Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі - «Қуатты бизнес - Қуатты мемлекет»

Сеулде МЖМӘ жобасын жүзеге асыруда қолданылатын ҚР-ның заңнамалық мүмкіндіктері таныстырылды

Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы Сеулде өткен МЖМӘ орталығы жетекшілерінің 4-інші Азия Форумына қатысты, деп хабарлайды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде13 Желтоксан , 11:36

«Форум барысында Қазақстандық МЖМӘ орталығының басқарма төрағасы Ж.Абиесов денсаулық сақтау, білім беру, қалалық инфрақұрылымды дамыту, ТКШ салаларында Қазақстандағы МЖМӘ жобаларын іске асыру үшін жаңа заңнамалық мүмкіндіктерді таныстырды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ж.Абиесов форумға қатысушыларға Астанада жыл сайын Астана экономикалық форум аясында мемлекет пен кәсіпкерлік әріптестігі конгресі алаңында МЖМК мәселелері бойынша бірқатар жаһандық пікірталас өтетінін айтты.

«Осындай жоғарғы дәрежедегі шараға сарапшылардың қатысуы қазақстандық жастардың іскерлік алаңында МЖМӘ жаһандық дамуы мәселелері бойынша тың идеялар әкеледі», - деі Жомарт Абиесов.

Бұдан бөлек шара барысында Жомарт Абиесов пен Корея даму институтының жеке меншік инфрақұрылымдық инвестицияны басқару орталығының орындаушы директоры Канг Су Ким біріккен шаралардың жоспарына қол қойды.

 




Яндекс.Метрика