«Қазақстан алдымен бойына күш, қазынасына қаржы жинап, қуатты елге айналуы керек еді. Міне, сол күн де туды!Бұл – біздің қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сәт. Біз оны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырамыз.Мемлекет осындай түбегейлі шараларды қолға алады. «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» деген идея жаңа мағынамен толыға түсуге тиіс», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін 5 әлеуметтік бастамасын жариялады.