Қазақстан транзиттік әлеуетін жүзеге асыруда геостратегиялық орналасуын пайдаланады

Қазақстан транзиттік әлеуеттін жүзеге асыруда геостратегиялық орналасуын пайдаланады, деп ОКҚ брифингте ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақан Бижанов мәлім етті.
Нұр-Сұлтан04 Маусым , 16:41

«Біз батыс пен шығыс арасындағы геостратегиялық орналасуымызды еліміздің транзиттік әлеуетін жүзеге асыру барысында пайдалана аламыз. Экономикалық тұрғыда оның әлеуеті  миллиардтаған АҚШ долларына бағалануда.  Ал, Қазақстанның инвестициялық тартымыдылығы жаңа серпін алады», - деді А. Бижанов.

Сарапшылардың бағалауынша, үш мелекеттің қаржы жүйесін біріктіруі олардың ұлттық қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттырады және экономикаға әсер етеді.

«Бұл жаңа нарықтардың жоғары қарқынмен дамуының және әлемдік экономикалық дағдарыста тұрақты болуының салдары», - деп депутат атап өтті.

Сонымен қатар, сенатор экономиканы әртараптандыру мәселелерінде тілге тиек етті.

«Белоруссия мен Ресейдің машинақұрылысы және экономиканың ғылымды қажетсінетін өндіріс салаларында артықшылықтары басым. Осы ретте белоруссиялық және ресейлік кәсіпорындармен байланыс орнату экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді. Болжанып отырған өндіріс кооперациясы біздің шағын және орта бизнестің алдында үлкен мүмкіндіктерді ашады», - деп А. Бижанов ағынан жарылды.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика