ҚР-да ауыл экотуризмін қолдау бойынша «жасыл» технология реестрін енгізу қажет

Заңнаманың жетілдіруіне байланысты «жасыл» көмірқышқылы аз технологиялардың және «жасыл» кәсіпкерлікті қолдау, экологиялық туризм, ауыл экомәдени экотуризмін қолдау бойынша құрылымдарды енгізу қажет.Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Азаматтық альянсының вице-президенті Салтанат Рахымбекова айтты.
Нұр-Сұлтан20 Қаңтар , 13:10

«Бұл Жолдау - нақты бағдарлар мен индикаторлардың компасы іспетті. Ең берісі, әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60 пайыздан астамын өндіріп отырған және 34 елі кіретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің индикаторларына жету мақсаты діттеліп отыр.Біздің қазақстандық жол екі кезеңнен тұрады.», -деп түйіндеді өз сөзін Қазақстанның Азаматтық альясының вице-президенті.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы стартегияның жүзеге асуына байланысты нақты мақсаттар қойған болатын, ол қазақстандықтардың өмір сүру жағдайының жақсаруы мен  халықтық қолдау жасау.

«Бірінші кезеңде, 2014 -2030 жылдар аралығында ХХI ғасырдағы «мүмкіндіктер терезесін» пайдалана отырып, экономиканың дәстүрлі салаларының қарқынды өсуін қамтамасыз ету және қуатты индустриялық сектор құру міндеті қойылcа, екінші кезеңде - 2030- 2050 жылдар аралығында ғылымми қамтымды экономиканың қағидаттары негізінде елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету керек», - деді ол.

 




Яндекс.Метрика