«Жаһандану жағдайында тұтынушылық көзқарастар ұлттық көлемде емес, халықаралық нарық деңгейінде қалыптасатынын түсінуіміз керек. Қандай да бір тамаша әзірлеме болмасын, егер ол тек ішқі нарыққа ғана бейімделетін болса, оның болашағы күңгірт тартады. Сондықтан да «өз қазанында ғана қайнамай», осы бағытты табысты жұмыс істеп жүрген трансұлттық серіктестерді іздеп табу керек», - деді А. Перуашев.
«Біз қорықпай, алға қарай жүріп, жұмыс істеуіміз керек. 20 жыл бұрын бар әлем Қытай заттардың көшірмесін жасағанда күлген еді, ал бүгінде олардың өндірмейтін дүниесі жоқ », - деп атап өтті спикер.
Оның үстіне, Президент қаржы бөліп, қажетті инфрақұрылымды жасап, тиісті саяси және әкімшілік көмек көрсетіп отыр, деді ол.