Қазақстандық өнім ресейлік нарыққа шығу үшін жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде РФ Алтай өңірі халықаралық жән өңіраралық байланысты құру басқармасы басшысының орынбасары Андрей Коняев қазақстанық өнімнің Ресей нарығына шығуға дайын екенін айтты.
Нұр-Сұлтан17 Сәуір , 16:30

«Мемлекеттік сатып алу дегеніңіз бәрінен бұрын сауда жүйесі. Бұл тұрғыдан кім сапалы қызмет көрсететін болса, соның ұтатыны белгілі. Сол себепті ресейлік заңнаманың бұл салаға қояр талабы жоғары», - дейді А.Коняев.

Оның айтуынша, қазақстанық өнімнің Ресей нарығына шығу үшін жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті.

«Егер қазақстандық өнім сапалы болып, бәсекеге төтеп бере алса, соның ішінде ресейлік нарықта сұранысқа ие болса, тиісінше қазақстандық кәсіпкерлер бәсекелестік процедураларына төтеп бере алса, әрине, ешбір бұрмалаусыз байқау жүргізіледі», - дейді.

А.Коняевтың айтуынша, интеграция экономикалық қатынастардың дамуына жол ашады.

«Оның үстінде Еуразиялық кеңеск жаңа интеграцияға жақындастыратын бірыңғай экономикалық аймақта өмір сүріп отырғанымызды түсініп отырмыз. Сол себепті біз мемлекеттік және муниципиалды тапсырыс байқауларына қатысуға қазақстандық кәсіпкерлерге мүмкіндік береді», - дейді ол. 




Яндекс.Метрика