Елбасы облыс әкімдерін қабылдады29 Қаңтар 2019Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Алматы облысы: Жастар ресурстары орталықтарына 10 гектардан жер беріледі29 Қаңтар 2019Алматы облысының әрбір аудан, қаласында жастарға қызмет көрсету орталықтары салынып, ауыл шаруашылығымен айналысулары үшін жастар ресрустары орталықтарына 10 гектардан жер берілетін болып шешілген болатын. Сол сияқты жас отбасылар арасында ажырасуды азайту мақсатында психолог штаттарын бөлу де тапсырылған. Облыс әкімі Амандық Баталовтың Жастар жылының ресми ашылуында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың жергілікті жерлерде орындалуын талқылады.
Тәуекелдерді басқару бюджеттің түсімін 2025 жылға дейін 5,5 трлн теңгеге арттырады28 Қаңтар 2019Мемлекет басшысы 2018 жылы 10 қантарда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Оны іске асыру шеңберінде Қаржы министрлігі салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыруға бағытталған бірқатар жобаларды іске асырады. Мәселен, 2018 жылдың қорытындылары бойынша Мемлекеттік кірістер органдары 22 миллион қызмет көрсетті. Оның ішінде 20 миллион қызмет электрондық тұрде. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
Ақмола облысы: Әлеуметтік-экономикалық дамудың басты көрсеткіштері 28 Қаңтар 2019Ақмола облысында 2018 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы барлық негізгі экономикалық бағыттар бойынша оң қарқын көрсетеді. Өткен жылдың үшінші тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға өсті. Әлеуметтік салаға 102,2 млрд теңге бөлінген. Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Жастар кәсіпкерлігін қолдау қалай жүзеге асырылады?25 Қаңтар 2019Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылу салтанатында Шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеу қажетігін жеткізген болатын. Сондай-ақ, Үкіметке «Бизнес-2020» жол картасы аясында жас кәсіпкерлер үшін грант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есе арттыруды тапсырды.
Ұлттық экономика министрлігі бизнеспен ашық диалог құруды жалғастырады25 Қаңтар 2019
2018 жылғы мамырда Мемлекет басшысы қол қойған Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру жөніндегі заң қазақстандық бизнес үшін ерекше оқиға болды. Бұл заңдағы басты реформаның бірі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін түбегейлі өзгерту болып табылады. Ол ағымдағы жылдың басынан қолданысқа енгізілді.
Жастар жылы Түркістан облысында қандай тың жобалар пайда болады?24 Қаңтар 2019
Түркістан облысының жастары Жастар жылы аясында қолға алынатын жаңа жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бүгінде Түркістан облысында жастардың саны 501 мыңнан асады. Оның ішінде қала жастары – 86 416, ауыл жастары – 414 953. Түркістандық жастардың тың жобалары туралы Strategy2050.kz АА әзірлеген материалдан оқи аласыздар.
Жастар жылы: Жаңа буынның ұсыныстары 23 Қаңтар 2019Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» Жастар жылы тың идеялары мен ұсыныстарын алға тартты. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
Тәуелсіздіктің ұрпақтары: Елбасы Жастар жылын салтанатты түрде ашты 23 Қаңтар 2019Жастар жылы — Қазақстан үшін алғаш рет бастау алған бірегей оқиға. Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды, оның аясында мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдауға және іске асыруға бағытталған шаралар қабылданатын болады. Елордада «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерін сатып алу қалай өзгереді22 Қаңтар 20192018 жылы Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларының жалпы көлемі 9,2 трлн теңгені құрады. Оның ішінде: мемлекеттік сатып алу – 3,6 трлн теңге, Самұрық-Қазына қоры – шамамен 5 трлн теңге және өзге ұлттық компанияларының сатып алулары 600 млрд. теңгеге жуық. Квазимемлекеттік саладағы көрсеткіштер туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
5 әлеуметтік бастама қалай жүзеге асырылуда22 Қаңтар 20192018 жылдың наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі жарияланған болатын. 11 айдың ішінде 5 бағыт бойынша қандай іс-шаралар атқарылып, нәтижелерге қол жеткізілгенін өкілетті өкілдер баяндап берген болатын. Елбасы бастамаларының орындалуы қандай деңгейде екенін келесі материалдан оқи аласыздар.
Самұрық-Қазына: 2018 жылдың негізгі қаржылық көрсеткіштері21 Қаңтар 2019 «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2018 жылғы жұмысын қорытындылады. Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов былтырғы жылғы негізгі қаржылық көрсеткіштер туралы айтып берді. Компанияның нәтижелері жайында толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы21 Қаңтар 2019
Ақтөбе облысы 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы қаралып, 2019 жылғы негізгі міндеттері белгіленді. Мәселен, Ақтөбе облысы екі жыл қатарынан экономика өсімін 5% деңгейде ұстап келеді.
Қадағалау органы қызметіндегі жаңа міндеттер қандай болмақ18 Қаңтар 2019Бас прокуратурада 2018 жылдың жұмыс қорытындысын шығарып, алдағы міндеттерді айқындады. 2018 жылы тәуелсіздік жылдарында алғаш рет қылмыстық процестің ең төменгі репрессивтік деңгейін көрсетті.Ұсталғандар мен қамауға алынғандар 4 есеге (тиісінше 43 мыңнан 10 мыңға және 38 мыңнан 9 мыңға) азайды. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар 5,5 есеге (40 мыңнан 7 мыңға) азайды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Жас кәсіпкерлерді қолдау: Маңғыстауда қауымдастық құрылады18 Қаңтар 2019Маңғыстауда жас кәсіпкерлерді қолдау әрі жұмыстарын дамыту мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы тарапынан бірқатар іс-шаралар атқарылып жатыр. Маңғыстау облысында жас кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілетіні туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Жыл сайын тұрғын үй құрылысына 200 млрд теңге бөлінеді17 Қаңтар 2019
2018 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 12,1%-ға артты. Жеке тұрғын үй құрылысына инвестиция 459 млрд теңгені, көппәтерлі тұрғын үй құрылысына — 702 млрд теңгені құрады. Жеке инвестициялар есебінен 5,7 млн м² немесе 39 мыңнан астам жеке тұрғын үй, сондай-ақ 6,8 млн м² немесе 74 мыңнан астам көп пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйді пайдалануға берудің арту деңгейі республиканың барлық өңірлерінде байқалады.
Ауыл шаруашылығы саласына мамандарды қалай іріктеу керек?17 Қаңтар 2019
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Парламент Сенатының отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдаған сенатор Әли Бектаев мыңдаған түлектер арнаулы оқу орындарын бітіріп жатқанымен, ауылшаруашылығының білімді және білікті мамандармен қамтылуы өкінішке қарай, әлі де төмен, қабылданған шаралар мардымсыз екенін айтты.
Әр кәсіпкермен жеке байланыс орнатылады – ҰКП17 Қаңтар 2019 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан бойынша барлық бизнес-субъектілер арасында сауалнама жүргізудің басталғаны туралы хабарлады. Кәсіпкерлермен тығыз тікелей байланыс орнату,бизнестің түйіткілді мәселелерін белгілеу және шешу мақсатында республикалық сауалнаманы жүргізу көзделіп отыр. Кәсіпкерлер жұмысының тиімді бола түсуіне «Атамекен» ҰКП тағы қандай шараларды жүзеге асырып жатқанын келесі материалдан оқи аласыздар.
Рухани жаңғыру: Бағдарламаны жүзеге асырудың жаңа тәсілдері16 Қаңтар 2019 «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың жаңа тәсілдері таныстырылды. Қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова іс-шараны аша отырып, азаматтардың санасын жаңғыртуда бағдарламаның ерекше маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан мен БАӘ: Ынтымақтастық қандай салаларды қамтиды16 Қаңтар 2019Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің елшілігі қайырымдылық шарасын өткізді. Елшілік 1000 оқушыны мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Осыған дейін де елшілік Астанада 2 білім ордасын тұрғызған болатын. Қайырымды шараларды жиі ұйымдастыратын БАӘ елшілігі Қазақстанмен қандай салада ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін келесі материалдан оқи аласыздар.
Көктем мерекесі: Жанға жылулық сыйлайтын көрме 16 Қаңтар 2019Қазақстан Республикасы ұлттық Музейінде Қытай Халық Республикасының Қазақстан Респуликасындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған «Көктем мерекесі» фотокөрмесінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Ұлы даланың жеті қыры: Тарихты қайта жаңғырту қажет15 Қаңтар 2019 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегіндегі инновациялық тұжырымдамаларды ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен түрколог ғалымдар талқылады. Мемлекет тарихы институты ұжымы ұйымдастырған дөңгелек үстелде талқыланған маңызды ұсыныстарды келесі материалдан оқи аласыздар.
Техникалық реттеу қалай жүзеге асырылады15 Қаңтар 2019
Ішкі нарықта өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету және экспортқа жағдай жасау мақсатында 2018 жылғы 5 қазанда «Стандарттау туралы» және оған қоса берілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданған болатын. Бизнесті жаңа талаптарға қайта бағдарлау үшін Заңның күшіне ену мерзімі 2019 жылдың 11 сәуіріне белгіленді.
ТҰҚЖБ Қызылорда облысында әлеуметтік жобаны іске қосты15 Қаңтар 2019
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қызылорда облысында «Орда» аймақтық тұрғын үй бағдарламасын іске қосты .Бұл – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің облыс әкімдігімен бірлесіп әзірлеген әлеуметтік жобасы. Бағдарлама аймақ тұрғындарына үйді жалға алып, оны болашақта сатып алуға мүмкіндік береді.
Орталық Азия елдері арасында жүк тасымалдайтын консорциум құрылады14 Қаңтар 2019Самарқанда Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов «Үндістан - Орталық Азия» Диалогы Сыртқы істер министрлерінің Ауғанстанның қатысуымен өткен алғашқы кездесуіне қатысты. Шараға қатысқандардың арасында Қазақстан Республикасы, Ауғанстан Ислам Республикасы, Үндістан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы сыртқы істер министрлері бар.
Әлем әлеуметтік-экономикалық және саяси дүрбелең кезеңіне тап болды – Қ.Тоқаев11 Қаңтар 2019
Парламент Сенаты Бюросының отырысы болды. Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев шараға қатысушыларға арнаған сөзінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында әлеуметтік саладағы, сондай-ақ Жастар жылын өткізуге байланысты маңызды міндеттер бойынша депутаттар корпусы алдындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын белгіледі.
«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына қандай басымдықтар енгізіледі?11 Қаңтар 2019Ұстаздарды жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалайтын заң жобасы ұстаздар қауымына ұсынылды. Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдау қажеттігін айтқан болатын. Мұғалімдер мүддесі қорғалатын заң жобасында қандай жаңашылдықтар болады? Келесі материалдан оқи аласыздар.
Сирия мәселесі: Қазақстан өз азаматтарын елге қайтару бойынша жұмыстарды жалғасытарды10 Қаңтар 20196 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара – «Жусан» операциясының нәтижесінде Сириядан 47 Қазақстан азаматы, оның ішінде 30 бала елімізге қайтарылды.Осыған орай ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев пен ҰҚК департаментінің басшысы Бақытбек Рақымбердиев Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шара туралы баяндады.
Түркістан облысы: Өңірдегі тың инвестициялық жобалар 10 Қаңтар 2019Түркістан облысында бірқатар өнеркәсіптік және инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілерінен сақтау үшін «Protecting Business and Investments» жобасы іске асырылып жатыр. Өңірдегі тың жобалар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Бас қала: Қол жеткізілген межелер мен алдағы жоспарлар09 Қаңтар 2019Астана әкімі Бақыт Сұлтанов орта мерзімді кезеңге арналған басым міндеттерді белгіледі.Астана әкімінің төрағалығымен 2018 жылдың қорытындысы және 2019 жылдың жоспарына арналған қала активінің кеңейтілген аппараттық кеңесі өтті. Астана қаласы бойынша атқарылған жұмыстар мен биылғы жоспарлар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Бірыңғай жиынтық төлемді кімдер төлейді?09 Қаңтар 20192019 жылдың 1-қаңтарынан бастап өзін- өзі жұмыспен қамтығандар мемлекетке бірыңғай жиынтық төлем төлеу туралы айтылған болатын. Осыған байланысты Strategy2050.kz сараптамалық сайтына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман сұхбат берген болатын.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес: «Адал ұрпақ» қалай тәрбиеленеді09 Қаңтар 2019ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне Strategy2050.kz сараптамалық сайты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында жарияланған Жолдауында жүктегентапсырмаларға қатысты ресми сауал жолдаған болатын. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысының артуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қалай жүзеге асырылып жатқанын келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы: Хайнаньға визасыз режим қалай әсер етеді08 Қаңтар 2019Қазақстандық туристер Хайнань аралына визасыз кіруге 2018 жылдың 1 мамырында рұқсат алған болатын. Қазақстанмен қоса 59 елдің турисі Хайнань провинциясына визасыз кіреді. Астанада Хайнань аралына визасыз режимнің қосылуына байланысты таныстырылым өтті.
