Дүниежүзілік банк «жасыл» экономикаға өту бойынша қазақстандық тәжірибені зерттейді

Бүгін Қазақстандағы энерготиімділікті қаржыландыру мен іске асыру механизмдері туралы конференцияда Орта Азия бойынша Дүниежүзілік банктің өңірлік директоры Сародж Кумар Джа «жасыл» экономикаға өту бойынша қазақстандық тәжірибені банктің зерттеуге дайын екенін айтты.
Нұр-Сұлтан04 Маусым , 13:24

«Біз Қазақстанды «жасыл» экономикаға өту саласындағы әлемдік көшбасшы мемлекет ретінде қарастырамыз. Бұл тұрғыда энерготиімділіктің маңызы зор. Дүниежүзілік банк қазақстандық тәжірибені зерттеп оны Орта Азия мен Еуропаның және әлем бойынша 180 елде қолдануға дайын», - дейді Сародж Кумар Джа.

Оның айтуынша, қазіргі таңда климаттың өзгеруімен туындап отырған жаһандық мәселелердің бірі энергия үнемдеу болып табылады. Түрлі бағдарламалардың арқасында аталмыш сала ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде ғана емес, сонымен қатар Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің барлық ұлттық бағдарламаларда кеңінен қолдау тапты.

«Бағдарлама аясында сіздердің атқарып отырған «жасыл» экономиканы дамыту бағытындағы жұмыстарыңыз энергоүнемдеді бірінші кезекке шығарады. Біз Еуропадағы жобалар портфолиомызға қарасақ, энерго өндіру, тасымалдауға көп көңіл бөлініп, оны үнемдеу жағы назардан тыс қалып қоюда. Өз экономикасын бәсекелестікке сүйреп келе жатқан Қазақстанда энерготиімділіктің алар орны айрықша», - дейі Сародж Кумар Джа.

Оның айтуынша, бұл Қазақстанның отандық өнімге басымдылық беріп, Еуразиялық экономикалық одақта барынша бәсекеге қабілетті болуға жол ашады.

«Қуат үнемділігін бірінші кезекке қою кезек күттірмейтін мәселе. Менің пікірімше, Еуразиялық экономикалық одақта энергоүнемдеуді жетілдіру жайы алда әлі де талқылана бермек», - дейді. 




Яндекс.Метрика