«Тәуелсіздікке 25 жыл!» атты ақпараттық автокеруеннің мақсаты – еліміздің және облыстың Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсіп өркендеу, атқарылып жатқан жұмыстарды шалғай елді мекен тұрғындарына жеткізу, тұрғындарды тегін медициналық тексеруден өткізіп, арзандатылған бағамен ауылшаруашылық тауарларын ұсыну, мерекелік концерттік бағдарламалар қойып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлау болып табылады.
Ақпараттық автокеруеннің құрамында: облыс әкімдігі басқармаларының қызметкерлері, зиялы қауым, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ардагерлер, дәрігерлер мен мәдениет саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, барлығы 60 адам бар.
Тұрғындарға: жалпы, 115 тонна азық-түлік тауарлары жеткізілетін болады. Оның ішінде, 30 тонна картоп, 20 тонна пияз, 20 тонна қант, 30 тонна ұн, 4 тонна қарақұмық, 6 тонна 5 литрлік және 1 литрлік өсімдік майлары бар.
Жәрмеңке барысында картоптың килограмы – 55 теңгеден, пияз – 25 теңге, сәбіз – 45 теңге, қант – 220 теңге, ұн – 85 теңге, қарақұмық – 270 теңге және өсімдік майының литрі - 350 теңгеден сатылатын болады.