«Азаматтар бизнестегі өз күшін байқап көрместен бұрын, Орталыққа келіп, қажетті толық ақпарат ала алады. Оған облыстың қай өңірінде бизнестің қай түрі дамығаны жөнінде айтып береді. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер осы Орталықтан өз ісін ашуға қажетті құжаттар пакетін ала алады. Осылайша, ол КҚО-ға екі рет қана келеді: бірінші – өтінішпен, екіншісінде – құжаттардың дайын пакеті үшін. Үшінші рет келуі де мүмкін, яғни бастауыш кәсіпкер кәсіпкерлікте өз күшін байқап көруі үшін танысын ертіп келгенде», – деді ШҚО бойынша «Даму» КДҚ директоры Бақыт Мұсаев.
«Бүгінде ХҚО, көші-қон полициясы жұмыс істейтін «жалғыз терезе» қағидасы халық арасында үлкен қолдауға ие болды. Соның ішінде, моноқалаларда да сәтті жұмыс жасауда. 2012 жылғы қарашада мұндай КҚО-лар Зырян және Серебрянскте ашылды. Наурыз бен сәуір айларында Риддер мен Курчатовта да ашуды жоспарлап отырмыз. Мобильдік жылжымалы КҚО да жұмыс істейді. Бұл мастер-класс немесе кеңес беру өткізу үшін ауылдық, аудандық әкімдіктерді,кәсіпорын, ЖОО, колледждерді шақыра алатын автобус», – деді ол.