ҚР Президентінің Жолдауы

Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі

Нұр-Сұлтан02 Қыркүйек , 15:50

"Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады.

Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады.

Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді.

Сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді.

Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Бірақ сарапшылардың пікірінше, қаржылай қолдаудың игілігін жергілікті билікпен байланысы бар шаруашылықтар ғана көріп отыр. 

Шын мәнісінде, жаңа жобалар бойынша компаниялар құрылып, жұмыс орындары ашылуы керек еді.

Бұл «қарапайым заттардың экономикасына» тікелей байланысты.

Бірақ, жергілікті әкімдер ұйымдастыру жұмыстарын талапқа сай орындамаған.

Соның салдарынан салық және зейнетақы төлемдерін арттырып, жергілікті бюджетті нығайтуға жағдай жасалып отырған жоқ.

Осыған орай, Есеп комитетіне және Қаржы министрлігіне қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын.

Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың үлгі боларлық мысалдары жеткілікті. Біз шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауымыз керек", - деді Президент өз Жолдауында.

 




Яндекс.Метрика