«Әлемдік қауымдастық Қазақстанға қызығушылық танытып, энергетиканың әлемдік көшбасшылары саммитінің өткізілуі ҚР-ның энергетиканың қоршаған ортаға деген әсерін азайтып, жасыл экономикаға өтуінің дұрыстығын бағалауына мүмкіндік береді», - дейді А.Сәтқалиев.
Оның айтуынша, саммит Дүниежүзілік энергетикалық кеңес тарапынан ұйымдастырылмақ. Оған сыни көзбен қарайтын елдерде үздіксіз диалог құру үшін халықаралық энергетикалық қауымдастық қатысады.
Алдыңғы Астана Саммиті VII Астана экономикалық форумы мен II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференциясы аясында өткізілмек.