«Ескерткіштің авторы, жас кәсіби мүсінші Жеңіс Жұбанқосов. Ескерткіштің биіктігі 6,5 метр», - делінген хабарламада.
Қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері, дархан достықтың даңғайыр иелері: жазушы-драматург Тахауи Ахтанов пен айтулы ақын Қуандық Шаңғыбаев ағаларға арналған ескерткіштің ашылу салтанатында Ақтөбе қаласының әкімі Е.Омаров, Алматыдан арнайы келген Т.Ахтановтың ұлы Дулат Ахтанов, ақын Қ.Шаңғытбаевтың қызы Гауһар Шаңғытбаева сөз сөйлеп, Ақтөбелік ағайындарға өздерінің шынайы алғыстарын білдірді.