«Облыстардың алдын ала мәліметтері бойынша 2013 жылы ауыл шаруашылық дақылдарын 21,3 миллион гектар алқапқа орналастыру жоспарланған, шамамен 2012 жылдың деңгейімен бірдей», - делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар, жазғы егіс алқабы 18,5 миллион гектар көлемі деңгейінде болжануда, астық егістері 15,9 миллион гектар алқабында орналасады, оның ішінде бидай - 13,1 миллион гектар.
«Бидай алқабының көлемі 2012 жылға қарағанда 329 мың гектарға немесе 2 пайызға қысқарту күтілуде», - деп көрсетілген таратылған баспасөз хабарламасында.
Оған қоса, күріш егіс алқаптары 6 мың гектарға немесе 7 пайызға азайып, бірақ жүгері егіс алқаптары 5 мың гектарға, астық және басқа да жемшөптік дақылдар 22 мың гектарға арттырылған.
«Майлы дақылдарды 2013 жылы 1,8 миллион гектарға, мақта өсімдігін 148 мың гектарға, көкеніс-бақша дақылдары мен картопты 393 мың гектарға, жемшөптік дақылды 3 миллион гектарға орналастыру қарастырылған», - деп хабарлады ведомство.