Басқару

Тоқаев: «Нұр Отан» партиясы азаматтар үшін ашық әрі қол жетімді болуы тиіс

Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан26 Шілде , 16:27

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Nur Otan» партиясының қазіргі жағдайы, мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастық тетіктерін жандандыру және Президент Әкімшілігімен бірлескен жұмыстарды қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді.

Бауыржан Байбек өңірлерге жасаған сапарларының қорытындылары, бастауыш партия ұйымдарымен жұмыс және партия қатарын тазарту үдерісі туралы баяндады. Сонымен қатар, ол демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы жұмысының тоқтағаны және партияның Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына институционалды қатысу жоспары жөнінде хабарлады.

Қазақстан Президенті партия мен халық арасындағы байланысты күшейтудің маңыздылығын айтты. Мемлекет басшысы партия мүшелерін ел өміріне белсенді атсалысуға және халыққа жақын болуға шақырды.

«Партия азаматтар үшін ашық әрі қол жетімді болуы, халықтың мүддесін тиімді қорғауы тиіс. Партияның қоғамдық қабылдаулары Президенттің виртуалды қабылдауымен тығыз байланыста болып, тұрғындардың мәселелерін шешудің шынайы тетігіне айналуы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі  Қазақстан Президентіне 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновке қаладағы салынып жатқан құрылыс нысандарының қарқынын күшейту, қолжетімді баспана салу, инвестиция тарту ісін жандандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тұрмысын жақсарту үшін бірқатар тапсырма берді.




Яндекс.Метрика