«ЭКСПО-2017- тұрақты даму үшін қуат» конференциясында «жасыл» инновациялар халықаралық конкурсы ұйымдастырылады - С. Рақымбекова

Елордада VII Астана экономикалық форумы өтпек және осы жиын аясында екінші Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік конференция ұйымдастырылатын болады. Астанада өтетін VII Астана экономикалық форумында Елбасы ұсынған «Жасыл көпір» жобасы ұсынылады. Шара барысында «ЭКСПО-2017- тұрақты даму үшін қуат» атты Конференция да ұйымдастырылмақ. «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ Басқарма Төрайымы Салтанат Рақымбековамен Strategy2050. Kz АА берген сұхбатында айтты.
Нұр-Сұлтан11 Наурыз , 17:01

- Мемлекеттік шешімдер бойынша «Жасыл экономиканы» жүзеге асыру үшін не істеу қажет?

- «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ «жасыл» экономика мен әлеуметтік инновациялар бойынша келісілген ұлттық қоғамдық үкіметтік емес ұйым болып табылады. Ең қызығы, бұл әлемдегі «жасыл» экономика бойынша өзін-өзі қаржыландыратын жалғыз қоғамдық бірлестік. Коалицияның басты міндеті: «жасыл» өсім қағидаларын енгізуге көмек көрсету үшін, экожүйелік тәсіл негізінде территорияның кешенді дамуы мен «жасыл» инновациялық инфрақұрылым үшін, «жасыл» экономикаға өту үшін құқықтық және институционалдық негіз құру үшін  ҮЕҰ, бизнес, ғылым мен билік күштерін шоғырландыру.

- Сіздің Тұжырымдаманың бұл үрдісте рөлі қандай және осы сынды ұйымдар өзге елде бар ма?

 Қазіргі таңда біздің ұйым Болашақ Қоғамын жобалауға бағытталған, «халықтық құрылыс» ретінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуді, «Жасыл Көпір» Серіктестік Бағдарламасын жүзеге асыруды, G-Global ақпараттық-коммуникативті алаңын, Қазақстанның «жасыл» экономикаға өту Тұжырымдамасын және президенттің басқа да бастамаларын жан-жақты қолдау мақсатында түрлі ұсыныстар әзірлеуде. Айта кетейін, лас технологиялар субсидияларын «жасыл» субсидияларға, экожүйелерді қалпына келтіруді қаржыландыру бойынша келісімдерге, концессияларға алмастыру, пайдаға салынатын салықты қоршаған ортаға салынатын салыққа өзгерту, мемлекеттік және үкіметаралық ұйымдарды «жасыл» экономика саласындағы сатып алуларға алмастыру, жергілікті экологиялық ақша саналатын «жасыл» банкинг және т.б. Оның нәтижесінде  өнім, су, ауа, топырақ сапасының артатыны сөзсіз.

- VII Астана Экономикалық Форумы аясында өтетін  конференцияға дайындық қай деңгейде?

-   «Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық Клубы» Қауымдастығымен  келісімге сәйкес, Коалиция «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып, биылғы VII Астана Экономикалық Форумы аясында «ЭКСПО-2017- тұрақты даму үшін қуат» атты Конференцияға дайындықты бастады.  Оның міндеті- жұртшылықпен ЭКСПО-2017 көрмесінің мазмұны мен артықшылықтары, сонымен қатар институционалды рөлі жайлы талқылау. Көрменің тақырыбы алғаш рет өте өзекті - қол жетімді және таза энергия саласының даму мәселелері мен келешегіне арналды. Сонымен қатар, Конференция «жасыл» экономика мен «жасыл» технологиялардың қағидаларын қалың қауымға жеткізуді көздейді.  Конференция аясында ЭКСПО-2017 көрмесінде экспозицияланатын «жасыл» инновациялардың  ұлттық және халықаралық байқауы жарияланатын болады.  

Наурыз айынан бастап, Коалиция G-Global алаңында Конференцияға дайындық ретінде,  виртуалды форум мен бейнеконференциялар жүргізеді. Жасыл экономика - бұл экономикалық қатынастар мен технологиялық құрылыстың жаңа парадигмасы. Ол, негізінен, екі бөліктен тұрады: жаңа экономикалық қарым-қатынастар және жаңа «жасыл» технологиялар.




Яндекс.Метрика