күтілуде. Сульфидті кендерді өңдейтін Бозшакөл және Ақтоғай КБФ-лары бірінші тоқсанда өткізу мүмкіндігінің жобалық деңгейіне жетті. Компания 2019 жылға жоспарланған 300 мың тонна мыс көлеміндегі көрсеткіштерге жету жолында. Компанияның жарты жыдық жетістіктері туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Сапалы ауыз сумен қамту үшін биыл 126,5 млрд теңге бөлу қарастырылған – М.Жайымбетов 24 Сәуір 2019
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов Орталық коммуникациялар қызметінде халықты сапалы ауыз сумен және су тарту қызметтерімен қамтамасыз ету туралы айтып берді.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қандай болмақ?24 Сәуір 2019Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заңнамалық құжатты талқылау барысында депутаттар құқық бұзушылық әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейту немесе ізгілендірудің нақты өлшемдерін белгілеуге қатысты бірқатар мәселелер көтерді. Соның ішінде, бюджетті тиімсіз игеруге, жол-көлік оқиғасы орын алған жерді тастап кетуіне байланысты жазаны анықтауға қатысты нақты талаптар қажеттілігі айтылды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
«Eurasian Book Fair–2019»: Халықаралық кітап көрмесінің артықшылығы24 Сәуір 2019 «Көрме» көрме орталығында «Eurasian Book Fair–2019» ІV Евразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ашылды.«Eurasian Book Fair» – еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі еліміздегі – іскерлік және гуманитарлық әріптестікті дамыту және нығайту мақсатында ТМД, Еуропа және Азия елдерінің баспа, кітап саудасы ұйымдарын, мәдени және білім беру орталықтарын үлкен интеллектуалдық алаңға біріктіретін аса ірі кітап форумы.
«Nur Otan» партиясының атынан Президенттікке үміткер – Тоқаев23 Сәуір 2019«Nur Otan» партиясының атынан Президенттікке үміткер. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының XIX съезінде ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Жиынға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Съездің ашылуында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев күн тәртібімен таныстырды.
Кезектен тыс XIX съезд: Қатысушылар пікірі23 Сәуір 2019
Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының төрағасы ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымеен партияның кезектен тыс XIX съезі өтеді. Съезд барысында 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауға партия атынан түсетін кандидаттың есімі жария етілетін болады. Қазіргі уақытта партия съезіне өңірлерден келетін делегаттардың саны белгілі болды. Мәселен, Алматы облысынан 45, Қызылорда облысынан 30 делегат келген.
Қазақстан-Корея бизнес-форумы: 3,2 млрд АҚШ долларының келісіміне қол қойылды22 Сәуір 2019ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин Қазақстан-Корея бизнес-форумына қатысты. Аталған шараға екі ел тарапынан 500-ге тарта бизнес өкілі қатысуда. Онда машина жасау, медицина, химия өнеркәсібі, құрылыс және басқа да басымдықты салалар талқыланды. Форум барысында 3,2 млрд АҚШ доллары сомасындағы келісімге қол қойылды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Тұңғыш Президент ҚХР елшісін қабылдады22 Сәуір 2019Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі.
Сайлау-2019: Президенттікке кандидаттар кімдер болуы мүмкін?22 Сәуір 20192019 жылдың алғашқы жартысында еліміздегі саяси процестер жедел өрбуде. Қазақстандағы саяси конъюнктураның өзгерісі Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтату туралы шешімінен кейін үдей түсті. ҚР Конституциясына сәйкес Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев ант қабылдап, ресми ел Президенті қызметіне кірісті. Жаңа Мемлекет Басшысы ел аймақтарын аралап, Ресей Федерациясына ресми, Өзбекстанға мемлекеттік сапарымен барып келді. Сонымен қоса, жауапты ведомство басшыларына жеке тапсырма беріп, лауазымды қызметкердің бірқатарын ауыстырды. Яғни, ішкі-сыртқы контурда сабақтастық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге алғашқы қадамдар жасалды. Алайда, көптің көкейінде алдағы сайлаудың сайрап тұрғаны рас. Орталық Азиядағы билік транзиті – соңғы онжылдықта эксперттік ортада жиі талқыланатын тақырып. Оңтүстік көршіміз – Өзбекстандағы басшылықтың ауысуы мемлекеттің ішкі трансформациясына ғана емес, аймақтық ынтымақтастық динамикасына ықпал етті. Сондықтан Қазақстандағы Президент сайлауы алдыңғы саяси курстың сабақтастығы мен жүйелі жалғастығы тұрғысынан ел тұрғындары мен алыс-жақын мемлекеттер үшін маңызды болмақ.
Қазақстан-Корея: Мемлекет басшылары ынтымақтастықты дамытуға мүдделі22 Сәуір 2019Бүгін елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Кореяның даму ынтымақтастығы талқыланып, бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойылды. Корея Президентінің мемлекеттік сапары аясындағы түзілген меморандумдар мен мәлімдемелер туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстанға инвестицияны қалай тарту керек?22 Сәуір 2019
Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің 2019 жылғы 30 қаңтардағы кеңейтілген отырысында: «елдің Үшінші жаңғыруы үшін негізгі капиталға жылына жалпы ішкі өнімге 30%-дан асатын деңгейде инвестициялар тарту қажет» деген болатын. Ол: «нақты сектор мен инфрақұрылымдық жобаларды қаржымен қамтамасыз ету бойынша жүйелі шешімдер әзірленсін» деп, сондай-ақ дамыған елдерден инвесторларға баса назар аудара отырып, инвестициялар тартудың кешенді экожүйесін жасауды тапсырды.Бұл тапсырмаларды іске асыру – Үкімет үшін ерекше маңызды міндет. Үкімет аталған міндетті жүзеге асыру үшін қандй тетіктерді әзірлегенін келесі материалдан оқи аласыздар.
Кезектен тыс сайлау: Президент кандидаттарына қойылатын талаптар19 Сәуір 2019Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының отырысы өткізілді, отырысқа саяси партияның және бірқатар мемлекеттік органдарың өкілдері қатысты. Отырыста кезектен тыс сайлауға қатысатын Президент кандидаттарына қойылатын талаптар қарастырылды. Ең басты талаптардың бірі - мемлекеттік тілді жетік меңгеру керек. Кандидаттарға тағы қандай талаптар қойылатыны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Туризм саласында ШОБ әлеуетін қолдану керек –Т. Құлыбаев18 Сәуір 2019
«Атамекен» ҰКП басшысы Тимур Құлыбаев елімізде туристік саланы дамыту мен 2019-2025 жылдарға салалық мемлекеттік бағдарламаны енгізу мәселелерін сөз етті. Туризм индустриясы – шағын және орта бизнес пен қызметтер көрсету саласының толыққанды қанат жаюы үшін нағыз мүмкіндік, себебі кәсіпкерлік ресурсты тартуға әлеуеті жетеді, қомақты қаржы салуды қажет етпейді әрі жұмыс орындарын құруда жетекші орын алады.
Қазақстанда репродуктивті денсаулық қалай қорғалады?17 Сәуір 20191960 жылдары пайда болған Репродуктивтік құқықтардың жүзеге асуы үшін күресетін дүниежүзілік қозғалыс өз тәнін өзі билеу, өз болашағын өзі жасау мүмкіндігі арқылы қашан балалы болуды өзі шешу мүмкіншілігін беріп, миллиондаған әйелдердің өмірін өзгертті. Бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымының репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша мамандандырылған мекемесі ЮНФПА құрылған соңғы 50 жылдағы жетістіктерге қарамастан ЮНФПА жарияланған «2019 жылғы әлемдегі халық қоныстануы» баяндамасында көрсетілгендей барлық адамдардың таңдау құқығы және таңдау мүмкіндігін мәлімдеуге жету үшін әлем халқымен әлі де бірқатар нәрселер жасалуы қажет.
Халықаралық ынтымақтастық: Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан туристік кеңсесі ашылды17 Сәуір 2019Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан жылына орай, Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстанның бірлескен туристік кеңсесі жұмысын бастады. Бұл орталық Түркістан облысы мен Шымкент қалалық туризм басқармасының қолдауымен ашылып отыр.Кеңседе туристік өнімдер бір ортақ брендпен біріктіріледі. Алдағы уақытта екі елдің туристік операторларының қатысуымен қос аймаққа шетелдік туристерді тарту жұмыстарын жүргізілетін болады.
Қазақстан 120 елге тауардың 800 түрін шығарады16 Сәуір 2019
2018 жылы Қазақстанның шикізаттық емес экспорты 15,7 млрд долларды құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артты. Химия өнеркәсібі 2,6%-ға, минералды өнімдер 14,6%-ға, машина жасау 11%-ға, азық-түлік өнімдері 7,6%-ке өсті. Бүгінгі таңда Қазақстан 120 елге 800 тауар түрін шығарады. Үкімет отырысында еліміздің шикізаттық экспорттын ілгерілету мәселелері талқыланды.
Үкімет: Әлеуметтік - экономикалық өсімнің көрсеткіштері жақсарды16 Сәуір 2019Биылғы жылдың бірінші тоқсанында экономиканың өсуі жалғасып, жекелеген өңдеу секторлары екі таңбалы өсуге шықты, инвестициялар мен құрылыс айтарлықтай өсті. Инфляция деңгейі жоспарланған дәлізде. Жыл басынан бері ол 1,3%, ал жылдық мәнде – 4,8% құрады. Бұл туралы 2019 жылғы қаңтар-наурыздағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары баяндалған ҚР Үкіметі отырысында мәлім болды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қалай жүріп жатыр15 Сәуір 20192019 жылы Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы көктемгі дала жұмыстарының басталуына арналған баспасөз конференциясында Ақмола облысындағы көктемгі-дала жұмыстарының басталуы, АШҒӨО жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу туралы АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев айтып берді.
Қазақстанда жалақыны есептеудің жаңа коэффициенттер кестесі әзірленді15 Сәуір 2019Үкімет Үйінің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінде Елбасының берген тапсырмасын жүзеге асыру шаралары жайлы айтып берді.
Рухани жаңғыру: Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы12 Сәуір 2019ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарық көргеніне 2 жыл толды. Бұл мақала қоғамда үлкен сілкініс туғызып, ел руханиятына оң серпін берді. Осы екі жыл ішінде Түркістан облысында да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұлттық құндылықтарды дәріптеген ауқымды жұмыстар атқарылып, жобалар жүзеге асырылды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстан - Өзбекстан: Тарих және мәдениет көрмесі ашылды12 Сәуір 2019Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу құрметіне орай, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейі Өзбекстан Мемлекеттік өнер Музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды.
Біздің ортақ міндетіміз –Президент сайлауын заңды және ашық өткізуді қамтамасыз ету – Д. Назарбаева12 Сәуір 2019Парламент жоғарғы Палатасының басшысы Парламент Сенатының отырысын аша келіп, мерзімінен бұрын өтетін Президент сайлауына депутаттардың назарын аударды және бұл шешім уақытында әрі орынды қабылданғанын атап өтті. Сондай-ақ, отырыста бірқатар заң жобалары ратификацияланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Мемлекет басшысы ММУ ректорымен кездесті11 Сәуір 2019Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий мен Халықаралық ынтымақтастық және ашық дипломатия жөніндегі Ресей қоғамдық кеңесінің төрағасы Сергей Орджоникидзені қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Еуразиялық бастамаға 25 жыл: Ынтымақтастықтың жемісі мен жеңісі11 Сәуір 2019 «Идеядан - шынайы болмысқа: Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық бастамасына 25 жыл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «іс жүзіндегі еуразиялық» идеясын жария етуінің ширек ғасырлық атаулы күніне және Еуразиялық Экономикалық Одақтың құрылуының бес жылдығына орайластырылған.
