Жылжымайтын мүлік нарығы сарапшыларының айтуы бойынша аталмыш бағдарлама бүгінгі таңда Қазақстанда жылдық 7%-бен, 20%-дан басталатын бастапқы жарнасымен және 25 жылдық мерзімімен берілетін ең таңдаулы ипотека. Оны мынадай банктер береді: Сбербанк, Банк Центркредит, Халық банк, Еуразиялық банк, АТФ банк, Jysan банк, Банк РБК, ForteBank.
«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы барша халықты қолдау үшін, олардың тап қазір эконом-кластағы меншікті жылжымайтын мүліктің иесі болуы үшін әзірленді.
«7-20-25» бағдарламасының ең белсенді қатысушылары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары. Оларға барлық қарыздардың 51% тиесілі. Қалған бөлігі Қазақстанның жаңа құрылыс салынатын басқа ірі қалаларын қамтиды. Ипотека бойынша 1 және 2 бөлмелі, жалпы алаңы 50-60 ш.м. құрайтын пәтерлерге сұраныс өте көп.
Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.