ҚР Президентінің Жолдауы

Президент Жолдауы - Үкіметтің негізгі жоспары - Е.Қарин

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікірін білдірді.
Нұр-Сұлтан02 Қыркүйек , 13:55

“Әлеуметтік желілердегі пікірлерге қарап Президенттің саяси бәсекелестікті дамыту мен көппартиялықты дамыту тезистері қолдауға ие болғанын көруге болады. Меніңше, Президент  бүгін “реформаларға қатысты реформаның”” болмауы туралы өз ұстанымын анық көрсетті. Біз саяси реформаларды ойластырып жүзеге асыруымыз керек. Бұл қазіргі жағдайды айқындап тұрғандай. Маған саяси кеңесші ретінд қоғамдық диалогты, азаматтық диалогты дамыту мәселесі маңызды болды”, - деді Ерлан Қарин.

Сонымен қатар, Президент кеңесшісі Президент тарапынан шағын және орта бизнеске көрсетіліп отырған қолдауды да атап өтті. 

“Президент Үкіметке микро және шағын бизнесті салықтан босату  бойынша заңнамалық негізді дайындауд тапсырды. Бұл кәсіпкерлікті дамытуға арналған жақсы стимул деп ойлаймын. Жолдау айқындалған, халықты әлеуметтік қолдау бойынша бастамалар мен тапсырмалар, шаралар өте көп.Екінші тараптан, Президент кәсіпкерлікті қолдау қажеттлігі туралы айтты, ол азаматтардың экономикалық бастамасын ынталандырады. Жолдауда Үкіметке нақты әрі негізгі тапсырмалар жүктелді. Президент Жолдауы  - Үкіметтің негізгі жоспары деп ойлаймын. Үкімет президент тапсырмаларын жүзеге асыру бойынш жалпыұлттық жопар қабылдайды деп ойлаймын. Бұл жоспар бір-екі күнді алуы мүмкін. Жоспар кешенді әрі Үкімет қабылдайтын барлық шаралар енген жинақ болуы керек”, - еді ол. 

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жасады. 

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика