Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Ақмола және Түркістан облыстарындағы 200-ден астам шалғай ауылдық елді мекенге сапалы интернет жеткізу үшін 3 мың километр талшықты-оптикалық байланыс желілері жүргізілген.
Енді жыл соңына дейін 685 ауылда орналасқан 2000-нан астам мемлекеттік орган, аурухана, мектеп, балабақша скілді бюджеттік мекемелер жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарланып отыр. "ҚР ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету" жобасы – "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатыр.
«Әрине, бұл жоба біздің еліміз үшін өте маңызды. Себебі Қазақстан халқын сапалы Интернетпен қамтамасыз еткен соң, цифрландырудың жоғары деңгейіне көше алуға мүмкіндік туады. Аталмыш шаралар ауыл оқушыларына түрлі бағдарламалар бойынша онлайн режимде білімін жетілдіруге, дәрігерлерге телемедицина элементтерін өз тәжірбелерінде қолдануына жол ашады. Ал ауыл тұрғындары «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді үйлерінде отырып алу секілді басқа да көптеген цфирландыру жетістіктеріне қол жеткізеді», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко.
Осы мақсатты жүзеге асур үшін "Қазақтелеком" АҚ және "Транстелеком" АҚ және "SilkNetCom" ЖШС құрамындағы консорциум өкілдері ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігімен "Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету" жобасы бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шартына 2018 жылдың қазан айында қол қойған. Ал желілердің жалпы ұзындығы 20 мыңнан астам шақырымды құрап, оны жүзеге асыру нәтижесінде 1250 ауылда 3 718 мемлекеттік органдар мен (ауруханалар, мектептер, авариялық қызметтер, жергілікті атқарушы органдар, қорғаныс объектілері және құқық қорғау органдары жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 56 атом бірлігі массасында орналасқан 177 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекемелерге байланыс қызметтеріне қосылды.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қабылдар сәтте Елбасы цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуде аталмыш кешенді шара ең маңызды міндеттердің біріегейі деп атап өткен еді.
Елімізде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларда цифрлы қызмет көрсетуді дамыту, дәстүрлі салаларға жаңа серпін беру мақатында қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгеруде.
Қазақстанда 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру шаралары – ұлттық экономиканы цифрландыру, халықтың өмір сапасын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде іске асып жатыр. Сондай-ақ тұрғындардың 95 пайызын цифрлы xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру шараларын жүзеге асыру кезінде биылдың өзінде жыл соңына дейін елімізде 244 радиотелевизиялық станса іске қосылады.
Айдана Абдрахманова