Қазақстан Нидерландыны Еуропадағы басты серіктестігі ретінде қарастырады

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрі Франс Тиммерманспен мемлекеттер арасындағы екі тараптық қарым-қатынастың даму серпінділігі туралы талқылады.
Нұр-Сұлтан04 Ақпан , 08:50

Үкімет үйінде хабарлағандай, Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Нидерландыны Еуропадағы ең бір маңызды әріптестері ретінде қарастыратынын атап көрсетті. 

«Біз үшін Гаагада ядролық қауіпсіздік бойынша өтетін Саммитке қатысу үшін Мемлекет басшысының алдағы сапары өте маңызды. Қазақстан ядролық қарусыздану және таратпау бойынша идеялардың жолын берік ұстаушы болып табылады. Осы орайда Саммит алаңы аталған бағыттағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының бірінші вице-премьері. 

Кездесуде екі тарап мемлекеттер арасындағы екі тараптық сауда-экономикалық ынтымақтастық жылдан жылға қарқынды дамуда. Нидерланды біздің елімізге салынған инвестиция көлемі бойынша ірі инвестор болып табылады. Сонымен, жақындағы қорытынды бойынша тауар айналымының көлемі шамамен 10 млрд. долларды құрады. Қазақстанда әр түрлі салаларда голландық капиталдың қатысуымен 795 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Қазақстан үшін Нидерланды шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту, жаңа технологиялар трансферті, теңіз көлігі, жаңғырмалы энергия өндірісі, қоршаған ортаны қорғау, бейбітшілік мақсатында ғарышты игеру және денсаулық сақтау саласындағы тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытуда. 

Өз кезегінде, Франс Тиммерманс Нидерланды қазақстандық әріптестермен ынтымақтастығын бағалайтынын және Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруіне жәрдемдесетіні туралы атап өтті. Негізінен, нидерландық тараптың су ресурстарын және жасыл экономика саласындағы басқа да технологияларды басқарудағы тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін атап өтті. Бұл Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қарсаңында өзекті болып табылады. 

Кездесудің қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев Нидерланды делегациясын ағымдағы жылғы мамырда Астанада өтетін II Дүниежүзілік Дағдарысқа қарсы конференцияға шақырды.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика