Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков әлемдік экономикада өзіндік мәдениетті сақтап қалу маңыздылығын айтты.
«Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин айтқандай, ауқымды жаһандану үрдісі ұлттық құндылықты жойып жібереді. Сондықтан мәдениеттің сақталып қалуына әрекет жасау керек. Яғни, тіл, дін, салт-дәстүрді қалыптастыру керек», - деді Қайнарбеков.