«Қазіргі таңда Ұлттық банк мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасында Исламдық қаржыландыру принциптері негізінде қаржылық лизингті дамыту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуде»,-деп хабарлады Ұлттық банктен.
Заңжобасында исламдық қаржыландыру дамып келе жатқан араб елдерінен қосымша инвестиция тарту; қаржылық лизинг мәселесін реттейтін заңнамаларды жетілдіру және дамыту; жалға алу саласына қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындау; лизингтік операцияларға салық салу тәртібін реттеу сияқты мәселелер қарастырылады.