Бір белдеу-бір жол: Қазақ-қытай құрылысындағы жетістіктердің дерекнамасы10 Сәуір 2019
Ұлттық музейде Қытай реформасы мен ашық саясатының 40 жылдығына орай «Бір белдеу, бір жол» бірлескен қытай-қазақ құрылысындағы жетістіктерге арналған фотокөрменің ашылу салтанатында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо қос халықтың бір-бірін біліп, тарихын, салт-дәстүрін тану үшін өзара мәдени байланыс та қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
ТКШ: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ақпараттық жүйесі құрылады 10 Сәуір 2019«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасын түсіндірген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталатынын айтты.
Биыл еліміздің саяси өмірі өзгерістерге толы жыл болды – сарапшылар10 Сәуір 2019Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеуін жариялады. Үндеуде мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кезектен тыс сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтетінін айтты. Бұл маңызды саяси бастамаға Түркістан облысының үкіметтік емес ұйымдары қолдау білдірді.
Кезектен тыс сайлау: Кім президенттікке кандидат бола алады?09 Сәуір 2019«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес, Президент сайлауы желтоқсан айының алғашқы жексенбісінде өтеді. Ал кезектен тыс Президент сайлауы ҚР Президентінің шешіміне негізделеді.
Рухани жаңғыру: «Ғасырларға созылған қасірет» атты көшпелі көрме ашылды09 Сәуір 2019ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінде Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Ғасырларға созылған қасірет» көшпелі көрмесі ашылды. Аталған шара жазықсыз жандардың рухына тағзым ету, жас ұрпақ жүрегінде отаншыл рухты ояту, отансүйгіштікке баулу, азаматтық сезімдерін қалыптастыру, музейге келуші шетел азаматтарына және қала қонақтары мен тұрғындарына мұражай тынысымен танысуға зор мүмкіндік жасамақ.
Президент сайлауы: Ақорда Үндеу жариялады09 Сәуір 2019Қазақстанда кезектен тыс сайлау 9 маусымда өтеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға жасаған Үндеуінде айтты. Мемлекет басшысы аталған шешім Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, Парламент палаталарының спикерлерімен келісілгенін айтты. Ақорданың ресми сайты Үндеудің толық мәтінін жариялады.
Әлеуметтік қамқорлық: 2019 жылы 373 мың жаңа жұмыс орны ашылады09 Сәуір 2019Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шаралары белсенді іске асырылып жатқаны өздеріңізге белгілі. Заңнамаға тиісті түзетулер енгізілген болатын. 1 сәуірден бастап барлық жерлерде арнаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар қабылдануда. 42 мыңнан астам өтініш қабылданды. Аталған шаралар туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев баяндап берді.
Ақордадан09 Сәуір 2019"Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға Үндеу жасайды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
БЖК-2020: 210 млрд теңге қайда жұмсалды?09 Сәуір 2019 «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жағдайы туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында айтып берді. Мәселен, бағдарлама іске асырылған 4 жылда республикалық бюджеттен 210 млрд.теңге қаражат бөлінді.
Қазақстандықтар рецепт бойынша 13 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды08 Сәуір 2019
Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды жеткізуде іркілістердің алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізуде, бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мәлім болды.
Қазақстан Президенті ЕҚЫҰ Төрағасымен кездесті08 Сәуір 2019Қазақстан Президенті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Мирослав Лайчакпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Қытайдан қанша қарыз алады?08 Сәуір 2019Сенаттағы Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы Қытайдан жеңілдетілген несие алу жөніндегі негіздемелік келісімді ратификациялау» туралы заң жобасы қаралды.
ТҚЖБ - ипотекалық несиелендіру нарығындағы көшбасшылардың бірі08 Сәуір 2019Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі 2019 жылдың 4 сәуірінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ эмитенті дефолтының ұзақмерзімді рейтингтерін «BBB-» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».
Тоқаев пен Рогозин ғарыш саласындағы ынтымақтастықты талқылады05 Сәуір 2019Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғарыш қызметі жөніндегі «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Өңірлер: Түркістан облысында 4 азық-түлік белдеуі ашылады05 Сәуір 2019Түркістан облысында биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылдағыдан 10 мың гектарға артық. Жалпы, 823 мың гектар жерге орналастырылатын болады. Сондай-ақ, облыста биыл бақша дақылдарының егіс көлемі 62 мың гектарға орналастырылады. Бұл өткен жылдармен салтырғанда 4 мың гектарға артық болып отыр.
Келесі жылы біз ҚХА 25 жылдығын атап өтуді жоспарлап отырмыз – Н. Назарбаев04 Сәуір 2019Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасың Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі.
ШОБ іске асыратын жобаларды кредиттеуге кемінде 100 млрд теңге жұмсалады – Е.Досаев04 Сәуір 2019Қаржы-несие және бюджеттік саясатты үйлестіру Қазақстан экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты. Парламент Сенатының жалпы отырысында «ҚР Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР Заңына өзгеріс енгізу туралы» Заңы қабылданды.2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына өзгерістерінің өлшемдері ағымдағы жылы жеке макроэкономикалық көрсеткіштерді қайта қарауға туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев айтып берді.
Тұрақты даму: Орталық Азияның инновациялық бастамалары04 Сәуір 2019
Тұрақты даму және инновациялар бойынша Орталық Азия ғылыми форумында Қазақстан мен Орталық Азияның тұрақты дамуына ықпал ететін жобалар мен бастамалар талқыланды. Форум ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жас ғалымдардың, Ұлыбританиядағы қазақстандық докторанттар қауымдастығының, Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен өтті. Оның мақсаты - идеялар мен жобаларды ілгерілету үшін жас ғалымдарды біріктіру, әлеуетті инвесторлармен және серіктестермен байланыстарды орнату.
Қ.Тоқаев пен В.Путин бірлескен мәлімдеме жасады04 Сәуір 2019Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жасаған алғашқы сапары барысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Жастар жылы: «Жасыл ел» бойынша 18 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылған03 Сәуір 2019Жастар жылы «Жасыл ел» жастар жасағы қандай жұмыстарды атқарады? Нұр-Сұлтан қаласы мен өзге өңірлерді жасыл желектендіру бойынша қандай іс-шаралар жүзеге асырылып жатқаны туралы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары Республикалық штабы жетекшісінің орынбасары Азамат Данияр Strategy2050.kz сараптамалық порталына берген эксклюзивті сұхбатында айтып берді.
Корея ядролық қауіпсіздік бойынша Қазақстанның тәжірибесін қолданады03 Сәуір 2019
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік саясатының берік діңгегі – бейбітшілік пен келісім, ғаламдық қауіпсіздік идеясын кеңге жаю болатын. Осы құнды идеяларды халықаралық деңгейде талқылау және оны тарату – ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры мен Әлемдік экономика және саясат институты қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда ғаламдық қауіпсіздік мәселесі өзекті тақырыпқа айналды. Сарапшылардың пікірінше, ядролық қаруы бар алпауыттар арасындағы қырғи-қабақ қарым-қатынас пен сенімсіздік соңы дағдарысқа ұласып отыр. Бұған «ядролық клубтың» кеңеюі де себеп. Өйткені кей елдер ядролық арсенал құруға талпынуда. Мұның жарқын көрінісі ретінде бүгінде дүниежүзілік БАҚ пен саясаткер, сарапшылардың назарын өзіне аудартқан Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын жүзеге асыруын айтуға болады. Осы орайда Корея Қазақстанның ядролық қауіпсіздігі тәжірибесін қолдануға мүдделі.
Әуелде қандай едім? Қазір кіммін?02 Сәуір 2019
Қазақ қоғамы осынау жылдары ойда жүрсе де, орайы келе бермеген мәселелерге назар аударды. Санаға сілкіністің, түйсікті түлетудің қажет екенін ұққандай болдық. Жастар арасындағы қылмыс пен жат қылық, діни-экстремистік топтың етегінен ұстап, жетегінде кету, білікті жастың шекара асуы, одан қалды «Мен әуелде қандай едім? Қазір кіммін және қайда бет алып барамын?» деген сұрақтардың мазалай бастағандығы анық.
Президент Сұлтановқа тапсырма берді02 Сәуір 2019ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана – Нұр-Сұлтан веб-деректі жобасының тұсауы кесілді02 Сәуір 2019Орталық Коммуникациялар Қызметінің алаңында Қазақстанның қалыптасуынан бастап, астанасының Нұр-Сұлтан атануына дейінгі тарихын баяндайтын «Астана – Нұр-Сұлтан» жобасының тұсауы кесілді. Ол тек мәтін мен бейнефильмдер ғана емес, жаңашыл ойдың жетістігі, мультимедиялық хикаяның әмбебап форматы – веб-деректі жобасы. Авторы - Думан Қожахметов.
Медициналық сақтандыру және халық денсаулығы жайында02 Сәуір 2019Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық көмекті 520 мекеме көрсетеді және олардың 30% пайызы жеке меншік ұйымдар. Алғашқы медициналық көмек объектілерінің негізгі бөлігі ірі емханалар. Қазіргі таңда орта есеппен алғанда әр емханаға 20 астам учаске тиесілі. Бұл дәрігерлердің бір жерге жинақталуына, кезектердің пайда болуына және «қадамдық қолжетімділіктің» болмауы сияқты проблемаларға әкеледі.
Ауыл шаруашылығы: араб елдері ет алып жатыр02 Сәуір 2019Республика аумағында 2018 жылы 347, 2017 жылы 360 жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтары тіркелді, оның ішінде бруцеллез бойынша 180, 2017 жылы 217 саламатты емес пункт анықталды. 180 саламатты емес пункттің ішінде 125 сауықтырылды және жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жабылды, 55 пунктте ветеринариялық-сауықтыру іс-шаралары жүргізілуде. Биылғы жылдың басынан бері жануарлар ауруларының 20 ошағы тіркелді. Елдегі эпизоотиялық ахуал мен карантиндік фитосанитарлық жағдай туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкіметтің отырысында айтып берді.
3 жылда 1315 адам сотталды – Арман Бердалин01 Сәуір 2019Қазақстанда қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бойынша үлкен реформа жүргізілді, түрмедегілердің саны едәуір азайды. 2014 жылғы Қылмыстық кодекспен қылмыстық жазаға тарту жүйесі қайта өңделіп, 1997 жылғы Қылмыстық кодекспен салыстырғында «ізгілендіру» төмендетілді. Атап айтқанда, 160 астам санкцияға қосымша балама ретінде енгізілген айыппұл түріндегі жазаға тарту шарасы елеулі өзгерістерге ұшырады.
Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті - сарапшы01 Сәуір 2019"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жасаған жыл сайынғы Жолдауларында, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырып, жемқорлыққа қарсы күрестің еліміз үшін маңызы зор екенін үнемі атап көрсетуі тектен тек емес. Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі", - деді ҚР Ұлттық музейі Жазба ескерткіштерді зерттеу секторының сарапшысы Жасұлан Абдуллин.
Рухани жаңғыру: Түркістан облысының жаңа кәсіпорындары01 Сәуір 2019Еліміздің рухани астанасы – Түркістан қарқынды дамып келе жатыр. Өңірде инфрақұрылымдық кәсіпорындардың саны да артып келеді. Мәселен, Түркістан облысы Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінде әскери және арнайы маман киімдері мен төсек орындарын тігетін «АХБК» тігін фабрикасы ашылды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.