ТМД елдерінің ешбірі ҚР секілді ұзақмерзімді және нақты даму жоспарын құрмаған

ТМД елдерінің ешбірі ҚР секілді ұзақмерзімді және нақты даму жоспарын құрмаған, дейді Герман сыртқы саясат қауымдастығы жанындағы Бертольд Бейтс атындағы қордың жетекшісі Эвальд Бельке ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы туралы пікірімен бөлісе отырып.
Әлемде31 Наурыз , 17:00

«Мені ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы өте қатты қуантты. Ол Қазақстанның 2050 Стратегиясы аясында алдағы уақыттағы даму бағытын нақты айқындайтын бірден бір құжат. Менің пікірімше, ТМД елдерінің ешбірі ҚР секілді ұзақмерзімді және нақты даму жоспарын құрмаған», - дейді Э.Бельке.

Оның айтуынша, аталмыш басымдылықтардың нәтижесі ретінде Қазақстан экономикасындағы дәстүрлі секторлардағы өңдеуші өнеркәсіптікті дамытуға деген мүдде оның дамуына үлкен күш пен әлеует қоспақ.  

«Қазақстан Президенті Жолдауы алға қойған мақсаттарға жету үшін біздің екіжақты әріптестігімізді қалыптастыруда үлкен бастамалар мен қуатты негіздерге мұрындық болмақ», - дейді Э.Бельке.




Яндекс.Метрика