Халықаралық интеграция

Бір жол, бір белдеу: Ынтымақтастықты дамытудың берік кепілі

Осыдан 6 жыл бұрын Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Назарбаев университетінде арнайы дәріс оқып, Еуразия құрлығында орналасқан мемлекеттер экономикалық қарым-қатынасты дамыту мақсатында әріптестіктің жаңа модельдерін қолдануы қажеттігін, ал оған Ұлы Жібек жолы бойының экономикалық негізін жасау арқылы қол жеткізуге болатынын айтқан болатын. Бұл бастаманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірден қолдап, бағдарламаның «Нұрлы жол» бағдарламасымен түйіндес екенін айтты. Бүгін Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумының қорытындылары талқыланды.
Нұр-Сұлтан28 Мамыр , 18:51

ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы  Тимур Шаймерденов «Бір жол,бір белдеу» экономика, ақпарат және саясат салаларында   танымалдылыққа ие болып жатқанын атап өтті.

«Сәуір айында Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» екінші экономикалық  ынтымақтастық форумы өтті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын. Бұл шараға Тұңғыш Президенттің қатысуы ерекше саяси әрі экономикалық мәнге ие. Себебі, біздің елдің заманауи жаһандануға деген өзіндік көзқарасы бар. Елбасы ынтымақтастықты қалай жоспарлау қажеттігі бойынша бірқатар ұсыныстар сынған болатын», - деді Т.Шаймерденов.

Ол атап өткендей, Тұңғыш Президент жаһандану бүгінде үлкен  сұранысқа ие екенін айтты.

« «Бір белдеу, бір жолдың»  6 жылдық даму жолы елдер ештеңеге қарамастан ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін көрсетті. Өзара қарым-қатынаста үлкен қызығушылық бар екені мәлім. Бүгінгі таңда әрекеттегі барлық сауда кедергілеріне қарамастан Шығыс пен Батыс арасындағы сауда 5 трлн долларға жетті. Ол әлемдік сауданың үштен бір бөлігін құрап отыр. Көлік ағындары артып жатыр. Егер  6 жыл бұрын Қазақстанның шекарасынан аптасынан бір тауарлық пойыз жүрсе, қазір көлік дәлізі арқылы біздің шекарадан  күніне 6-7 пойыз өтеді. Өсу қарқыны  айтарлықтай жоғары», - деді Т.Шаймерденов.

Сондай-ақ, ол осы жылдар ішінде Қазақстан көліктік құрамын жақсартқанын жеткізді.

«2500 шақырым темір жол мен  12 мың автомагистраль жаңғыртылды. Осының нәтижесінде сауда ағыны артып жатыр. Біздің ел арқылы 70 пайызға дейін құрлықтағы жүк тасымалы жүзеге асырылады. Нәтижесінде, бастамаға қатысушы елдердің қатары жыл санап артып жатыр. Алғашқы жылдары сенімсіздік болса, қазір бастамаға  120-дан астам ел қатысуда», - деді Т.Шаймерденов.

Өз кезегінде ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джан Сяо  форум аясында өткізілген  Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев  ҚХР Төрағасы  Си Цзиньпин екі елдің ынтымақтастығын жан-жақты талқылағандарын атап өтті.

«Қазақстан 2012 жылы «Бір белдеу, бір жол» бастамасын қолдаған алғашқы елдердің бірі. Бұл бастама жарияланған соң, екі елдің басшылары бастаманың «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатына түйіндес  екенін анықтады.  Түйіндесу аясында 27 млрд доллар сомасында  55 индустриалдық және инвестициялық жобаны  әзірлейді. Бүгінгі таңда ол жобалар сәтті жүзеге асырылып жатыр. 9 жоба өткен жылы жүзеге асырылды. Биыл тағы  8 жоба аяқталады», - деді Д.Сяо.

Елші атағандай, жобалар екі елдің халқына айтарлықтай өз үлесін қосып жатыр.

«Алғашында адамдар бұл бастамаға аса сеніңкіремей қараған болатын. Уақыт өте келе бастама туралы халықаралық қауымдастық  кеңінен ақпарат алды. Өте үлкен өзгерістер орын алды. Қазір аталмыш бастаманы көптеген елдер қолдап жатыр. Оған дәлел Қытай Үкіметімен 100-ден астам ел келісім орнатты», - деді ол.

Елші атап өткендей, «Бір белдеу, бір жол» жобасы дамудың жаңа деңгейіне шықты.

«Қытай форумнан кейін одан әрі ашыла түсті. Енді импортты көбейтетін болады. Тауарларға салынатын  кедендік баж салықтарын азайту бойынша жұмысты күшейтеді. Тарифтік емес кедергілерді жою бойынша  жұмыстарды жалғастыратын болады», - деді ол.

Ал,  G-Global Халықаралық хатшылығының басшысы Мұрат Қарымсақов Қазақстан теңізге шығысы жоқ 57 елдің бірі екенін атап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.

«Бүгінде  тауар айналымының  94 пайызы теңіз арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан үшін «Нұрлы жол» мен «Бір белдеу, бір жол» жобасымен  түйіндесуі геосаяси мәнге ие. Бұл тақырыпты талқылау  да өте маңызды. Астана экономикалық форум сондай алаңдардың бірі», - деді М.Қарымсақов.

2019 жылдың 26-сәуірінде  «Бір жол, бір белдеу» екінші халықаралық ынтымақтастық форумының ашылу рәсімінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасы географиялық жағынан орналасуға және даму үдерісіндегі теңсіздіктерге қатысты сын-тегеуріндерді еңсере алатынын айтқан болатын.  

«Еуразия қайтадан біртұтас кеңістікке айналуда. Біздің құрлықтың әртүрлі және қашықтықта орналасқан өңірлері екі мың жыл бұрынғыдай бір желіге бірікті. Біз қысқа мерзім ішінде күрделі табиғи жер бедерлерін және геосаяси қарама-қайшылықтарды айналып өткен экономикалық дәліздер құрдық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Аягөз Құрмаш 

 




Яндекс.Метрика