«Экологиялық шараларға халықты кеңінен тарту мақсатында мұндай шараларды көптеп ұйымдастыру ойда бар. Көктемде елімізде Жер күні мен Қоршаған ортаны қорғау күніне орай орман отырғызу акциясы өтіп, оған 226 мыңнан астам адам қатысты», - дейді министр.
Ол атап өткендей, «еліміздің қалалары мен ауылды аймақтарында 662 мың ағаш отырғызылды».
Министрдің айтуынша, халықты экологиялық ағарту және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар проблемаларына қоғам назарын аудару мақсаттарында еліміздің барлық табиғатты қорғау ұйымдары 23 наурыз бен 5 маусым аралығында «саябақтар маршы - 2014» акциясын өткізді.
Индира Кауметова