Басқару

Мемлекет басшысы Волонтер жылын жариялау туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылын жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан27 Тамыз , 17:28

Волонтерлікті дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 




Яндекс.Метрика