Өңірлік интеграция жаһандық қатерге қарсы тұрудың маңызды факторына айналуда

ХХІ ғасырда өңірлік интеграция түрлі жаһандық тәуекелдерге қарсы тұруда маңызды фактор болатыны айдан анық, деп Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіптік комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан15 Мамыр , 14:33

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы 2014 жылы 28 сәуірде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті қабырғасында Еуразиялық одақ құру идеясын көтеріп, болашақта еуразиялық интеграцияға қол жететіндігіне сенім білдірді.Қазақстан Президенті осыдан 20 жыл бұрынғыдай Мәскеу мемлекеттік университетіне келіп, Еуразиялық экономикалық интеграция туралы лекция оқу үшін Мәскеуге арнайы келген болатын.Тек бұл кездесудің осыдан 20 жыл бұрынғы кездесуден бір ғана айырмашылығы бар. Алғашқы келгенінде ол негізі экономика болатын Еуразиялық жобаны құру идеясы туралы айтқан болса, ал бұл жолы Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шартқа қол қою алдында бұл одақтың қандай болуы тиіс екендігіне тоқталды», - деді Бақытбай Қасымбеков.

Ол сондай-ақ, Мемлекет басшысы әлем әлі де толықтай айыға қоймаған жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс планетаның түрлі ареалдарының өңірлену үдерісін жеделдеткендігін атап өткендігін айтты.

«ХХІ ғасырда өңірлік интеграция түрлі жаһандық тәуекелдерге қарсы тұруда маңызды фактор болатыны айдан анық.Қазір, жалпыға ортақ жаһандану жағдайында, бұл – мемлекеттердің экономикалық және өркениетті дамуындағы, олардың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы түбегейлі мәселе», - деді ол. 




Яндекс.Метрика