Қазақстанда алғашқы отандық әуе тасымалдаушы-лоукостер құрылады08 Қаңтар 2019ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жолдаған ресми сауалында Strategy2050.kz сараптамалық сайты әуе және темір жол билеттерінің бағасына министрлік әсер ете ала ма деген сұрақ қойған болатын. Министрлік аталған сауалға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің ресми жауабын жолдады.
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және индустрияландыру қорытындылары08 Қаңтар 20192018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 104,5%-ды құрады, оның ішінде: тау-кен өнеркәсібі 101,9% жоспарында 104,7%-ды құрады. Жыл ішінде динамика 5% деңгейінде болды. Бұл деректерді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және индустрияландыру жобаларының қорытындысына қатысты жолданған Strategy2050.kz сараптамалық порталының сауалына жауап ретінде ұсынды.
Жастар жылы: Маңғыстау облысы жылды қалай өткізеді04 Қаңтар 2019
Биыл Маңғыстау облысында Жастар жылына орай 100 шара өткізіледі. 3000 орындық жатақхана салынып, 200 ден астам жасқа үй алуға несие беріледі. Оның ішінде Каспий маңы мелекеттері жастарының форумы бар. Маңғыстау облысы Жастар жылы қандай шара өткізуді жоспарлап отырғанын келесі материалдан оқи аласыздар.
5 әлеуметтік бастама: Қол жеткізілген межелер04 Қаңтар 2019Президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа үндеу жариялады. Мемлекет басшысы Бес әлеуметтік бастаманы жариялағаннан кейін бір апта ішінде Үкімет Ұлттық банкпен бірлесе отырып, нақты іс-шаралар мен оларды орындау мерзімдері егжей-тегжейлі қарастырылған Жол картасын әзірледі.Бүгінгі таңда Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, 6 іс-шара орындалған. Қалған 3 іс-шара ұзақ мерзімді кезеңде — 2019–2021 жылдары іске асырылады. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
«Нұрлы жол»: Бағдарламаның 2018 жылғы қорытындысы04 Қаңтар 2019
2018 жылы бағдарлама аясында жалпы ұзындығы 4,6 мың км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау бойынша 24 жоба жүзеге асырылды.2018 жылдың қорытындысына сəйкес құрылыс жəне реконструкциялау нысандары бойынша 528 км жол қозғалысы ашылды. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты — тиімді инфрақұрылымды құру арқылы елдің макроөңірлерін біріктіру. Бағдарлама аясында 7 мың шақырымнан астам республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау, 10 мың шақырымнан астам жолды жөндеу көзделген. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2018 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Жастарды қолдау: Тегін білім беру және жұмыспен қамту 03 Қаңтар 20192019 жылды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында «Жастар жылы» деп жариялады.Қазіргі таңда жастарға аса қажетті дүниелердің бірі білім мен жұмыс екені белгілі. Президенттің тапсырмасы бойынша 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру (ТжКББ)» жобасы іске асырылып жатыр. Бұл оқыту түрі ҰБТ тапсырмаған, оқу орындарына түспеген, тұрмыс жағдайлары нашар отбасыдан шыққан адамдарға бағытталған. Бағдарлама қатысушылары оқу кезеңінде оқу ақысын төлеу, бір реттік ыстық тамақ, шәкіртақы, жол ақысы секілді мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылады. Тегін техникалық кәсіптік біліммен өткен жылы қанша жас қамтылды және еңбек биржасы жұмысқа орналасуға қаншалықты септігін тигізеді? Осы сұрақтарға келесі материал жауап береді.
Жұмыспен қамту: Былтыр 515 мың адам жұмысқа орналасты03 Қаңтар 2019
Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2018 жылдың 11 айында 515 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 368 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды. 2018 жылдың 11 айында 2017–2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына барлығы 632 мыңнан астам адам қатысты, олардың жартысына жуығы ауыл тұрғындары (52,5%). Олардың ішінде 513 мың адам (81%) — жұмыссыздар, 119 мың адам — өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (19%). 515 мың адам еңбекпен қамтылды, соның ішінде 368 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
2019: Елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер қандай болмақ03 Қаңтар 2019
Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді, олар — 2019 жылы өз күшіне енді.