Оның айтуынша, орталықта «бір терезе» режимінде қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар орталық базасында форумдар, семинарлар мен өзге де шаралар ұйымдастырылмақ.
«Кәсіпкерлерді оқыту аясында жас кәсіпкерліктер мен «стартап» жобаларға көбірек маңыз берілмек. Бір сөзбен айтқанда елордалық кәсіпкерлер ақысыз түрде барлық қызметтер кешенін пайдалана алады», - деді Қ.Сұлтанбеков.
Сонымен қатар орталықта кәсіпкерлер қаржылық немесе мамандандырылған қызметтерді, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қолға алынған мемлекеттік қолдауларды пайдалана алады.