Режеп Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.
Әңгімелесу барысында екі ел басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыру және ынтымақтастықты дамыту ісінде ерекше рөл атқарғанын атап өтті.
Тараптар бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.
Мамука Бахтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, Қазақстанды одан әрі өркендету жолында табыс және зор жетістік тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Мамука Бахтадзеге ризашылық айтып, Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастар екі ел халқының игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысын Армения Республикасының Президенті Армен Саркисян да құттықтады.
Ресми Ереван Қасым-Жомарт Тоқаевтың жауапты қызметіне табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Армен Саркисянға құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның Армениямен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы саяси бағыты өзгермейтінін айтты.
Тараптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы айрықша рөлін атап өтті.
Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға ризашылық айтып, Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығы одан әрі қарқынды дами түсетіне сенім білдірді.
Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.
Оқи отырыңыздар:
Қазақстан мен Орталық Азия ынтымақтастығы қалай дамиды?
ҚР Қорғаныс министрлігі: Әскерилеріміз БҰҰ бітімгершілік операцияларын бақылайды
Қазақстан-Қытай: жастар мәселесіндегі партияаралық ықпалдастық
Мемлекет басшысы Астанадағы «Наполеон. Өмір, Аңыз» көрмесіне барды
Қазақстан әлеуметтік мемлекет пе?
Н.Назарбаев: Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру маңызды
Әлемнің барлық ядросыз аймақтары арасындағы ынтымақтастықты жандандыруымыз қажет – Қ.Әбдірахманов