ҚР Президентінің Жолдауы

Зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа қолдану дұрыс шешім – Н.Годунова

Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова Мемлекет басшысының зейнетақы жинағын баспана алу және білім алуға қолдануға болатыны туралы Жолдауда айтылған шешімін қолдады.
Нұр-Сұлтан04 Қыркүйек , 10:01

«Қоғамға қажет дүниелердің бірін Президенттің өзінен естідік. Меніңше, сараптаманың қорытындысы қоғамға жеткізілетін болады. Мемлекет басшысы сәйкесінше тапсырмаларды берді, енді қорытынды күту ғана қалды», - деді Н.Годунова.

Оның айтуынша, аталған шара бюджетке әсер етпейді.

«Бұл біз бен сіздің болашаққа  әсер етеді. Зейнеткерлердің де өміріне әсері бар. Зейнетақы жинағының белгілі бір бөлігін пәтер алуға немесе білім алуға  шығындау мәселесі қарастырылған болатын. Бұл мәселені шешу тапсырылды. Бұл сараптаманың қорытындысын күтіп, кейін талқылауға болады деп ойлаймын», - деді ол.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа жұмсауды пысықтауды Үкіметке тапсырған болатын.

«Жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды Үкіметке тапсырамын.Шығындарды оңтайландыру және активтерді инвестициялық басқару сапасын жақсарту мақсатымен Үкіметке ортақ әлеуметтік қор құру және бірыңғай әлеуметтік төлем енгізу арқылы әлеуметтік қамсыздандырудың бюджеттен тыс жүйесін жұмылдыру мәселесін пысықтауды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.

 

 

 




Яндекс.Метрика