«Самұрық-Қазына» МҚ болашақтың экоқаласын салады

2014 жылы «Самұрық-Қазына» мүлік қоры өтпелі экологиялық энерготиімді технологияларды қолданатын әкімшілк – тұрғын үй кешенінің құрылысын бастайды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Мүлік қоры» АҚ басқарушы директоры Мұқан Жолдасов айтты.
Нұр-Сұлтан13 Ақпан , 16:09

«Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Самұрық-Қазына» мүлік қоры» ағымдағы жылы тұңғыш рет «жасыл» технологияларды әкімшілік-тұрғын үй кешенінің құрылысы жұмысына көшеді. Ол Астана қаласында экологиялық және энерготиімділік технологияларды қолданылады», - М. Жолдасов.

Мүлік қоры 2013 жылы архитектуралық концепцияны  құрастыру бойынша халықаралық конкурс өткізген болатын. Ол үшін BI Group компаниясымен бірігіп жүзеге асырылған болатын.

М.Жолдасовтың айтуынша, «Жасыл орамның» әлеуетті әзірлеушілеріне «Astana Solar» күн модулі кешені, вакуумды кәріз жүйесі, тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі, су ресурстары басқармасы жүйесі, энергоресурс пен өзге де жүйелерді есептеу және автоматты басқару жүйесінің «жасыл» құрылысы талаптарына жауап беретін алдыңғы қатарлы инженерлік жүйе нысанында қарастыру тапсырмасы берілді.

«AEDAS» (Ұлыбритания) компаниясы халықаралық байқауы жеңімпаздары жобаның архитектуралық тұжырымдамасын дайындады. Аталмыш тұжырымдамаға сай, «Жасыл орам» болашақтың қуаты сипатын иемденетін болады», - деді М.Жолдасов.

Оның айтуынша, «Жасыл орам» инновациялық «жасыл» технология қабылданумен тұрғын үй құрылысын дамыту жұмыстары жылжымайтын мүлік қорында активизациялау қарқынын күшейтпек және де Қазақстандағы тұрақты құрылыстың халықаралық талаптарына бейімделмек.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика