Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

«Нұр Отан» Петропавлдағы ТКШ жаңғырту бағдарламасының орындалуын қадағалайды

«Партияның 50 тұлғасы» жобасының қатысушысы, қалалық мәслихат депутаты Сайран Хамзин партиядағы қызметінің көмегімен қаланың тұрғын үйлеріндегі жөндеу жұмыстары мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын қадағалайтын болады, деп хабарлайды «Нұр Отан» партиясының ресми сайты.
Солтүстік Қазақстан08 Қаңтар , 18:30

«Шағымдардың көптеп кеткенінен кейін партия мүшелері тарапынан шағымданушылар мен ПИК төрағалары жөндеу жұмыстарының орындалу барысын көзбен көрді. Тексеріс нәтижесі бойынша партиялық тексеру комиссиясы мүшелері бүгінге дейінгі тұрғындардың шағымына сеп болған келеңсіздіктердің алдын алуға күш салатын болды», - дейді Сайран Хамзин.

Оның айтуынша, тексеріс барысында жөндеу жұмыстарының қарқынының аздығы, сапасызды,ы мен жобалау-сметалау жұмыстарының шалалығы секілді кемшіліктер анықталған.

Сонымен қатар тұрғындардың ескертулерінің ескерілуі үшін аулаларда арнайы тақтайшалар орнатылды.

«Екі жыл ішінде тапсырыс берушілер тарапынан жасалған ереже бұзушылықтардың орнын толтыру тәжірибесі жинақталды. Және де атқарылған жұмысты қабылдап алуда тексеріс күшейтілді. Осы тәжірибені алдағы уақытта мемлекеттік бағдарлама жұмыстарына да қолданатын боламыз», - дейді жобаға қатысушы.




Яндекс.Метрика