ЭКСПО-2017 барлық өңірдегі «жасыл» экономиканың қозғаушы күшіне айналады

ЭКСПО-2017 Дүниежүзілік көрмесінің өткізілуі «жасыл» экономиканың барлық өңірлеріндегі қозғаушы күшіне айналады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан04 Ақпан , 16:16

«Біз мамыр айында ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысын бастайтын боламыз. Сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық стратегия елдің ішінде де де, шекарадан тыс та ұйымдастырылып жатыр. Біз ЭКСПО кезінде қатысушылардың санын көбейту үшін үгіт-насихат жұмысын жүргізуіміз қажет», - деді Нұрлан Қаппаров.

Сондай-ақ, ведомство басшысы атап өткендей, министрлікте ЭКСПО өткеннен кейін нысандардың қолдану сұрағы талқылануда.

«Бізде тың ойлар бар, оларды тиімді қалай қолдануға болады. ЭКСПО-2017 көп салалардың дамуына серпін береді. Бұл өңірлердегі «жасыл» экономиканың дамуына серпін береді. ЭКСПО аясында жаңа экологиялық  таза энегрия түрлері мен жаңармалы энергияның көздері ғана емес, таза көмір, ядролық технологиялар жағдайы да  талқыға түседі. Қазір адамзаттың ойлап тауып жатқаны барлық энергияның түрі қоршаған ортаға зақым келтірмеуі тиіс», - деді Н. Қаппаров.

Сонымен қатар, оның айтуынша, тұтас салалар өзге де көптеген бағыт арқылы дамиды. Бұл тек «жасыл» технологияға ғана қатысты емес, HI-tech технологиясы саласына да қатысты.
«Дүниежүзілік көрмелер өткен кейбір елдерде әлеуметтік-экономикалық, құрылымдық нәтиже жақсылыққа жетпеді. ЭКСПО өтті, қаражаттың бәрі желге ұшты, бар болғаны сол. Ал бізде барлығы алдын ала есептелінген. Өйткені біз көрмеде іске қосқан дүниелерді кейін қолданысқа енгізіп, оның игілігін 2020-2025 жылдарда-ақ көре бастаймыз», - дейді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтарда Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық туралы айтқан еді.

«Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық ретінде жасыл экономика мен болашақтың энергиясын құру және іздестіру бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерттеу мен енгізу орталығын құру керек. Назарбаев Университеті жанындағы мамандар тобы аталмыш жұмысқа кірісулері керек», - деген болатын Н.Назарбаев.

 




Яндекс.Метрика