Облыс басшысы алдымен көп балалы аналар Шілдибаева Злиха, Торбай Насима, Тағалбаева Сәуле және Амиданова Мария атты алтын, күміс құрсақты аналардың үйлеріне арнайы барып, оларды мерекемен құттықтап, сый-сыяпат жасады. «Алтын алқа» мемлекеттік наградасының иегері Сәуле Тағалбаева, «Күміс алқа» иегері Торбай Насима Мемлекет басшысына көпбалалы аналарды қорғау мақсатында қолға алынған жатқан игі істерге дән ризашылығын білдірді.
Одан кейін өңір басшысы «Мұнайшы» мәдениет үйінің алдына келіп, қала, ауыл тұрғындарын береке мен бірліктің мейрамы болып есептелетін Амал мерекесімен құттықтады.
«Мұнайшы» мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы тұрғындарға «Амал келді – Жыл келді» атты мерекелік концерттік бағдарламаны ұсынды.
Жалпы, мерекелік шараға жиналған жаңаөзендіктердің көңіл-күйі көтеріңкі. Қаладағы еңбек ұжымдары арнайы 20 ақ киіз үй тігіп, тұрғындарға қазақ халқының ұлттық дәстүрлі тағамдарын ұсынды, жастар жағы қазақ күресі, дойбы спорттық жарыстарына белсенділік танытып қатысуда, ал, қыздар бен жігіттер ән орындап, алтыбақанды тербетті.
Оқи отырыңыз:
Есептік кездесу: Маңғыстау облысының жылдық қорытындысы мен даму жоспары