«Қазіргі кезде кәсіпкерліктің шағын және орта бизнес секторында елордада шамамен 170 адам анықталды. Сонымен қатар 2013 жылдың қорытындысы бойынша, Астанадағы шағын және орта бизнестегі тауар айналымы көлемі 1 трлн теңгеден асты», - деді әкім орынбасары.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада кәсіпкерлерге тегін кеңес беретін, мемлекеттік бағдарламалар жайлы мағлұмат ұсынып, бастауыш кәсіпкерлерге жол көрсететін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды.