«Біз тарифтердің шарықтауы аймақтық бизнесті толғандырып отырған өткір мәселелердің бірі деген пікірге келіп отырмыз», - деді Ошақбаев.
Оның айтуынша, ыстық су мен электр энергиясы 2012 жылы 10%-ға, ал Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің тарифі 8%-ға қымбаттаған.
«Шағын бизнес тарифтердің қымбаттауына ғана емес, бұл қызмет түрлерінің қолжетімділігіне де жиі шағымданады. Осыған байланысты біз тариф белгілеу мәселесін «Атамекеннің» басым бағыттарының біріне айналдыру керек деген шешім қабылдадық», - деп толықтырды ол.
Ұлттық палата төрағасының орынбасары өткен жылдың қараша айында тарифтерді белгілеу мәселелері бойынша сарапшылар кеңесінің құрылғанын еске сала отырып, оған Агенттікті атсалысуға шақырды.