Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Украина бизнес өкілдері өзара тиімді келісімдерге қол қойды

Нұр-Сұлтанда «Украина – Қазақстан. Орталық Азия» бизнес форумы өтті. Екі елдің бизнес өкілдері жиналған форумға Қазақстан мен Украинаның аймақтық мемлекеттік органдары, депутаттары, бизнес-қауымдастық өкілдері, инвестициялық компаниялар, қаржы институттары, несиелік ұйымдары қатысты.
Нұр-Сұлтан05 Қыркүйек , 12:42

Жиын барысында Украинадан Қазақстанға және басқа да Азия елдеріне және қарама-қарсы бағытта тауарларды жеткізу үшін көліктік-логистикалық инфрақұрылымды оңтайландыру, прогрессивті технологияларды, IT жобаларды, инновацияларды және инвестицияларды тарту,Қазақстан мен Украинаның бизнес өкілдері үшін өзара тиімді келісімдер жасасу, сонымен қатар проблемалық мәселелерді талқыланды.

«Өнеркәсіптік тауарлар мен технологиялар», «Ауыл шаруашылығы, тамақ өнімдері», «IT технологиялары, инновациялар және қызметтер» салалық секцияларын өтті.

Украинаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Иван Кулеба форум екіжақты ынтымақьтастықты одан әрі жалғастыруға мүмкіндік беретініне сенім артты.

 «Бұл жиынға екі жақтан жұмыс істеуге деген қызығушылығы жоғары бизнес өкілдерінің жиналғанын қаладық. Елдер арасында экономикалық қатынасымызды одан әрі дамыту үшін бизнесті тарту керек. Бұл екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтады. Украина транзитіне шектеу қойылғанға дейін Қазақстан мен Украина арасында сауда айналымы 4,6 млрд доллар болды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Украина мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 4,5 есе қысқарып, 1 млрд доллар болып қалды», - деді ол.

Сондай-ақ, елші  бұл  проблеманың орнын толтыру үшін осындай жиын ұйымдастырып, жаңа старт беру шешілген.

«Қазақстанда инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасалған. Бүгінде украиналық тауарларды Ресей арқылы Қазақстанға және Азияның басқа елдеріне жеткізу транзитін оңтайландыруды реттеу керек. Біз іс жүзінде украиналық компанияларға көмектесіп, бизнесін жүргізуге қолдау білдіргіміз келеді. Себебі, қазір Қазақстан мен Украина үшін бизнесті дамыту – тұрғындарды әлеуметтік-экономикалық қолдау, мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысы, елдегі инфрақұрылым. Сондықтан бізден қорықпай, кез келген мәселе бойынша бізге жүгінуге болады. Елшілік жергілікті билік өкілдерімен кәсіпкерлерге бизнесін дамытуға қолдау көрсетуге әрқашан дайын», - деді ол.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты, ҚХА кәсіпкерлер палатасының төрағасы Юрий Тимощенко Қазақстан мен Украинаны  көп жылдар бойы достастық қарым-қатынас бірктіріп отырғанын жеткізді.

«Тәуелсіздік жылдарынан бері екі ел арасында көптеген салада ынтымақтастық орнатылды. Қазақстан мен Украинаны әу бастан бауырластық, достастық қарым-қатынасы байланыстырады. Екі жақтың ынтымақтастығы ашықтық пен өзара бірлік, достастық қарым-қатынаста. Қазақстандықтар украиналықтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктеріне әркез қуанышытымыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірлескен жобаларды бірлесіп жүзеге асыру қарым-қатынасты тереңдете түсетінін атап өткен болатын», - деді Ю.Тимощенко.

Сондай-ақ, ол ҚХА-ның басты қызметі этникаралық тұрақтылықты сақтау мен дамыту екенін атап өтті.

«Қазіргі заман талабы бойынша үнемі даму мен ізденісте болғандар ғана тұрақтылыққа қол жеткізеді. Қоғамның өмір сүру тәртібін мобильдеу  арқылы дамуға болады. Оның ішінде, әлеуметтік мобильдену аса үлкен маңызға ие. Халықтың әл-ауқатын индустриалды-инновациялық дамуға тарту арқылы жақсартуға болады», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін форумның қорытынды күні, осыған дейін екі елдің делегаты қаланың кәсіпорындарын аралап, Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Бизнес-форум қорытындысы бойынша бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика