Азия даму банкінің қолдауы шеңберінде «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған «Ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» тегін шеберлік сабағын өткізу кезегі 11-12 шілде аралығында Ақмола облысына келді.
Іс-шараның басты мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және әр өңірдегі, ауылдағы қыз-келіншектердің экономикалық әлеуетін дамыту.
Семинар шеңберінде ауыл әйелдері халықаралық ұйымдар, даму институттарының өкілдері және әлеуетті инвесторлармен В2В форматындағы кездесулер мен оқу семинарларында кездесе алады.
Талқылау мен пікір алмасудың негізгі тақырыптары: ауылдағы әйелдердің әлеуметтік мәселелерін шешу, шағын және орта бизнесті қаржылай және қаржылай емес қолдау құралдары, бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, ауылда бизнес-бастаманы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін халықаралық ұйымдардың гранттық бағдарламалары болмақ.
Қатысушыларды бизнес негіздері және қаржыландыруға қолжетімділік: бастапқы капиталды қайдан табуға болады, банктен грант немесе несиені қалай алуға болады, жеке кәсіпті дамытып, өткізу нарықтарын жолға қоюға болатыны жайында пайдалы тренингтер күтеді.
Қатысушыларға бизнес-жоспар құру; әлеуетті клинеттерді табу; жарнама құру және бизнесті интернет арқылы ілгерілету жолдары үйретіледі.
Курс бағдарламасына екінші деңгейлі банктер және микро қаржы ұйымдары – Азия даму институты/ Даму бағдарламасына қатысушыларының таныстырылымдары енген. Сонымен қатар қаржылық есептілікті қалыптастыру және жүргізу, бизнесті бастауға қажетті заңгерлік мәселелерді түсіну, қолжетімді несиелерді алуға құжаттарды дұрыс жинақтау және ұсыну жолдарына басымдық жасалмақ.
Семинарларға жұмыс істеп жатқан және ауыл-аймақта тіркелген кәсіпкер әйелдер, сонымен қатар «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде оқудан өткен, түрлі себептермен қаржыландыру алмаған жеке тұлғалар (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) қатыса алады.
Азия даму банкінің техникалық қолдауымен «Өңірлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» тақырыбындағы семинарларды 2019 жылы өткізу кетесі
№ |
Өңір Region |
Өтетін күні, айы Date of the event |
1. |
Ақмола облысы Akmola region |
11-12.07 |
2. |
СҚО North Kazakhstan region |
16-17.07 |
3. |
Павлодар облысы Pavlodar region |
19-20.07 |
4. |
Атырау облысы Atyrau region |
1-2.08 |
5. |
Ақтөбе облысы Aktobe region |
5-6.08
|
6. |
БҚО West Kazakhstan region |
8-9.08 |
7. |
Қарағанды облысы Karaganda region |
15-16.08 |
8. |
Қостанай облысы Kostanai region |
12-13.09 |
9. |
Қызылорда облысы Kyzylorda region |
31.10-1.11. |
Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.