Ақша-несие саясаты

2014 жылы қазақстандық банктердегі депозит төлемі өзгермейді

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктік депозиттер бойынша ұсынылатын максималды төлем өзгермейді, деп хабарлайды Қазақстандық депозиттерді гаранттау қорының баспасөз қызметі.
Казахстан08 Қаңтар , 17:26

«Қор банктік депозиттер бойынша ұсынылатын максималды төлем көлемін өзгеріссіз қалдырды. Яғни бұл көрсеткіш жеке тұлғалар үшін теңгемен жылына 9 пайыздық мөлшер, ал шетел валюталарына жылына 4,5 пайыздық өсімді сақтап қалды. Бұл шешім Қордың директорлар кеңесінің ақылдасуымен қабылданды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қор банктерге қаржылық-несиелік саясатқа бағыттары мен нарықтың инвестициялық мүмкіндіктеріне сай банктің депозиттік саясатын дамыту мақсатында жеке тұлғалар депозиті бойынша сыйақы төлемдерін көтермеуді кеңес етеді.

Айта кету керек, қор тарапынан ұсынылған мөлшер маусым сайын және депозиттік нарықтағы конъюктураның оқыс өзгеруі жағдайында қайта қаралуы мүмкін. Осыған орай төлемдер келісімшарт негізінде ғана орнатылады.

«Банктердің депозит бойынша сыйақы төлемдерінен тәуелсіз түрде қор жеке тұлғалардың барлық депозиттерін кепілдендіреді. Соның ішінде жеке кәсіпкерлердің де. Ол үшін банктер депозитті кепілдендіру жүйесіне қатысуы керек», - деп нақтыланған хабарламада.

 

 




Яндекс.Метрика